«Ақ көгершін» лекция-концерті.
Зейнелова Ләззат Жұбатқанқызы
Ақтөбе қаласы, №3 балалар музыка
мектебінің домбыра класы оқытушысы
«Ақ көгершін» лекция-концерті.
Лекция-концерттің ашылуы.
Ахмет Жұбановтың төл шығармасы жаңа технология ДЭККО сүйемелдеуі бойынша
Ансамбльдің орындауында «Би күйімен» ашылды.
Жүргізуші:Мінеки,түпсіз терең залда тұнып,
Жайғасқан ауылдық пен алматылық…
Дирижер қарлығаштай қанат жайды.
Бір саты биігінде алға тұрып.
Одан соң баяу қозғап тыныш түнді,
Екі қол боз жорғадай жүріс құрды.
Одан соң теңіздегі сұрапылдай
Бұйра шаш бұрқан-талқан бір іс қылды.
Біресе дауылпаздай қорқынышты,
Қанатын теріс жайған қалпы күшті.
Біресе,ақ жағалы қара фрак
Қайтадан қарлығаштай қалқып ұшты.
Дирижер әлсін бәсең,әлсін қатты
Аяусыз қатал патша,хан сымбатты…
Таңылмай шыққан сонау тал бесіктен,
Екі қол оркестрді қалшылдатты!
Екі қол оркестрді жылатты да…
Ақыры ақырындап жұбатты да…
Ап-анық көз алдыңа жайып салды
Ғаламат дозақты да,жұмақты да…
Бұл өлең жолдары біздің жерлесіміз, академик,профессор,өнертану ғылымының докторы,композитор Ахмет Қуанұлы Жұбановқа арналған еді.
Ахмет Жұбанов 1906 жылы Ақтөбе облысы,Жұрын ауданында туған.Жас кезінен күйшілер мен әншілердің арасында өскен.Сегіз жасқа келгенде әкесі Қуан оны мектепке береді.Мектепте жақсы оқи жүріп,музыкаға да әуес болады.Ол өз бетімен домбыра,скрипка ойнап,ән салады.Жас музыкант келе-келе домбыра,балалайка,гитарадан құрылған жастар оркестріне қатысады.Ал 1930 жылы Ленинград консерваториясының тарих және теория факультетіне түседі.
Бүгінгі кешіміздің мақсаты, сіздерге композитор туралы баяндап,осы композитор туралы әлі сиясы кеуіп үлгермеген «Ахмет Жұбанов» атты кітаппен таныстыру.
1934 жылы халық дарындарының кезекті бүкілқазақстандық слеті өткізілді.Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен сан-саладағы өнерпаздар келіп,өнер сайысына түсті. Өнер сайысы кезінде техникум жанынан бұрынырақ құрылған шағын ансамбль өнер көрсетті.Өнер байқауының нәтижелерін қорытындылау барысында осы ансамбль негізінде аса танымал дарынды домбырашы,қобызшы,сыбызғышылардың басын біріктіріп,қазақтың халық аспаптары оркестрін құру жоспарланды.Оркестрді ұйымдастыру мен оған басшылық жасау А.Жұбановқа жүктелді.Осылайша 1934 жылы дүние жүзіне әйгілі болған қазіргі Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің іргетасы қаланған болатын.Алғашқы оркестр құрамында Д.Нұрпейісова,О.Қабиғожин,Л.Мұхитов,Қ.Жантілеуов,Н.Бөкейханов,Ж.Қаламбаев, Ы.Уәлиев,Ғ.Матов,М.Жаппасбаев,Ж.Айпақов,Қ.Медетов сынды дарындар қызмет еткен.
Ахмет Жұбанов әртүрлі жанрда музыка жазған.Ән жанры бойынша «Қарлығаш», «Ақ көгершін», «Отаным», «Ақ Шолпан», «Біздің ел», «Жылқышы» т.б. Қазір сіздердің назарларыңызға ән ұсынамыз,қабыл алыңыздар.
Ахмет Жұбанов . «Қарлығаш» орындайтын хор. Дирижеры: Батырторина Б.О.Фортепианода сүйемелдеуші:ПанчохаО.А. А.Жұбанов алғашқы қадамынан бастап шынайы кәсіби шығармашылық ізденістерді жаңашылдықпен игеруге үлкен ұмтылыстар жасады.Оған мысал аспаптық музыка. Аспаптық жанр бойынша «Ария», «Көктем», «Қазақ билері», «Тәжік билері» «Вокалдық сюита» сынды туындылары бар.
Қазіргі тыңдайтын шығармаларыңыз «Тәжік биі» орындайтын :Айтенов Дәулет.Фортепианода сүйемелдеуші Изимова Г.Р.
Оркестрдің алғаш қаз тұрып,тыңнан жол салған кездерінен бастап,биік белестерге көтерілуіне 20 жылға жуық жалықпай еңбек еткен Ахмет Жұбанов.Ол халқымыздың және халық композиторларымыздың шығармаларын оркестр репертуарына енгізу,әртүрлі орындаушылардан жинақталған туындыларды сұрыптап,бір жүйеге келтіріп,нотаға түсіру,оркестрге лайықтап өңдеу,артистердің сауатын ашып,жазба кәсіби мамандыққа баулу сияқты сан салалы жұмыстарды атқарды.А.Жұбановтан тәлім алып,кейіннен оркестрді ұзақ жылдар бойы басқарған Ш.Қажығалиев. Латиф Хамидимен бірігіп «Абай», «Төлеген Тоқтаров» операларын жазды.Ол өз тұсында баба Құрманғазыдан бала Нұрғисаға дейінгі барлық композиторларды халқына табыстырды.
«Абай»операсынан үзінді. ( үнтаспа)
Ол күллі Кеңес Одағындағы консерваторияларда оқитындардың ішіндегі жалғыз қазақ,консерваторияға алыс Қазақстаннан мүмкін тіпті, күллі Орта Азиядан «музыкалық Европаға терезе ашып беру» үшін келген тұңғыш ізденімпаз еді.Мақсаты аса зор еді,ал мүмкіндігі өте шағын еді,өмірі де кедергіге толы,қиын еді.
Ахмет Жұбанов көптеген ғылыми еңбектер жазды. Халық композиторларының,әншілер мен күйшілердің шығармашылығын баяндайтын «Ғасырлар пернесі», «Құрманғазы», «Замана бұлбұлдары», «Ән-күй сапары» т.б. көптеген кітаптары бар.
А.Жұбанов атындағы республикалық музыкалық мектеп-интернаты жұмыс істейді.
Ақтөбеде жыл сайын «Жұбанов көктемі» фестивалі өтеді.
2006 жылы құрметті композитор А.Жұбановқа 100 жыл толды. Осы мерекеге орай Облыс әкімшілігінің қолдауымен «Ахмет Жұбанов» кітабы жарық көріп жатыр.
Бейбітшілік символы-ақ көгершін дархан даламызға достық пен махаббаттың нұрын шашсын! Көріскенше күн нұрлы болсын!
Ахмет Жұбанов «Ақ көгершін» орындайтын хор.
