Су. Судың қасиеті.
Тақырыбы: Су. Судың қасиеті.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
- Судың маңызы туралы түсінік беру.
- Судың пайдасын ұғындыру
- Судың ерекшеліктері:түсін,мөлдірлігін,иісін,тазалығын,жергілікті жерге тигізетін пайдасын анықтау
- Табиғат- ананы қорғап,аялауға үйрету.
Көрнекілігі:Су,сүт,шыны ыдыстар.
Су туралы нақыл сөздер:
- Сулы жер -нулы жер
- Су -тіршіліктің ғана емес,тазалықтың,пәктіктің белгісі.
- Су- табиғаттың көзі.
- Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
• От арық , су семіз.
• Алпыс күн тасыған су
Алты күнде қайтар.
• Су аққан жерінен айнымас.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Рефлексия оқушылардың көңіл күйлерін жазу,сұрау:
ТАМАША! ЖАҚСЫ! ОРТАША!
II.Үй тапсырмасын тексеру.
-Ауаның тіршіліктегі пайдасын айт.
-Адам және өсімдік тіршілігіндегі ауаның маңызын дәлелде.
Ауаның негізгі қасиеті:
Көзге көрінбейді Иіссіз Дәмсіз болады Түссіз
Ауа:
Сығылады Жылуды сақтайды
Отты жанғызады
III.Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен ,міндетімен таныстыру.Дәптерге күнді жазу.
Адам өміріне не қажет? Өткен тақырыптан еске түсіру.
ТАМАҚ СУ АУА
АДАМ ӨМІРІНЕ НЕ ҚАЖЕТ?
ЖАРЫҚ ЖЫЛУ
Бүгінгі сабақта біз топпен жұмыс істеп тәжірибе жасаймыз.
Топпен жұмыс
- топқа тапсырма : 2-і топқа тапсырма :
Шыны ыдысқа сүт,екінші шыныға су құй Екі стақанның біреуіне сүт, біреуіне су құй Екеуін салыстыр Ішіне қасық сал, қайсысы анық көрінеді
3-і топқа тапсырма
Суды бірнеше ыдысқа құй-кесеге,шыныға,стақанға судың пішініне қара
Су қандай пішінге ие болды?
Оқушылар қорытындыларын дәптерге жазады:
- Су мен сүттің түсі қандай?
- Судың ішіндегі қай зат анық көрінеді?
- Әр түрлі ыдыстағы судың пішіні қандай?
Қорытынды:Су түссіз.мөлдір,тұрақты пішіні болмайды
Судың үш күйі
Су сұйық Су буға айналады Су мұзға айналады
IY.Деректер мен дәйектер:
- Су бар жерде тіршілік бар,өмір бар.
- Су тіршіліктің ғана емес,тазалықтың пәктіктің белгісі.
- Су бермеу,судан тарықтыру ең үлкен күнә.
- Қазақ халқы үйіне жолаушы келіп түссе,ең алдымен сусын беріп құрметтеген.
СУ
Суды ішеміз Сумен жуынамыз өсімдіктерді,бау бақшаны суарамыз
Ас әзірлейміз үй тазартамыз суға адамдар,жануарлар да шомылады
Сусыз кір тазармайды Суда көлік жүреді
Балалар,су бізге дос қана емес,ол- тілсіз жау. Тоқтамай жауған жаңбырдан қаншама ел зардап шегіп елдің малы қырылып,көптеген адам суға кетті.
.
Y.Суды қорғау мәселелері.
- Суы мол жерге ағаштар егу.
- Суларды қоқыстан тазалау.
- Завод,фабрикалардан шыққан қалдықтарды суға ағызуға тыйым салу.
- «Судың да сурауы бар» -суды үнемдеу (кранды жауып жүру,беталды суды ағызбау)
Қазақта адамгершілікке арналған үш сауап бар,олар:
1.Шөлге құдық қазған
2.Өзенге көпір салған
3.Жолға ағаш еккен
YI .Суға байланысты ырым –тыйымдар:
- Суға түкірме
- Судың бетін ашық қалдырма
- Түнде суға барма
YII.Сабақты қорытындылау
VIII.Үйге тапсырма беру:41-43бет оқу,мазмұндау
IX.Бағалау
Тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?
Мақсаты: Оқушыларға мәтіннің негізгі ойды идеясын ұғындыру. Сөз тіркестерін пайдалана отырып, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: Оқулық
Түрі : аралас
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Тәкаппар. Мәнерлеп оқу
ІІІ. Өткенді қорыту:жаман әдеттер, мақтаншақ, өркөкірек, менмендік, ұйқышылдық
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров.
Ү. Жаңа сабақ:
Сөзжұмбақты шешу:
1.Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті-дәрі, еті тамақ.
2.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар.
3. Үстінде екі тауы бар,
Өзі қызық жануар.
4.Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
5. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
Шығармашылық тапсырма:
Ой толғау
• Білгірлер тобы- Малдың пірлерін ата.
•Ойшылдар тобы- Малдың адамға берер пайдасын ата.
• Алғырлар тобы- Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
Оқулықпен жұмыс
а/ Мысалды оқу, ә/ сүтке байланысты әрекеттер ұйықтап қапты, іріп қапты, оянбапты мән беріп оқу. б/Оқушыларға оқыту. в/Мысалды талдау .г/ оқулықпен жұмыс, іштей оқу, тізбектей оқу, ертегіге қатысты мақалды табу.
Сергіту сәті.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз
Тыйым сөздер:
•Ақты төкпе.
•Малды теппе.
•Ақты баспа.
•Малға теріс мінбе.
•Малдың басынан ұрма.
Мал туралы нақыл сөз:
1.Түйе байлық,
Жылқы мырзалық.
2.Жылқы малдың патшасы.
3.Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл- көсір.
4.Түзде бұзауы жамырағанның
Үйде айраны төгілер..
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
Ертегі не туралы? Бір күні сүтке не болыпты? Ел-жұрт неге қайран қапты? Ұйықтаймын деп сүт неге ұшырапты? Сүттің аянышты халін кім байқапты? Сүт неліктен жылады? Осы ертегіде ақын не айтпақ болды деп ойлайсың?
ҮІІ. Бекіту:Сүттен жасалатын тағамдар?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу.Бағалау
Тақырыбы: Мәтін және оның түрлерін қайталау.
Мақсаты: Мәтіннің түрлері туралы ұғым беру. Түсініп оқуға дағдыландыру.Өз бетінше ойлауға, ізденуге үйрету, мәтін туралы білімдерін тиянақтау, өз беттерінше мәтін құрастыруға үйрету, өткенді қайталау.
Дамытушылығы:Оқушылардың ақыл-ойын , жазбаша сөйлеу тілін , шығармашылығын дамыту, сауаттылығын ,қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды тапқырлыққа , сенімділікке , үлкендерге көмектесуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену
Көрнекілігі: мәтін түрлері,Суреттер, кестелер,
Пәнаралық байланыс:ана тілі, дүниетану
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дана тілім
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді қайталау мақсатында ,үйге берілген тапсырманы еске түсіру.
Ой қозғау.
Әңгімелеу тобы
Мәтін деген не ?
Сипаттау тобы
Мәтін неше бөліктен тұрады ?
Пайымдау тобы.
Мәтіннің қандай түрлері болады.
Өткенді қайталау.
«Бәйге ойыны»
Қой сөзінде неше дыбыс неше әріп бар ?
Әріп дегеніміз не ?
Дыбыс дегеніміз не?
Жуан дауысты дыбыстарды ата?
Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
Сөз неден құралады .
Сурет бойынша әңгімелеу , сипаттау ,пайымдау мәтіндерін құрастыру.
III Дәптермен жұмыс: 144- жаттығу.
Көру диктанты .145- жаттығу.
Үйрен білім жастықта ,
Білмей өс жанға қастықта.
VI Тақтамен жұмыс
Қайық, бала, бақа,доп, құс,ұшақ, ағаш
жүзеді ,секіреді, ұшады, өседі, жүреді.
Сергіту сәті
«Бес жолды өлең»
- Топ . Гүл
- Топ .Кітап
- Топ .Торғай
Жеке оқушылар өз беттерімен тапсырманы орындайды, әр топты тыңдау .
V. Түсінгендерін тексеру:Күнбағыс туралы әңгіме құр. Басы. Негізгі бөлім. Соңы түсінік беру.
VI Қорытындылау.
Нені үйренгім келеді?
«Өзіңді тексер» тапсырмаларын орындайды
| Нені білемін ? | Не үйрендім ? | Нені үйренгім келеді ? |
ҮІІ .Бекіту.Мәтіннің қандай түрлері болады?Мәтінде не болады?Мәтінге не құруға болады?
VIII Бағалау .
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз.
IX. Үйге тапсырма:
