Қимылды ойын конспектісі
№16 «Дюймовочка» балабақшасы
өткізген МАД тобының тәрбиешісі:
Шалтақова.Э.Ж
Атырау-2012жыл
тақырыбы:Қимылды ойын конспектісі
Мақсаты:
Ойын барысында балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелей отырып, негізгі қимыл-қозғалыстарын жаттықтыру және одан әрі жетілдіру.
Балаларда қимылды ойынды өздігінен ұйымдастырып, өкізу дағдыларын қалыптастыру.Ойын барысында ережені бұзбай тату ойнауларын қадағалау. Балаларды саналы түрде ойын ережелерін басшылыққа алуға және іс-әрекетті ойын ережесіне сәйкес жасауға тәрбиелеу. Ойын ережелерін дәл орындауды талап ету балаларды ұстамдылыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке тәрбиелеуге көмектеседі және балалардың белсенділігіне, ақылдылық пен тапқырлық көрсете білуіне кедергі болмайды.
Ұйымдастыру кезеңі:
Қимылды ойын өтетін бөлмені немесе алаңды дайындауды балаларға толық тапсырып, олардың іс-әрекетін бағыттап отыру.
Ойын шартын түсіндіргенде кейіпкердің мінез-құлқы мен қимыл әдістерін елестеткізу және ойын шарты мен ережесін дұрыс түсінуіне мән беру.
Санамақ арқылы жүргізуші екі бала, қызыл мұрынды Аяз және көк мұрынды Аяз тағайындалады.
Ойын барысы:
Алаңның қарама-қарсы жақтарында сызықпен екі үй белгіленеді. Ойнаушылар осы екі үйдің біруіне орналасады.Жүргізуші екі бала, екі Аяз (қызыл мұрынды-Аяз және көк мұрынды-Аяз) алаңның ортасына барып, балаларға тура қарап тұрады.
Біз екі жас бауыр ек,
Екі Аяз жау жүрек.
Мен Аязбын- қызыл мұрын
Мен Аязбын-көк мұрын.
Күмілжімей айтындар,
Шығар жолға қайсың бар?
Барлық ойнаушылар хормен жауап береді:
Бопсадан біз сескенбейміз,
Аязғада дес бермейміз.
Осыдан кейін олар екінші үйге жүгіріп өтеді, ал Аяздар оларды үсітпекші болады. (қолдарын тигізеді) Үсігендер Аяз тиген жерде қатып қалады. Олар жүгірісіп өту аяқталғанша тұрады. Аяздар неше ойыншыны үсіткенін санап шығады. 2-3 жүгірістен кейін қайтадан Аяздар сайланады. Ойынның ең соңында Аяздардың қайсысы көбірек ойнаушыны үсіткені есепт еліп шығарылады.
Нұсқау:
Үйшіктен сигналдан бұрын жүгіріп шыққан немесе сигнал берілгенне кейін үйшікте қалып қойған бала үсіген болып есептеледі.
Сараптау және қортындылау:
Балалар ойынды тәрбиешінің бақылауында өз беттерімен ойнады және де ойынға жауапкершілікпен қарап, ережені бұзбай ойнауға тырысты. Балалар ойынды аса қызығушылықпен ойнады. Ойынды басқарушыны таңдауда да балалардың қызу араласуымен таңдалды. Балалар саналы түрде ойын ережелерін басшылыққа алды және олардың іс-әрекеті ойын ережелеріне сәйкес жасалды.<br />
