«Жүрек жылуы»

Облыс, аудан, ауыл: Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы
Мектеп: «Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ
Пән мұғалімі: бастауыш сынып мұғалімі
Аты-жөні: Ахметова Салима Ахметбековна

Тақырыбы: «Жүрек жылуы»

Мақсаты:

1.Меірімділік , қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту. С.АНазарбаеваның еңбектері жайлы мағлұматтар беру.

2.Сөздік қорын байыту, жадын, зейінін дамыту.

3.Мейірімділікке , бірлікке баулу.

Көрнекілігі: Коллаж «Тау көрініс», баспалдақтар, Х-мырза, Сара Назарбаеваның суреті, сөздері нақыл сөздер.

Сынып: 3 «А»

Сабақ барысы:

І.Шаттық шеңбер:

Кел , балалар, ортаға,

Үлкен шеңбер құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Әрқашан дос болайық.

  • Қол ұстасып бір – бірімізге күлімдеп қарап, қуаныш сыйлайық.

ІІ.Кіріспе. Сұрақ –жауап.

  • Жылы жүрек дегенді қалай түсінесің?
  • Қандай адамды жылы жүректі дейді?
  • Жылы жүрек сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?
  • Өздерің мейірімді ісжасаған кездерің болды ма?

ІІІ.Аңыз айту. «Бақытқа апапап жол» – өте қиын, ауыр. Кедергілері көп.

«Х» мырза үш баспалдақ ойлап тапты.

Атақ

Билік

Ақша

IV. Шығармашылық жұмыс.

1)Баянсыз, тұрақты, мықты еместігін дәлелде.

І – топ –атақ.

ІІ – топ – билік.

ІІІ – топ –ақша.

2) Өзіміз баспалдақ тұрғызып, дәлелдейік.

І – топ-бірлік

ІІ –топ-еңбек

ІІ топ –меірім мен махаббат

Тыныштық сәті.

Баяу, әдемі классикалық әуен орындалады. Көзді жұмып жүректің соғуын тыңдаймыз. Жүрек мейірімге толып алтын нұрға боялды. Алтын нұр бүкіл денемізге жайылып, бойлап барады…

V.Шығармашылық жұмыс. Сурет салу.

-Дүниедегі, сенің өміріндегі ең мейірімді адамды сурет арқылы бір зат бейнесінде бейнеле, түсіндіріп бер.

VI.Оқушылардың әңгімелеуі.

VIIС.А.Назарбаева туралы деректер беру – алдын ала берілген тапсырма.

  • С.А.Назарбаева -«Бобек» қорының президенті, жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа нормасы «Балалар ауылын құрды. Өзін-өзі тану пәні бағдарламасының авторы. «Өмір әдебі, «Өзіңе жол», т.б кітаптар бар».

VIII.Топтық жұмыс. – Нақыл сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндір.

І-топ-Біздің ата-бабаларымыз біреудің қақ төріне шығу үшін, меймандарына төрден орын беріп, құрмет –сый көрсете білген» – Н.Назарбаев.

ІІ –топ –«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» – Абай

ІІІ – топ – «Кең болсаң – кем болмайсың» – халық нақылы.

IX. Жүректен – жүрекке.

Түрлі – түсті ленталардан уықтар құру. «Не мейірімді, кім мейірімді».

  • Тұп-тұнық аспан мейірімді!
  • Күлімдеген күн …!
  • Мөп-мөлдір су …!
  • Кіршіксіз ақ қар …!
  • Аяулы анашым … .
  • Елімізді басқарған … !
  • Үлкен жүректі Сара апамыз! Т.б

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше