Бастауыш класс оқушыларының ой-өрісін, шығармаш ылық дарындылығын, логикалық ойлау қабілетін саб ақ барысында арттыру.

Ақтөбе қаласы

Пригород орта мектебінің жоғары

санатты бастауыш класс мұғалімі

Мулдашева Карылгаш Кабиевна

Бастауыш класс оқушыларының ой-өрісін, шығармашылық дарындылығын, логикалық ойлау қабілетін сабақ барысында арттыру.

Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Себебі, білім негізі – бастауыштан қаланады. Бастауыш класс мұғалімі ең алғашқы күннен бастап, өз шәкіртінің психологиясын жан-жақты зерттеп, одан әрі тілі мен ойын дамытуға, еркін сөйлей алуына, өз ортасында жақсы қарым-қатынаста болуына басты қадамдар жасап, оны жалғастырудың, дамытудың жолдарын іздестіруі керек. Осындай жұмыс түрлерін жүйелі ұйымдастырғанда ғана жоғары көрсеткіштерге жетуге болады.

Мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп отыратын, өсіп-өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды…

«Сабақ беру үйреншікті жәй шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңа табатын өнер»,- деп тәлімгер – ғалым Ж. Аймауытов көрсеткендей, пәннің пәрменділігін арттыруда мұғалімнің рөлі зор.

Оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты жете меңгерту-әр мұғалімнің ең басты міндеті.

Мұнда тек мұғалімнің біліктілігі мен қабілеті, дарындылығы мен тапқырлығы ғана ескеріліп қоймай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялар тереңіне ден салу қажет.

Сабақтың тиімділігін арттыру – оқытудың сан алуан түрлері мен әдістерін қолдану. Оқушылардың барлығы да жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ой-қабілеттері, тілді меңгеруі бағдарламадағы материалды игеруге бірдей емес. Соған байланысты деңгейлік тапсырмаларды қолданған жөн.

В. П. Беспалько мүмкіндік деңгейлерді төртке бөледі:

І деңгей – міндетті; ІІ деңгей – алгоритмдік; ІІІ деңгей – эвристикалық; IV деңгей – шығармашылық;

І деңгей: тапсырмалар мемлекеттік стандартқа сай, бағдарлама мөлшерінен аспайды.

ІІ деңгей: тапсырмалар түрленіп, күрделене түседі.

ІІІ деңгей: шығармашылыққа ынтасы бар, логикасы жоғары, тілді меңгерген оқушыларға.

IV деңгей: дарынды, ізденімпаз, қабілетті, тілді жетік меңгерген оқушыларға.

Деңгейлік тапсырма ретінде кесте, тест, жұмбақ, сөзжұмбақ, ребустар, мәтіндер, үлестірмелі қима қағаздар қолдануға болады.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу – оқушыларды сергітіп, тапсырмаларды дұрыс, шапшаң орындауға көмектеседі. Сонымен қатар пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенділіктерін оятады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға «Ребус», «Ұйқасын тап» ойындарының әсері мол. Ана тілі, қазақ тілі дүниетану сабақтарында жұмбақ, жаңылтпаш, эссе, бес жолды өлең т. б. әдістерді қолданамыз. Олар баланы шапшаң ойлай білуге, көркем сөйлеуге, тілінің дамуына, сөздік қорының көбеюіне әсерін тигізеді. Математика сабағында «Байқағыш бала», «Домино», «Қателеспе», «Компьютер ойыны», «Баспалдақты сызба» т.б. ойындарды сабақ барысында қолдану оқушылардың шығармашылық белсенділігін, логикалық ойлау қабілеттерін арттырады.

Психологтардың айтуынша, бастауыш класс оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы, әр түрлі оқиғаларға деген құштарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске аыруға әрекет жасауы басым болады. Олардың бұл қасиетін шығармашылық жұмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Жаңа буын оқулығындағы жаңа талаптар да осы шығармашылық жұмыстарға, оқушылардың логикалық ойлауын, қиялын дамытуға сай жасақталған. Бала тілі сөйлеу арқылы дамиды. Сөйлеу арқылы бала адамдармен қарым-қатынас жасап қана қоймайды, сонымен бірге дүниені таниды. Тілі жақсы дамыған бала ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді.

Оқушылар оқуға бар ынтасымен беріледі. Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнін оқытудың сапасын көтеру мәселесі мұғалімнен шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді. Шығармашылықпен айналыса отырып, оқытушы оқу сапасын арттырады, оқушының жеке дара қасиетін кеңейтеді. Мұндай талаптар оқушының зеректігін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын, шабытын, белсенділігін күшейтеді.

Бастауыш класс оқушыларының ой шапшаңдығын дамытып, сөздік қорын молайту мақсатында жүргізілетін жұмыстардың бірі – өлең құрастыру әдісін көбірек қолдану. Бұл жұмысты 1- кластан бастап жүргізе беруге болады. Ең алғаш «ұйқас» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып тұрғанын табудың мәні зор. Содан соң өлең құрастыруға төмендегідей жұмыс жүргізуге болады:

Өлең құрастыру

Буын арқылы Кестелеу арқылы

Дыбыс арқылы Сурет арқылы

Ұйқас арқылы Соңғы ұйқас арқылы

Өлеңнің 1-ші жолын

жазу арқылы

1. Дыбыс арқылы: А-а-а…

Қызыл алма.

2. Буын арқылы: Ға-ға-ға,

Шықты далаға.

3. Ұйқас арқылы: Шаң, тозаң, лас,

Болмасын …….. (класс)

4. Соңғы ұйқастар арқылы: ………….. барамын,

…………. бағамын.

5. Сурет арқылы: Арыстан ………… (ақырды),

Әтеш …………. (шақырды).

6. Өлеңнің бірінші жолын жазу арқылы: Жаз келді, алақай,

………………………… .

  1. Кестелеу арқылы: О

О

О

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді:

Қабілет

Репродуктивті Шығармашылық

(іс-әрекетті не білімді берілген (жаңа нәрсе ойлап табуға

үлгі бойынша қабылдау) бағытталған қабілет).

Шығармашылық

Таланттылық Дарындылық

(белгілі бір салада жоғары (өз қатарындағы адамдардан жоғары

жетістіктерге жеткізетін қабілет түрі) ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін тұлға).

Ұлылық

(көп жылда бір туатын ұлы тұлға)

Балалардың шығармашылық дарындылығын, логикалық ойлау қабілеттерін сабақ барысында арттыруда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

Қиял-елес белсенділігін арттыру Сөйлеу шеберлігін арттыру

Заттың схемалық (нұсқа) бейнесін Бейнелеу әрекеті мен саз

(музыка) өнері

Табиғи және құнсыз материалдарды пайдалану

1. Баланың қиял-елес белсенділігін арттыру арқылы шығармашылық дарындылығын дамыту; Бұл мақсатта «Сиқырлы айна», «Фантастикалық жорамалдар», «Ең көңілді, күлкілі жағдай», «Ертегіні керісінше айтайық» сияқты ойын-тапсырмалары.

2. Баланың сөйлеу шеберлігін арттыру арқылы шығармашылық дарындылығын дамыту;

«Сөздер тізбегі», «Сан қилы қиялдау», «Болады, болмайды», «Шығармашылық қате», «Жалған жұмбақтар», «Егер де….» сияқты ойын-тапсырмалар баланың логикалық ойлау қабілетін дамытады.

3. Заттың схемалық (нұсқа) бейнесін пайдалану арқылы баланың шығармашылық дарындылығын дамыту; «Бұл не нәрсеге ұқсайды?», «Суретшіге көмектесеміз», «Сөйлейтін суреттер», «Көңілді Алдаркөсе» т. б. ойын-тапсырмалар.

4. Бейнелеу әрекеті мен саз (музыка) өнері тәсілдерін үйлестіру арқылы баланың шығармашылық дарындылығын дамыту; «Музыканың суретін сал», «Сиқырлы аспаптар», «Сөйлейтін аспаптар», «Жыл мезгілдері» т. б. ойын-тапсырмалары.

5. Табиғи және құнсыз материалдарды пайдалану арқылы баланың шығармашылық дарындылығын дамыту; «Пілдер», «Қонжықтар», «Кепкен жапырақтардан композиция құрастыру», «Ғажайып ағаш», «Икэбана», «Оригами» ойын-тапсырмалары.

Бастауыш класс оқушыларының ой-өрісін , шығармашылық белсенділігін, логикалық ойлау қабілеттерін сабақ барысында арттыруда қазіргі уақытта қолданылып жүрген Сорос – Қазақстан Демократиялық білім беру орталығының «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Бұл жерде оқушылар топта, ұжымда жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, бірін- бірі сыйлау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу, эссе, Венн диаграммасы, кубизм, семантикалық карта, дәстүрлі емес бес жолды өлең, еркін жазу, түртіп алу жүйесі сияқты тәсілдер арқылы өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады.

Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады.

Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Шығармашылық зерттеушілік – ізденіс, кез-келген кәсіптің ажырамас бөлігі. Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі. Шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызылуы қажет.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Бала бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу баланың рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені ол өзін-өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек.

Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда айырықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселердің бірі. Балалар дарындылығының табиғаты, шығармашылық қабілеті дамуының қайнар көзі, шығармашылық мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымы – оның барлығы арнайы ізденісті қажет ететін мәселелер.

Бастауыш мектеп – оқушының жеке тұлғасының қалыптасып дамуындағы ерекше кезең. Баланың болашағы, оның интеллектуалдық дамуы мен адамгершілік бейнесінің қалыптасуы және еңбекке қатынасы көп жағдайда бастауыш кластарда анықталады.

Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай: яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Бастауыш оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез-келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден – кез-келгн оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің қабілеттерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы: ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жұзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді, проблеманы өзінше шешуге талпыныс жасайды. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың өркендеуі қазіргі заманғы білім саласына өзгеріс енгізбей қоймайды. Кез-келген мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттылық және мәдени қарымы білім саласының жай – жапсарына және оның прогрессивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында айқын көрсетіліп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесінің стратегиялық мақсаты – құзіреттілік білім, біліктілік дағдыларды меңгерген, бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын, тың жаңалықтарға бейім, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаға қолайлы орта қалыптастыру.

Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамның алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс.

Қазіргі таңда оқушы – ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.

Үздіксіз дамып, өзгеріп отырған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше