Сақта жолдың тәртібін!

Такырыбы:Сақта жолдың тәртібін!
Мақсаты: 1) Оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;
2) Жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана
білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
3)Оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері
Мұғалім:
Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі \\\\\\\\\\\\\\\\"Сақта жолдың тәртібін\\\\\\\\\\\\\\\\" атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер! Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қалып
Сыза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Нұршат: Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.
жүргізуші:
Ұл – қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз,
Біздер-қазақ баласы,
Сәлем – сөздің анасы,
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады гой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Жиынымыз басталсын сәлемменен.
Бүгінгі сабағымызды 4-топқа бөліп өткізгелі отырмыз.Ендігі кезекті бөлінген топ атауларымен және ұрандарымен танысайық.

I топ. \\\\\\\\\\\\\\\\"Бағдаршам\\\\\\\\\\\\\\\\"
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.
II топ. \\\\\\\\\\\\\\\\"Жол белгілері\\\\\\\\\\\\\\\\"
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
III топ. \\\\\\\\\\\\\\\\"Жүргізуші\\\\\\\\\\\\\\\\"
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!
IV топ. \\\\\\\\\\\\\\\\"Қиылыстар\\\\\\\\\\\\\\\\"
Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Жүргізуші:Хор: \\\\\\\\\\\\\\\\"Бағдаршам\\\\\\\\\\\\\\\\".әні
Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата – ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

Жүргізуші:Топ мүшелері өз топтарының қыр –сырымен таныстырады.Бағдаршам тобы бағдаршамның шығу тарихымен таныстырады.

I топ. \\\\\\\\\\\\\\\\"Бағдаршам\\\\\\\\\\\\\\\\"
(Бағдаршамның шығу тарихы жәйлы баяндайды.)

1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.
2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
3-оқушы: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
4-оқушы: Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
5-оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.
Бағдаршам
Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес,үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек,аңғарсаң.

Көзі алыста қалт жібермей қырағы,
Бір көз жанса ,қалғаны өшіп тұрады.
Қызыл,сары,жасыл түсті көздердің
Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады.

Қ-Қызыл түс-қимылдама ,баспа алға,
Қиылыста қарап тұрма аспанға.
С-Сары түс-сәл сабыр ет,дайындал,
Ж-Жасыл түс,жүре бергін,жасқанба.

жүргізуші:
Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес Жол журу ережесін білмей тұрып
Келесі кезекті жол белгілері тобы өз сырларымен бөліседі.

ІІ топ. \\\\\\\\\\\\\\\\"Жол белгілері\\\\\\\\\\\\\\\\"
Қиылыста,жол шетінде,бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.
Жүресің бе,жүрмегенің дұрыс па.
Не істу керек?Соған қарап ұғасың,

1-оқушы: Үйрен таппай тыным бір.
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең.
Тартар жолың бұлыңғыр.
2-оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен бол�<br />

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше