І.Жансүгіров “Жазғытұрым”

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

№ 46 жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Ахметова Гульфайруз Гайнуллиевна

3 – сынып

Тақырыбы: І.Жансүгіров «Жазғытұрым»

Мақсаты: «Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқи отырып мән – мағынасын ашқызу,

өз ойларын айтып ортаға ой бөлісу, белсенділіктерін шыңдай түсу.

Күтілетін нәтиже: 1.Мәнерлеп оқу арқылы өлеңнің мағынасын түсінеді.

2. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасай отырып,дүниетанымы

кеңейеді,сөздік қоры молаяды және өз пікірін ашық айта білуге

үйренеді.

3. Топпен жұмыс істей отырып,өзгенің пікірін құрметтеуге,

ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап, топтық жұмыс, «бес жолды өлең»,ассоциация.

Оқыту технологиясы:Сыни тұрғыдан ойлау

Көрнекілігі: Ілияс портреті, сызбалар,суреттер,әндер.

Барысы: 1.Қызығушылықты ояту.

Амансың ба? Алтын күн!

Амансың ба? Көк аспан!

Амансың ба? Достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

– Балалар,бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан да ерекше болмақ.Сабағымызды жақсы өткізіп,келген қонақтарымызға білімімізді көрсете білейік. Оқушылар мен сендерді 3 топ бөліп,отырғызамын.Топтарымыздың аты әсем гүлдермен аталмақ:

1. Бәйшешек 2. Жауқазын 3. Жанаргүл

Қазір, балалар, мен сендермен бірге өткенді қайталау мақсатында «Күннің жылы сезімі»атты ойынымен бастайық.Мен сендерге түрлі дыбыстардың әуенін естіртемін,қай топ сол естілген әуен ненің дыбыстары екенін тапса, сұрақтар қойылады, сол сұрақтардың жауабын нақтылап жауап берелік.

1. «Дарынды суретші» әңгімесінде кім туралы айтылған?

2.Күш атасы, әлем чемпионы кім?

3.Ержүрек, батыр апаларымыз кімдер?

4.«Шәкірт балаларға»өлеңінің авторы кім?

5.Дина күйшіміздің ұстазы кім?

III. Мағынаны тану.

Міне,балалар,жан -жануарлар,құстар,жаңбырдыңжауғаны,судың сылдырағанын,күн көзін барлығын бір атаумен қалай атауымызға болады-Табиғат . Ендеше,бүгінгі күнде үлкен тарауымыз Табиғат – тіршіліктің белгісідеп аталады.

Ал, балалар, қазіргі кезде айналамызға көз салсақ, табиғатымыздың қандай өзгерістерін байқадыңдар? Иә, дұрыс айтасыңдар, күн жылынып, қар еріп, жер көгергенін жылдың қандай мезгілі деп айтар едіңдер?– Көктем.

«Көктем» мезгіліне оқушылармен бірге ассоциация әдісін құрау. Мына суреттерден табиғаттың көктем мезгілінің өзгерістерін көріп тұрсыңдар. Ендеше,табиғатымыздың сұлулығын тамсандыртып,жырға бөлеп жүрген ақындарымызда аз емес,Сондай ақынымыздың бірі -Ілияс Жансүгіровтың«Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз. Дәптерлерімізді ашып,тақырыбымызды жазып қойыңдар.

1.Ілияс Жансүгіровтың өмірбаяны жөнінде мәлімет беру.

2. «Жазғытұрым» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқып, өлең мазмұнына түсінік беру.

3.Сөздік жұмыс. Көк майса- шүйгіні мол, шалғын жер.

Желіндейді- малдар төлдеп,сүтке толысуын.

IV. Оқулықпен жұмыс

Ал,енді оқулығымызды ашып,өлеңді тізбектей оқып,түсініксіз сөздердің астын сызып отырыңдар.

а\ Іштей оқу.

б\ Дауыстап, әр қатардан бір- бірден мәнерлеп оқу.

в\ Сұрақ-жауап. 1. Ақын өлеңінде қандай мезгілді суреттеген?

2. Көктем мезгілінің табиғаттағы қандай өзгерістерін байқадыңдар?

V. Топпен жұмыс

1-топ.Көктем мезгілін суретін салып,мазмұндау.

2-топ.Көктемде ұшып келетін жыл құстарын жазып,қалаған құсыңа сөйлем құра.

3-топ.Көктем мезгіліне өлең құрастыру.

Сергіту сәті.Көктем вальсі.

VI. Шығармашылық тапсырма

1-топ Көктем мезгіліне әңгіме құрап жазу.

2-топКөктем айларын атап, мерекелеріне байланысты сөйлем құрай біл.

3-топНе? Қандай? Не істейді? Сөйлем. Синоним. «бес жолды өлең» құрастыру.

VI.Толғаныс.«Қыс пен Көктем» мезгілдерінің ортақ қасиеттерімен, айырмашылықтарын салыстырту. Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері бар екендіктеріне көз жеткізіп,ой қорыту.

VI.Бағалау. Бүгінгі сабағымызға жақсы қатынасқан топ ішіндегі оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып,жаттау.Өлең мазмұнына сурет салу.

Қорытынды. Оқушылар бүгінгі сабағымызға жақсы қатынастыңдар. Осылай өз білімдеріңді көрсетіп,алда жүрулеріңе тілектеспін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше