Баяндама

Ақтөбе қаласы, «Шағала» санаториясы жанындағы

орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Ундирбаева Даметкен

Тек бұл ғана емес, біздің балаларымыз «болмасаңда ұқсап бақ» деген Абай сөзін әркез жадында ұстап өз төл шығармаларын сіздерге тарту етуге әзір.

( Естай, Ақерке, Берік)

Абай жақсы көрген аруларды білесіздер ме? Зере, Ұлжан, Ділдә, Токжан, Айгерім (Шүкман) болатын. Олай болса сіздерге, «Абай сүйген арулар» өлеңін тарту етемін.

Абай сүйген арулар

Абай ұлы, Абай- дана, кемеңгер,

Ұлы Абайға әсер еткен әйелдер.

Зере-әжесі, Ұлжан оның анасы,

Екі ананың телқоңыры еркелер.

Салт дәстүрі қазағымның қалмаған,

Оны аттап кеткен, сірә, барма жан?

Атастырған Ділдасына қосылып,

Бозбала Абай өз өмірін жалғаған.

Төркіні текті Ділдәнің мінезі ауыр,

Гүлбадам, Әбіш, Мағаш-бала-бауыр,

«Анасы-балалардың» деп сыйлайды,

Түсінбестік Абайға тисе де ауыр.

Қай кезде де махаббатсыз өмір – тұл,

Абай үшін ең асылы-Тоғжан гүл.

Өлең жазып, ән шығарып,ғашық боп,

Ақын Абай – махаббатқа болды құл.

Өзі ақылды, әрі әнші, сұлу Шукман,

Ұқсастығы Тоқжанға таң қалдырған.

Ұлы ақынның Әйгерімі таңдаған,

Әй, керім, – деп әнімен тамсандырған.

Әйелменен ер – азамат, көркейеді, өседі,

Ұлы Абайдың үш әйелі тату болған деседі.

Не бір шешен, ғұламаны дүниеге келтірген,

Дана, асыл, парасатты аналар ғой кешегі.

  1. Абайдың ғашықтық жырлары өте көп соның бірі – «Көзімнің қарасы»
  1. Мағжан Жұмабаев «Абай» өлеңі:

Шын хәкім, сөзің асыл – баңа жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хәкім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес!

Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме:

«Қор болды қайран сөзім босқа!» – деме.

Артыңда қазақтың жас балалары мен,

Сөзіңді көсем қылып жүрер жеңге!

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,

Хәкім ата, тыныш бол, қадірің артар!

  1. «Абай тек ғана поэзия тілін түзіп берген жоқ, жалпы тіліміздің орамдылығын, бейнелеу шеберлігін, сөйлем құрылысынндағы әр сөздің өз орнын, сөйлемдегі ой салмағын, қайда, қалай қалауын да үйретіп кетті. Ғ.Мүсірепов.
  1. Абай Құнанбаев – өз талантының тереңдігі мен үлкендігіне қарай әр дәуірдің адамы, Ақын, философ, музыкант, ағартушы – ғалым, қазақ халқы үшін теңдесі жоқ ұлы құбылыс. Ол қуатты ақылдың адамы, құдыретті талант иесі, поэзия баhадүрі! Абайдың қара сөздері ұлы өсиет, бойға дарытатын қасиет. Олай болса, «17-ші қара сөзін» тамашалайық..
  1. Абай – ақын

Абай – дана

Абай – сазгер

Абай – дара

Абай әні «Айттым сәлем Қаламқас»

  1. Абай – аудармашы.

Ол Пушкинмен, Лермонтов, Крыловтан аударғаны баршаға мәлім. Ол әсіресе махаббат жолында Пушкин жырларынан жақындық тапты. А.Сергеевич Пушкин шығармасы «Смерть поэта».

Абайдың Пушкинмен аудармасы «Татьянаның Онегинге жазған хаты»

«Онегиннің Татьянаға жазған жауабы».

«Қараңғы түнде тау қалғып» 1893 ж. өлеңі Лермонтовтың «Горные вершины» өлеңінің аудармасы. Лермонтов оны неміс ақыны Гётеның өлеңінен аударған.

Кім жылдам?

Алтын қақпа.

13). Қазақ халқы, егер сенің денеңе түсірілген жарақаттың ізі тереңде сан түрлі болып қалса, егер материалдық және рухани қалыпқа келтіру ісінде қиыншылықтар мен кедергілер пайда болса – ұлы Абай Құнанбайдың: «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Ол – жаратқан тәңірінің ісі»,- деген сөздері сен үшін дәру әрі ынталандырғыш болсын.

Абай кітаптары әлемдік әдебиеттен белгілі орын алған кемеңгер ойшыл, адам баласын шындыққа, игілік іске, еркіндікке шақырған ұлы ақын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше