Атамекен-алтын бесік
Ақтөбе қаласы
Пригород орта мектебі
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі-
Сисенгалиева Бимару Мендибаевна
Сабақтың тақырыбы: Атамекен-алтын бесік
Сабақтың мақсаты: оқушылардың Атамекен,туған жерді қорғай білу.
Отанын сүйе білу туралы түсініктерін кеңейтуге жағдай туғызамын.
Оқытудың нәтижесі:Қазақстанның байтақ жерін қорғап, сақтап келген ата-бабамыздың тарихы, еліміздің тәуелсіздігін қорғаудағы орасан ерліктері туралы мағұлымат беру арқылы, Қазақстанның рәміздерін құрметтеуге, Атамекенді ардақтауға, туған жерін көркейтуге, елге адал қызмет етуге қалыптастырамын
Түйінді идеясы:
“Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат” нақыл сөз.
Шаттық шеңбері «Алтын бесік»
Сөзі С.Молдасановтікі
Әні Ф.Жолдасованікі
Бал балалық балдырған шақ, сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз
Атамекен түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік, ұлан байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтаған көгершіні бүгінде
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен үлкейсін,
Ұлы Отаным тілегім сол менің де.
Ой бөлісу сұрақтары:
* Сенің арман –қиялыңда атамекеніңе қандай орын берілген?
* Ел баласы атану үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?
* Атамекенін анасындай сүю үшін адам қандай болуы керек?
* Туған жеріңде туып-өскен қандай азаматтарды мақтан етесің?
«Атамекеніміз-Қазақстан» «Көзбен көру айғақтары» әд.
Топқа бөлінеді: (Көзбен көру айғақтары арқылы постер жасайды, топтар өзара критериалды бағалайды)
1- топ «Қазақстанның мәдениеті»
2-топ «Қазақстанның табиғаты»
Мәтінмен жұмыс. “Оқып үйренейік” С.Жүнісовтың “Аманай мен Заманай” романынан үзінді.( бейне ролик көрсетемін)
- Қария немересін неліктен атамекенге алып барғысы келді?
- Атамекен, атақоныс, атажұрт несімен қымбат?
Назар аударайық бөлімі.
«Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат» нақыл сөз.
Оқу ақпарат
Қазақстан-қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, Отаны. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның кең жазира жерін ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келеді. Ол-біздің ең қасиетті, қадірлі, асыл мұрамыз.
Кеңес Оразбекұлының Отанымыздың рәміздері туралы аңыз-әңгімесі ( бейне ролик көрсетілді)
Шығармашылық жұмыс:
Қазақстан картасынан өз атамекендерін тауып,белгілеу.
Жұптық бағалау- “Алтын сақа”
Оқып үйренейік
Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын, тұмардай қасиет тұтуы қажет. Н. Ә.Назарбаев.
Жүректен жүрке «Атамекен»
Сөзі: Қ.Мырза Әлінікі Әні: Е.Хасанғалиевтікі
