«Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ»

Ақтөбе қаласы, «Шағала» санаториясы жанындағы

орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Ундирбаева Даметкен

Тақырыбы: «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ»

Мақсаты: а) балаларды өлеңге, оны мәнерлеуге ынталандыру ;

ә) балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, есте сақтауын, интонациясын қалыптастыру;

б) Ұлттық, патриоттық, адамгершілік тірбиесін беру.

Сабақ түрі: «Сайыс» сабақ.

Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру

2) Әділ қазы сайлау

3) Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту.

  1. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбай ұлының өлеңдері Алтай өлкесіне жетіп, ел арасына кең тараған. Халық Абайдың ақындығына тәнті болып қана қоймай, тәлім алар тәрбие бесігіне балап отыр. Абайдың даңқы тек Қазақстанмен шектелмей, басқа да көптеген елдер сияқты Қазақстанмен ортақ мәдени мирасқа ие Түркияда да танымал hәм сүйікті. Қазақтың бас ақыны – Абай онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.

(А.Байтұрсынов, Есенова Тілекші) «Абай рухы»

2. Абайдың лирикалық шығармаларынан біз оның қайталанбас қолтаңбасын аңғарамыз. Ол қазақ поэзиясының тақырып ауқымын кеңейтті, әдебетте жаңа формалар тапты «Әсемпаз болма әрнеге» (Садықова Ботагөз)

«Құлақтан кіріп бойды алар» (Ниязова Перизат)

  1. Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқынын мақтанышы. Абай сияқты халқының рухани творчествасын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» (Күкенов Жалғас)
  1. Жалпы балаларға тапсырма: көп нүктенің орнына бір таңбалы санды қойып, өлеңді дұрыстап оқып шық.

Сондай-ақ ақын өлеңдерінде қазақтың кедей тұрмысын, қазақ қоғамының әлеуметтік топтарының өмірін шебер суреттей отырып, ел басшыларының зұлымдық, екіжүзділік, имансыздық қасиетін әшкерлейді. «Көк тұман алдыңдағы келер заман».

  1. Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қара сөздері беретін әр заманда бағасы жиылмайтын бір үлкен қымбат қазына бар. Ол Абайдың осы қара сөзді жазған тілі. «28-ші қара сөз» (Жандық Ақерке).
  2. Ақынның жылдың төрт мезгіліне арналған тамаша жырлары оны Еуропаның атақты ақындарының қатарына қосар еді. «Қыс» (Мадешова Радмира)

«Жазғытұрым» (Жолаушыбай Ақтолқын).

  1. Көпшілікке тапсырма: Абай өлеңдерінің атын табу

а) Жыл мезгілі + етістік + қосымша = Абай өлеңінің аты. (Жазғытұрым)

ә) Біртаңбалы сан +адамның дене мүшесі = Абай өлеңінің аты. (Сегіз аяқ)

б) Күз айы + қыс айы + сол бір екі ай = Абай өлеңінің аты. (Қараша, Желтоқсанмен сол бір екі ай).

8. Тоқталма қызыл тілім қапияда,

Тұрғанда тән сәлем ет жанұяда.

Аудардым Пушкин жазған романын,

Жазылған 1823 ж Россияда.

Демекші бәрімізге мәлім Абай ғана қазақ халқын орыс әдебиетімен таныстырудың алғашқы бақытына ие болды. Ол бірінші болып Пушкин, Лермонтов, Крыловты қазақ тілінде сөйлетті. Абай аудармасы «Есек пен бұлбұл» (Қожамұратов Аян)

  1. Оқушылардың Абайға арналған төл шығармаларын оқуға шақырайық.

«Абай туралы» (Богрянцев Александр)

«Абай ата» (Жолаушыбай Ақтолқын)

  1. Көпшілікке тапсырма. Ойын: Ортаға он оқушы шығып менің қолымдағы доптан жасалған қарды алып, Абай өлеңдерінің атын атап бір бірімізге жалғаймыз. Тоқтап қалған немесе айта алмаған оқушы ойыннан шығады. Ең соңында қалған бір оқушы жеңімпаз атанады.
  2. Мағжан Жұмабаев «Абай» өлеңі:

Шын хәкім, сөзің асыл – баңа жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хәкім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес!

Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме:

«Қор болды қайран сөзім босқа!» – деме.

Артыңда қазақтың жас балалары мен,

Сөзіңді көсем қылып жүрер жеңге!

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,

Хәкім ата, тыныш бол, қадірің артар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше