Тәуелсіздік туы желбіресін !

Тақырыбы: Тәуелсіздік туы желбіресін !

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігне қол жеткізгенімізді , осы жолда талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын ұғындыру. Отанды сүюге , құрметтеуге , ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. Туған елге, жерге деген сүйіспеншлігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар, желтоқсан құрбандарының суреттері, шар, үнтаспа, видеопроектор,т.б.

Әдісі: сахналық көрініс, әңгімелеу, тарихи шежіре, бейнефильмдер көрсету.

Барысы:

І. Ұйымдастыру. Сынып бөлмесін безендіру, оқушыларға тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай төс белгі тағу.

ІІ. Негізгі бөлім.

Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, ата-аналар және оқушылар! Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындарды , зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі Алматы қаласында болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себептерін бір жақты қарап, бір ауыз сөзбен түсіндіру мүмкін емес.
Міне, біз бүгін желтоқсан оқиғасына байланысты ой толғап, тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымызды еске ала отырып, егмендігімізді мәңгілік ту етіп көтермекшіміз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны айтылады. (экранда слайд)

1-жүргізуші
Қазақ дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп, қуанған- деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші ?

2-жүргізуші
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

1-жүргізуші
Болмасам да, сол кезде мен сеземін,
Жүректе намыс оты сөнбегенін.
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

2-жүргізуші
1986 жылы болған оқиға халық жүрегінде мәңгі сақталады. Біздің бүгінгі елдің тәуелсіздігі үшін өмірін қиған жауқазындай ұл-қыздарымыздың рухына арналады.

1-жүргізуші
1986 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Дінмұхаммед Қонаев тың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды

2-жүргізуші
Оның орнына Ресейден келген Геннадий Колбин сайланды. Төтенше өткен Пленум 18 минутта аяқталды. Сондықтан 1986 жылы 16-17-желтоқсан күндері Алматы қаласында қазақ жастарының толқуы етек алды. Наразылыққа жылдар бойы қолданған себептер түрткі болды.

«Алаңдағы жастар» (жәй әуенмен ұрандатып, қолдарына плакаттар, суреттер ұстап көтеріліске шыққан көрініс)
«Желтоқсан желі» әуені жіберіледі (сахналық қойылым)

Хабарлаушы:
Алматы алаңындағы дүрбелең басылар емес, Колбинді тақтан тайдырмақшы болған қазақ жастарының екпіні басылмады. Совицкийдің өліміне тікелей қатысы бар деген айыппен тергеушілер жалған фактілер жинап, Жамбыл Тайжұмаевқа 4 жыл, Қайыргелді Күзембаевқа 14-15 жыл , Ертай Көпесбаевқа 4 жыл арқалатып, ал 21 жастағы совет құрылыс академиясының 1-курс студенті Қайрат Рысқұлбековке өлім жазасын кеседі .

(Осы кезде екі милиция Қайратты ортаға желкелеп алып шығып, тепкіге алады)
Милиционер:
– Сен милиционерді итеріп жібердің де, бір адамды ұрдың ғой?
Қайрат:
– Жоқ, мен Абай көшесімен келе жатқанымда 40-45 жастағы қазақ милиционер тап беріп, жазықсыз қыздарды шашынан сүйреп, лақтырып жіберді. Бұл озбырлыққа шыдай алмай , оны қуа жөнелдім…
Сол ыза кек кеудемді кернеп сол күні алаңға шыққанда кездескен милиционерді кеудесінен итеріп жібердім.
Милиционер:
– Совицкийді сен өлтірдің ғой, мойында!
Қайрат:
– Жоқ, Мен өмірімде адам түгілі тышқанды да өлтіріп көргенім жоқ.
(жәй әуен жіберіледі, Қайрат аяғын, ішін ұстап жәйлап отырады. Сол кезде бір кісі бөлме сыпырып жүреді)
Қайрат:
– Ағатай, ағатай , өтінемін! Мына хатты алыңызшы, ішінде жазылған мекен-жайға апарып беріңізші, өтінемін.
Еден сыпырушы:
– Жақсы, мен сені, сен мені көрген жоқсың.
Қайрат:
– Рахмет, ағатай.
(Еден сыпырушы шығып кетеді. Полиция келеді де, Қайратты ортаға алып, өлім жазасын күтіп тұрады. Әлсіз Қайрат анасына жазған хатын ойлап тұрады)

Ана көрінісі (анасы бір шетте жылап-еңіреп хатты оқып отырады.Қайраттың дауысымен запись арқылы хат оқылады.)

Қайраттың хаты.
Құрметті қаракөз қарындастарым мен жылы жүзді жеңгейлер! Анашым менің !
Шын жүрек, ақ көңілмен алғашқы көктемнің 8-март халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Қамқоршы әкем және ағаларым, жәрдем берер жағаларым ! Асыл анашым! Мына хат сендердің қолдарыңа жетер-жетпесін кім біледі ? Егер жетсе, сендерді жақсы көретінімді

айтқым келеді. Сенің ақ сүтіңді ақтай алмай кететініме өкінемін.Әттең, сенші маған анашым, мен жамандық жасағаным жоқ. Кісі өлтірді дегендері жала. Менің айыбым ұлтымыздың намысын таптатқым келмегені. Алаңға шыққан әрбір қызды өзімнің қарындасымдай көрдім. Оларды мұзға отырғызып, шаштарынан сүйреп, үстеріне су шашқанда , ағатайлар көмектесіңдер деп, шырылдаған дауыстары шыққанда, ет жүрегім езілді. Уақыт өтер, бәрі өзгерер, әлі еліміз егемендікке қол
жеткізсе, бейбіт заман орнайтынына сенемін. Қош бол, анашым ! Қош бол, қарындастар ! Қош бол, халқым менің !

(Оқып болған бойда, милиционер белгі береді, мылтық дауысы шығады, Қайрат өледі. Анасы еңіреп жерге отыра қалып, қолындағы хаты жерге түсіп жоқтайды )
Анасы:
– Ботам – ау, кішкентай құлыным-ау, сен мені тастап кеткенің бе?! Ботам-ау, ботам-ау, балапаным-ау, менің! Мен сенсіз қалай өмір сүремін !
Хабарлаушы:
Қайрат 21 жасында, 21-камерада, 21-<br />

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше