«Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы

Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін , ой ұшқырлығын , оқуға ынтасын арттыру.Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.оқушылардың ұйымшылдыққа,нақты пәнге қызығушылыққа, жауаркершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс сағаты.
Сабақ типі Ойын түрінде.
Жоспары:
1.Таныстыру.
2.Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3.Біліктілік сайысы ( есептер шығару)
4.Математикалық сұрақтар.
5.Ойымды жалғастыр. (мақал-мәтелдер)
6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
7. «Математиканың қажеті бар ма , жоқ па?» пікір сайысы
Қолданылған нақыл сөздер:
1.Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В. Ломоносов)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға « Жай бөлшек» , «Аралас сан», « Натурал сан» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, – дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
І.кезекте амандасу рәсімі. І топ « Жай бөлшек» тобы
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесу:Жай бөлшектер ,бөлшектер,
Алым менен бөлімнен
Үш түріне бөлінген,
Дұрыс пенен бұрыстан
Және оған кіреді.
Бүтіні бар аралас
Таныстыру: Жай бөлшектің қасиетерін айту
ІІ топ. «Аралас сан» тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Бес адамнан құралған
Аралас тобы боламыз
Бүркіттей самғай
Қайратымыз талмай
Топ беделін көтеріп
Биіктерге жетеміз.
Таныстыру. Аралас сандар туралы айту
ІІІтоп. «Натурал сан» тобы
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесу: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз
Білімменнен қаруланған тобымыз,
Қарлыласты қалай да біз жеңеміз.
Таныстыру: натурал сан туралы айту
Жүргізуші: Әділқазы алқасынан І сайыстың қорытынсын сұраймыз.
ІІ Тапқырлық сайысы ( әр топқа логикалық есептер беріледі)
І топ.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты , оның бір бұрышын арамен кесіпп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
ІІ топ
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшыы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе , 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 мин)
3. 1 т мақта ауырма , 10 ц темір ауыр ма? ( тең)
ІІІ топ
1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр.Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар . Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
ІІІ «Біліктілік» сайысы ( тапсырма карточка бойынша беріледі)
1 топ
1) Көбейтуді орында:
2) Өрнектің мәнін табыңдар:
3) 8 –ның -ін тап
2 топ
1) Көбейтуді орында:
2) Өрнектің мәнін табыңдар:
3)
3 топ
1) Көбейтуді орында:
2) Өрнектің мәнін табыңдар:
3) 12 –ның

IV Математикалық сұрақтар ( әр топқа 5 сұрақтан)
І топ
1.Ең кіші үш таңбалы сан?
2. 5 ке , 10 ға қандай сандар бөлінеді?
3. Жай бөлшек дегеніміз не?
4. 100 жылдың басқа атауы?
5.Кеміту амалы?
ІІ топ
1. 7 санына кері сан?
2. 9*6=? тең?
3.Дұрыс , бұрыс бөлшек дегеніміз не?
4. Уақыт өлшем бірлігі
5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз.
ІІІ топ.
1.Ең кіші 3 таңбалы сан?
2. 3 ке, 9 ға қандай сандар бөлінеді?
3. Аралас сандар дегеніміз не?
4. 10 санына кері сан?
5. 16 санының бөлгіштерін атаңдар?
V . Ойымды жалғастыр сайысы ( әр топ шапшан жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, … (жеті түрлі білім біл)
2.Білекті бірді жығар, … (білімді мыңды жығар)
3.Екі жақсы қас болмас, … (екіі жаман дос болмас)
4.Досынды үш күн сынама, … (үш жыл сына)
5.Бір елі ауызға- … (екі елі қақпақ)
6.Жүз сомның болғанша, … (жүз досың болсын)
7.Отыз тістен шыққан сөз, … (отыз елге тарайды)
8.Білгеннің бір тоғыз, … (білмегенің тоқсан тоғыз)
9.Бір кісі қазған құдықтан, … ( мың кісі су ішеді)
VI «Сөз жұмбақ» сайысы (әр топқа бірдей тапсырма, карточка беріледі) Есептер жауабына сәйкес кестені толтырса , ұлы ғалымдардың аты шығады.

1 9

Д. 15-тің М. А. 8 санына кері сан Х. Е. есепте? И. 3 Р. Есепте
VII «“Математиканың қажеті бар ма , жоқ па?”
пікір сайыс

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше