Ашық және қысаң дауыстылар

тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар
Сыныбы: 5 «Б»
Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі Анесова Ж.К.

Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
білімділік: ашық және қысаң дауыстылардың жасалу жолдарын меңгерту, білімдерін тереңдету;
дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, талдау, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге, еркін пікір айта білуге дағдыландыру;
тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеуге баулу, тілдегі асыл сөздердің мәнін түсіне отырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық тұрмыс –салтты дәріптей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, түсіндірмелі, дидактикалық ойындар
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайдтар
Техникалық құрал: мультимедиялық проектор
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
IV.Мақсат қою кезеңі
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі
VIІ. Бекіту кезеңі
VІІІ. Сабақты қорыту
1.Үйге тапсырма беру
2. Оқушылардың білімін бағалау
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру
«Кереге керу»
1) Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстылар
2)1- қатар. 4-тапсырма. «Оқушы» сөзіне математикалық талдау жасау
3)2- қатар. 5- тапсырма. «Мейірім» сөзіне математикалық талдау жасау
4)3- қатар. 6- тапсырма. «Әдепті» сөзіне математикалық талдау жасау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру
«Сықырлауықты бекіту» Семантикалық кестемен жұмыс
Сөз Дауысты
А Жуан
Ә Жіңішке
Б Дауыссыз
В Қатаң
Г Ұяң
Д Үнді
Е
Ш
а
ң
ы
р
а
қ

Білеміз Үйрендім Білгім келеді

IV.Мақсат қою кезеңі
V. Жаңа материалды түсіндіру
Жақтың қатысына қарай
ашық қысаң
а, ә, о, ө, е, э ы, і, и, у, ұ, ү.

VI.Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу

«Кім жылдам?» ойыны
Басы мен аяғы ашық және қысаң дыбысқа аяқталатын 5 сөзден жазу
VII.Бекіту кезеңі
1.Оқулықпен жұмыс
244- жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, ашық дауыстылардың астын сызу
245- жаттығу. Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс?Дауыстылардың қайсысына жатады? Қысаң дауыстылардың астын сыз.
Сергіту сәті
2.« Фонетика жыр жолында» тапсырмасы. Математикалық талдау жасау. Ассонанс туралы түсінік беру, дауысты дыбыстардың қайталанып келуінің әдеби шығармаларда, поэзияда атқаратын рөліне тоқталу.
3.«Жүйріктен жүйрік озар…» тапсырмасы
1- қатар
«Фонетика» сөзіне бес жолды өлең
1 Зат есім —
2 Сын есім —
3 Етістік –
4 Мағыналы сөйлем —
5 Синоним сөз –
2- қатар
«Ұйқасын тап» тапсырмасын орындау
Ойнақтаған қошақан
Үстің тола ……………..
………………. терейін,
Көмек саған …………..
3- қатар
Бір айналым сөйлеу. «Қыс» тақырыбына мәтін құрай отырып, сөздердегі ашық, қысаң дыбыстарды ажырату

VІІІ.Сабақты қорыту
«Не артық?» ойыны
1.Үйге тапсырма
1) Ашық және қысаң дауыстылар
2) 246-жаттығу. Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар және сол дыбыстардан басталатын бір-бір сөз ойлап, атаңдар.
3) Киіз үй жиһаздарын жазып, ішіндегі дауысты дыбыстарға талдау жасау.
2.Оқушылар білімін бағалау<br />

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше