Табиғаттағы су айналымы.
Дүниетану 4 класс
Сабақтың тақырыбы:Табиғаттағы су айналымы.
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың төменгі сыныптарда су жайлы алған білімдерін пысықтай отырып,судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру.
2.Судың маңызы туралы танымдарын кеңейту,ізденімпаздық,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
3.Суды үнемдеп жұмсау,қорғауға тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнепілігі:слайдтар,глобус
Сабақтың типі :жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдері:СТО элементтері
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру.
Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Мен не білемін? Пайдалы қазбалар қоймасы./қоржыннан пайдалы қазбаларды алып,жауап беру)
Түрі …
Түсі …
Ерекшелігі …
Қолдануы …
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Қызығушылықты ояту:
Алгоритмдік сұрақтар:
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді.
-Бұл не?
-Су
– Қандай? (түссіз,мөлдір,тұщы,ащы,иіссіз)
-Түрлері (өзен,көл,теңіз,бұлақ,мұхит)
-Күйі (мұз,бу,сұйық)
Тағы не білеміз?
Топтастыр!
ІV.Жаңа білімді меңгерту
.Мағынаны тану.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Су-ғажайып зат.Сусыз тіршілік етпейтін ағза кездеспейді. Су-табиғатты ең көп таралған зат.Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық.(Глобустан көрсету) Судың кереметі- оның жер бетінде тынымсыз айналыста жүруі./Судың табиғаттағы айналымы слайд б-ша түсіндіріледі./
1. Күн сәулесінің қызуынан мұхит,теңіз,көл,өзен суы буланып,ауа қабатына барады.Сонымен қатар топырақ,өсімдік,жануарлардан буланған субуы ауа қабатына көтеріледі.
Ауаның салқын қабатында су буы қоюланып,бұлт түзеді.Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып,құрлыққа оралады.Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді./Бұлт туралы білімдерін еске түсіру./
Күн қыздырғаннда қайтадан буланып,ауаға көтеріледі.
Мәтінмен жұмыс.Білімді алғашқы бекіту.
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Ойын «Иә», «Жоқ»
-Жер бетінің үштен бір бөлігін су алып жатыр./жоқ/
-Су табиғатта тынымсыз айналыста болады./иә/
-Күн сәулесінің қызуынан су буланып, ауа қабатына бармайды./жоқ/
-Ауаның салқын қабатында су буы бұлт түзбейді./жоқ/
-Сусыз тіршілік ететін ағза кездеседі./жоқ/
-Ағзалар денесі ден пайызына дейін судан тұрмайды./жоқ/
V.Қорытынды. «Ой қорыту»
«Меніңше…»
І топ.Судың пайдасы.
ІІ топ.Судың зияны.
Деректер мен дәйектер.
- 1,5 литр су адам ағзасында азайса, адам шөлдейді.
- 6-8 % су азайса адам есінен танады.
- 10% азайса, сілекейін жұтады.
- 12 % азайса, адам өліп кетеді.
- Адам су ішпей 1 апта ғана шыдай алады.
Н.Ә.Назарбаев
«Жердің де,судың да иесі-жас ұлан» демекші,келешекте суымыздың тұнығының лайланбауы-сендердің қолдарыңда.
Қазақ тілі. 3 класс
Тақырыбы: Қаратпа сөз.
Мақсаты: 1. Оқушыларға қ аратпа сөз туралы түсінік бере отырып,тыныс белгілерінің қойылу ережелерімен таныстыру.Сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтау.
2.Тіл байлықтарын,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Сауатты,әдемі жазу дағдыларын дамыту.
3.Оқушы лар бойындағы патриоттық ,жауа пкершілік сезім қалыптастыра отырып ,әсемдікке ,ұқыптылыққа баулу.
Көрнекілігі: слайдтар: шырша моделі ,ережелер,
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас.
Әдіс –тәсілдері: СТО стратегиялары.
Барысы: I Ұйымдастыру .
Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.
II Тірек білімді өзекті ету.
1.Сөйлем туралы алған білімдерін еске түсіру .Кестелердегі сұрақты оқу жауап берілген жағдайда келесі беттегі жылан жылындағы елімізде болған оқиға бейнеленген суреттер ашылады.
– Сөйлем дегеніміз не?
– Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
– Хабарлы сөйлем дегеніміз не ?
– Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
– Лепті сөйлем дегеніміз не?
-Жай сөйлем дегеніміз не?
-Жалаң сөйлем, жайылма сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
-Бастауыш, баяндауыш дегеніміз не?
Балалар сұраққа дұрыс жауап беру арқылы жылан жылында елімізде болған елеулі оқиғалар жайлы еске түсірдік .Келешекте бұдан да биікке қол жеткізуге,Қазақстанның өркендеуіне сендер де үлестеріңді қосуларың керек.Ол үшін терең де,сапалы білім керек.
II Жаңа сабақ.
1.Қызығушылықты ояту.
Ребус шешу(Жаңа жыл шыршасының бөліктеріне жазылған ребусты шешіп, оқушылар мерекелік шыршаны құрайды.)
Ребустың шешуі: Қаратпа сөз.
2.Мағынаны тану.
Кестелермен жұмыс. Сөйлемдерді салыстыру.
Арайлым кітапханаға барды. Арайлым кітапханаға бардың ба?
Әжем ертегі айтып берді. Ертегі айтып беріңізші, әже .
Ереже:Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады.ондай сөзді қаратпа сөз дейді.
Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады.(Тыныс белгілерінің қойылуы түсіндіріледі)
3. Білімді бастапқы бекіту.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
а) Өлеңді оқыту.
Сәлем , қымбатты достарым!
Сәлем, қадірлі ұстаз!
Армысыз, әже!
Ата ,қайырлы таң!
ә) Кімде қаратылып айтылған ? Қаратпа сөзді табу.
4. Жаттығу жұмысын орындату.
3-жаттығу
1.Мәтінді оқыту.
2.Қаратпа сөзді тапқызу.
3.Мәтінді көшіру.
( Тақтада 4 оқушы орындайды)
- Шырағым ,Кәмаш,мына Қарасақалдың баласы саған бүлдірген әкепті.Өзі бұрын есік ашпаған бала екен,жақсылап көйлек кигіз.
- Иә,балам оқып жүрсің бе?
- Оқып жүрмін ,Абай ата.
5.Сергіту сәті.Жылқы жылы келеді.Жылқының тапсырмасы.
Жылқының әнін айтқызу.
6. Жатқа жазу.Аяз Ата келеді.Аяз Ата тапсырмасын орындау.
- Өлеңді оқыту.
- Өлеңді жаттау.
- Жатқа жазу.
- Тексеру(жұппен жұмыс)
Күлдірген-ай, Күлдірген!
Жуамын деп еденді,
Үйдін ішін бүлдірген.
Күлдірген ау,Күлдірген!
7. 5-жаттығуды орындату.
Суреттердің мазмұнына лайық сөйлемдерді мәтіннен таңдау.
- I қатар. Қарға қарқ етті.Ірімшік жерге түсті.Түлкі ірімшікті жеп қойды.
II қатар. Осы кезде түлкі келді.Ол қарғаны мақтай жөнлді.
III қатар.Қарға ірімшікті тауып алды. Ол ағашқа қонды.
- Қарамен жазылған сөйлемді қаратпа сөйлемге айналдыру.
– Қарға,сенің даусың неткен әдемі.
– Маған өлең айтып берші.
ІІІ.Қорытынды.
Ой-толғау.
Шығармашылық тапсырма.
1.Диалог құру.
- Кітапханада.
- Үйде.
- Дүкенде.
2.Өлең шумағын құрастыру.
… … …
… … жаңа жыл!
… … …
… .. жаңа жыр!
ІV.Үйге тапсырма: «Сабақта»тақырыбына диалог құру.
V.Бағалау.
Математика.2-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1.Қарапайым әріптіөрнектермен, теңдеулермен,мысалдар шығарумен байланысты есептеулерде 5санын кестелік қосу мен азайтуды қолдану,екі амалмен шығарылатын есепті шешу ерекшелігі туралы қорытынды жасау.
2.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.Ауызша есептеу дағдыларын дамыту.
3.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Көрнекілік:слайдтар
Сабақтың ә дісі:түсіндіру,ойын,жарыс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне тілек айтады.
ІІ.Тірек білімді өзекті ету.
1.Ойын «Кім жылдам?»/кестелер ашылады/Сынып оқушыларын екі топқа бөліп,5-ті қосу,азайту кестесін ауызша қайталату.
Жауап бергеннен кейін кестенің екінші беті ашылады. Қыста ойналатын спорттық ойындар түрі еске түсіріледі.Спорт кешеніне саяхат жасалатындығы хабарланады.
1-кезең.«Конькилерімізді сайлайық!»
8+5 =13 13-5=8 13-8=5 5+8=13
9+5=14 14-5=9 14-9=5 5+9=14
2-кезең. «Хоккей таяқшаларын алайық!»/теңдеулер шешу/
І топ . Х+5= 12 12-х= 5 х-5 = 7
Х =7 х = 7 х = 12
7+5= 12 12-7 = 5 12-5 = 7
І Ітоп. Х+5= 13 13-х= 5 х-5 = 8
Х =8 х = 8 Х =13
8+5= 13 13-8 = 5 13-5 = 8
ІІІ.Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.
3-кезең. «Қақпа құрайық!» Әріпті өрнектермен жұмыс.Әр топтан 1 оқушыдан шығып,жарысады.
І топ. а+5 а = 60,64,4
ІІ топ. а-5 а = 65,69,14
Сергіту сәті
Есеппен жұмыс.Бір және екі амалмен берілген есептерді салыстыру.
Тәрбиеші-4 Тәрбиеші-4
Мұғалім-?,20-сы артық Мұғалім-?,20-сы артық
4+(4+20)= 28 4+20 = 24
Ұқсастығы неде?Айырмашылығы неде?
4-кезең. «Хоккей» ойнау.Хоккей доптарында екі амалмен орындалатын өрнектер жазылған.Әр топтан екі оқушыдан шығып жарысады.
(11-6)+4 = 10
10-(11-5) =5
10+(31-5) = 36
0+(51-5) = 46
(41-5)+1 = 37
(21-5)+10= 26
Қорытынды.
1.Перфопапкалармен жұмыс./тест-тапсырмалар беріледі/
VІІ.Үйге тапсырма.
VІІІ.Бағалау.
