«Дарынды оқушыларды анықтау және дамытуда псих ологиялық жетекшілік жасау»

Ақтөбе қаласы

Пригород орта мектебінің

психологы

Сисенгалиева Бимару Мендибаевна

Сабақтың тақырыбы: «Дарынды оқушыларды анықтау және

дамытуда психологиялық жетекшілік жасау»

Мақсаты: Дарынды оқушыларды анықтау;

* Оларға қолданылатын; психологиялық әдіс-тәсілдер мен дамыту жолдарын көрсету;

* Көрсетілген қолдау,жұмысты жоспарлау түрлері және оның нәтижесімен таныстыру.

Міндеттері:

  • Шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту;
  • Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
  • Оқушылардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, табиғи материалдар,ермексаз, тақтайша, құстар бейнесі, саңырау құлақ бейнесі, тышқан бейнесі, ақша қар бейнесі.

Теориялық бөлім

Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді:

* Бірінші кезең. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау;

*Екінші кезең. Оқушы қабілетті-лігінің бағытын анықтау

*Үшіші кезең. Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру

*Төртінші кезең. Дарынды оқушылар-мен жекелеген жұмыстар жүргізу

Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие. Дарындылық – көпқырлы

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс тәсілдерді қолданамын:

  • Баланың отбасылық жағдайын зерттеу;
  • Шығармашылық қабілетін анықтау;
  • Сауалнамалар, тренингтер өткізу;
  • Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына қатысу

Дарынды оқушылармен жұмыс барысында қолданылып жүрген психологиялық әдістемелер:

* “Дарындылық картасы” әдістемесі (Савенков)

  • Джонс креативтілігі сұрақнамасы
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы
  • Оқу мотивін анықтау сұрақнамасы
  • Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі
  • Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)
  • Кім неге бейім? әдістемесі

Ағылшын ғалымы Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша:

  • «Дарындылық – бала бойындағы интеллектуалдық , шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы».

Дарындылықты дамыту жолдары:

Олимпиада резертерін дайындау

Оқушылардың ғылыми “Зейін”қоғамы

Дарынды тұлғаны дамытудың әдістер кешені

  • Шығармашылық дарындылық-Ғылыми практикалық конференциялар жобалар;
  • Көркемдік дарындылық-Шығармашылық сайыс, ән, би театр үйірмелері
  • Интеллектуалдық дарындылық – Интеллектуалы ойындар “Ақбота”, “Кенгуру”, “Русский медвежонок
  • Психомоторлық дарындылық -Спартакиадалар, турслеттер, президенттік тест
  • Академиялық дарындылық- Факультатив, таңдамалы, қолданбалы курстар, олимпиадалар

Дарынды балаларға қолдау көрсету:

– Сынып ішінде психо-эмоционалды климатты қалыптастыру;

– Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп тарапынан материалдық көмекпен қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру т.б.)

-Физиологиялық денсаулығын бақылап отыру,

-Демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;

-Психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау,консультация,профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттандыру,жинақтау,тарату,т.б.)

-Қажетіне қарай жағдай туғызу

-Кітапханамен тығыз байланыс,қажетті материалдар қарастыру

Дарынды балалармен жұмыс жоспары:

Жұмыстың мазмұны Мерзімі Жауапты
Әрбір сыныптағы дарынды балаларды анықтау қыркүйек Бірл.жет., Сын жет. Психолг
Бастауыш сыныптағы оқушылардың ерекше қасиеттерін іріктеу Қазан Бірл.жет.

Сынып жет.

Дарынды балалардың бейініне қарай шығармашылық ізденіс жұмысына тарту Қазан Бірл.жет.

Психолог.

Пән мұғ.

Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге үйрету Үнемі Пән мұғ.
Дарынды балаларды бейініне қарай пәндік олимпиадаға дайындау Жыл бойы Бірл.жет.

Пән мұғ.

Дарынды балаларды мектепішілік аймақтық, қалалық, облыстық пән олимпиадасына қатыстыру Жыл бойы Бірл.жет.

Пән мұғ.

Өз қабілеттеріне қарай үйірмелерді таңдай білу Қараша Пән мұғ.
Шығармашылық ұжымдық іс-шарада басты пәндерге қатыстыру Үнемі Пән мұғ.

Сынып жет.

Түрлі байқаулар, фестивальдарға, спорттық жарыстарға қатысуға ықпал жасау Қаңтар Бірл.жет.

Сынып жет.

Дарынды балаларды баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар мен таныстырып отыру Үнемі Бірл.жет.

Сынып жет.

Оқушы нәтижесін баспасөз беттеріне жарыққа шығару. Жыл бойы Бірл.жет.

Сынып жет.

Практикалық бөлім

* Жұмбақ және оның шешуі

  • Мүсіндеу бағытымен
  • Жайлы жағдай

Жұмбақ

  • Бүркіт шаңқылдайды.
  • Қарға қаңқылдайды.
  • Арыстан ақырады.
  • Әтеш шақырады
  • Кірпі пысылдайды
  • Жылан ысылдайды
  • Құбақа құрылдайды
  • Шегіртке шырылдайды
  • Ешкімді ешкім күндемейді
  • Олардың ішінде, айтыңдаршы
  • Не ғана үндемейді? (балық)

Қорытынды:Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отырылады:

-Дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу.

-Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып,шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер бар;

-Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызады:

-Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше