“Өткен материалды пысықтау”

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

М.Б.Ықсанов атындағы 36 орта жалпы
білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Елешова Нурия Жумагазиевна

Сабақтың тақырыбы: Өткен материалды пысықтау

Сабақтың мақсаты: Теңдеудің күрделірек жаңа түріне есептер шығарту, есептеу дағдыларын жетілдіру.Наурыз мерекесі туралы түсініктерін, ұлттық ойындар туралы түсініктерін кеңейту.Оқушыларды шапшаңдыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық сабақ

Сабақтың типі: білім, білік, дағдыларын тиянақтау

Сабақтың әдісі: жеке, ұжымдық жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі: асықтар, слайд, тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгелдеп, құралдарын дайындап, зейіндерін сабаққа аударам

ІІ .Психологиялық дайындық

Қол ұстасып тұрайық, жылы жүзбен

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

ІІІ. Мақсат қою

Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр.Бүгінгі біздің математика сабағының мақсаты разрядтан аттау арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерінен, теңдеу шешуден алған білімдеріңді көрсету, білгендерімізді қонақтарғажылдам ойлап, шапшаң жауап беріп, білімімізді көрсете білейік.

– Балалар, қазір қандай ай?

– Наурыз айы

– Ендеше осы наурыз айын топтастырып көрейікші.

– Алда қандай мереке келе жатыр?

– Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесі

– Наурыз мерекесінде адамдар не істейді?

– Дастархан жаяды, ұлттық тағамдар пісіреді, ұлттық ойындар ойнайды, қазақтың салт дәстүрлерін көрсетеді.

– Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр, жаңағы айтып өткен Наурыз мерекесінде ойнайтын ұлттық ойындар арқылы өтпек.Ол үшін мына ребусты шешу арқылы ойынның түрін білеміз.

6,,

Алтыбақан

-Алтыбақан–қатысушылар санына шек қойылмайды. Алты бақан далада, алаңда, алаңқайда көбіне көктем, жаз кештерінде өтеді. Алты бақанды әзірлеу және ойын шарты: тербелетін тұғыр жасау үшін ұзындығы 3,5-4 метрлік алты бақан және үш мықты арқан керек. Алты бақан әрқайсысы үш-үштен мосы тәрізді етіліп ара қашықтығы 50-70 сантиметрге жерге төбелері түйістіріліп орнықтырылады да оған көлденең арқалық ағаш байланады. Ал үш арқанның ұшын сол көлденең арқалыққа бекітеді. Арқанның ұзындауы аяқ тиреуге, қалған қысқалау екеуі – отыруға бейімделеді. Әдетте қыздар мен бозбалалар жұп-жұп болып, алма-кезек ауысып тербеледі де әуелете ән шырқайды. Қалған ойыншылар өз кезектері келгенше әнге қосылып, көңілді күлкі, шат думан түннің біруағына дейін созылды.

– Алтыбақан ойынын ойнау үшін мысал 1 -ді ауызша орындаймыз.

Мысал 1

43+14=57 12+28=40 60-24=36

58+14=72 42+28=70 84-24=60

79+14=93 14+28=42 87-24=63

19+14=33 44+28=72 90-24=66

– Бұл қандай сурет, қандай ұлттық ойынның түрі?

– Қыз қуу

– Қыз қуу туралы не білесіңдер?

Қыз қуу – ойыны бір тегіс, жұмсақ топырақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлыған, сынаптай сырғыған ептілікті, шабандоздық шеберлікті таныты білулері керек.

– Қыз қуу ойынын ойнау үшін мысал 2- ніорындаймыз.Ол үшін І,ІІІ бағанды қыздар орындайды, ІІ, ІV бағанды ұлдар орындайды.

Мысал 2

23+58=81 45+36=81 34-17=17 81-38=43

34+47=81 56+25=81 100-39=61 90-52=38

67-18=49 67+14=81 78-19=59 74-69=5

– Келесі ойынның түрін анықтау үшін, мына логикалық тапсырманы орындаймыз.

– Иә, аударыспақ ойыны.

Аударыспақ – салтаттылардыңбірін-біріерүстіненаударыпалусайысы. Бұлойынғақайрат-күшімол, батылдатөзімді, шапшаңқимылдап, атқұлағындаойнайбілетінжігіттерқатысады. Ежелгізаманнанкележатқанбұлойынжаугершіліккезінденайзаұстап, қылышшабатынжауынгергеқажеттіқасиеттердіқалыптастырған. Аударыспақкәзіргікездедешопандартойында, мерекелердеспортойынныңбіртүріретіндекөрсетіліпжүр.

– Аударыспақ ойынын ойнау үшін есеп 3 ті орындаймыз.

Есеп 3

А) Болғаны – 77 балық

Сатылды- І күні – 28 балық және ІІ күні – 25 балық

Қалғаны-?

Шешуі: 77-(28+25)=24

Жауабы: аквариумда 24 балық қалды.
Ә) Болғаны- 77балық

Сатылды – 28 балық

Әкелінгені-25 балық

Барлығы -?

Шешуі: (77-28)+25=74

Жауабы: аквариумда барлығы 74 балық болды.

ІV.Сергіту сәті

– Қаражорға биін билеу.

– Келесі ойынның түрін анықтау үшін, жұмбақ шешіледі.

– Асық ойыны

Асықойыны- негізіненербалаларғатән. Асықойнауүшінкеректіқұралдыңеңнегізгісі – сақа..Асықойынынжаздыкүнітақыржердеойнайды. Бір-бірінеқарсыекібаланебірнешебалаекітопқабөлініпойнауларымүмкін. Ойынныңнегізгішартыбір-біріненасықұту.

– Асық ойынын ойнау үшін есеп 4 ті шығарамыз

Есеп 4

Х+8+17=42

х+25=42

х=42-25

х=17

17+8+17=42

42=42

– Енді балалар келесі ойынды табу үшін экранға назар аударамыз.

– Бұл қандай сан?

– Дұрыс, енді осы тоғыз санынан басталып, оймен ойналатын ұлттық ойын?

– Тоғызқұмалақ

– Тоғызқұмалақ ойынын ойнау үшін мына мысал 5 орындаймыз.

Мысал 5

67+х=56+34 70-а=50-25 х-(90-50)=45 (78+22)-х=30

67+х=90 70-а=25 х-40=45 100-х=30

Х=90-67 а=70-25 х=45+40 х=100-30

Х=23 а=45 х=95 х=70

67+23=56+34 70-45=50-25 95-(90-50)=45 (78+22)-70=30

34=34 25=25 45=45 30=30

– Келесі ойынның түрін анықтау үшін мына тапсырманы шешеміз.

Көкпар

Мысал 7

Цирк қойылымы сағат 17-де басталады.Егер баланың жолына 40 минут кетсе, қойылым басталардан 20 минут бұрын келу керек болса, үйден қаншада шығу керек?

V.Қорытындылау

Ойын «Орамал тастамақ»

– Бүгінгі сабақ ұнады ма?

– Несімен?

– Сабақта біздер қандай есептер шығардық?

– Мазмұнды есептің біздер несіне тоқталамыз?

– Шаршы дегеніміз не?

– Қосудың компаненттерін ата?

– Азайтудың компаненттерін ата

VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма: Мысал 6

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше