М.Әуезов.Көксерек
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің
II санатты бастауыш класс мұғалімі
Биманова Венера Туребековна
Сабақтың тақырыбы:М.Әуезов.Көксерек
| ПӘНІ | Әдебиеттік оқу | КЛАСЫ | 4 «Ә» | Күні: 22.01.2014ж |
| ТАҚЫРЫП | Мұхтар Әуезов. Көксерек. | |||
| МАҚСАТЫ |
|
|||
| КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ |
|
|||
| КЕЗЕҢДЕРІ | МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ | ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ | БАҒАЛАУ | РЕСУРСТАР | СТРАТЕГИЯЛАР | ||
| Ұйымдастыру кезеңі
(3 минут) |
Сабақ кезеңдері:
1. Кіріспе
2. Тұсаукесер
3. Негізгі бөлім
4. Қорытынды
Психологиялық тренинг өткізіледі. *Топтарға бөлінеді *Көңіл күйлерін өздері бейнелеп білдіреді /смайликтер пайдалану / *Үй тапсырмасы тексеріледі |
*Оқушылар психологиялық тренингке қатысады (шаттық шеңбері);
*Мозайка әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу. Автор орындығы арқылы «Балмұздақ»әңгімесін оқушылардан сұрау. |
Әр топтың көшбасшылары маршурт картасы бойынша сабақ барысында өзіндік бағалау жасап отырады.
«Екі жұлдыз бір тілек»арқылы бағалау |
||||
| Мағынаны тану
(15минут) |
А:жұмысы:
М.Әуезов кім? (оқушылар М.Әуезов туралы постер қорғайды) қазақтың ұлы жазушысы қоғам қайраткері ғұлама ғалым Мұғалім сөзі: Слайд және М.Әуезов туралы бейнетаспа көрсетіледі. М.О.Әуезов 1987 жылы 28-қыркүйекте Абай ауданындағы Бөрілі қыстағына жақын Аяққарақанда дүниеге келген. *Әр топқа «адам»және «қасқыр»деген плакат беріледі.Оқушылар осы сөздер бойынша ойларына түскен сөздер мен сөз тіркестерін жазады. *Топ мүшелері бірлесе жұмыс жасауға шақырады. *Әр топ өз ойларын постер құру арқылы толықтыруды ұсынады; |
*топтағы оқушылар М.Әуезов туралы постер жасау арқылы қорғайды; | «Үш шпалақ»
арқылы бағалау «Үш шпалақ» арқылы бағалау |
Оқулық, постер жасау | Диалогтық оқыту,сын тұрғысын ойлау. | ||
| (15 минут) | В: жұмысы:
*Оқушыларға «Көксерек» фильмін көрсету *Оқушылар «Көкскрек»әңгімесін топпен талдайды. *Сараланған сұрақтар қою арқылы әртүрлі деңгейлі оқушылардың мүмкіндіктерін анықтау, бағалау. *Оқушылардың мүмкіндіктерін анықтап сыни ойлауын дамыту мақсатында сұрақтарды саралап беремін. сергіту сәті/ От улыбки |
І-кезең
*тапсырманы топта талдайды ІІ-кезең *қойылатын сұрақтар. 1. «Көксерек»әңгімесінің тақырыбы не? 2.Қасқырдың күшігін не деп атайды? 3.Қара ала төбеттің иесі кім? 4.Алдына құйып қойған асты қасында кісі тұрса,жоламайды,жемейді, тіпті көзін де салмайды.Бұл қандай хайуан? 5.Туғаннан бері барлық көресіні осыдан-екі аяқтадан көрдім дегендей,жығылып жатқан балаға тап берді.Бұл бала кім? |
Оқушылар маршурт картасы бойынша сабақ барысында өзіндік бағалау жасап отырады. | Оқулықтарды пайдалану | Талдау, жинақтау, қолдану | ||
| Ой толғаныс
(10минут) |
С: жұмысы:
*Кубизм стратегиясы. Ол тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы.Кубиктің 6 жағы бар,әр бетінде тапсырмалар жазылған,кубикті лақтырғанда қай жағы түссе,сол жағының тапсырмаларына жауап береді. а) суреттеп беріңіз Көксеректің портреті ә) салыстырыңыз дала қасқыры мен Көксерек б) зерттеңіз қасқыр туралы не білесіз? в ) Қолданыңыз Көксерек туралы адамдар не айтады? г ) бұл туралы ойлағаныңызды көз алдыңызға елестетіңіз Д:жұмысы: Өз пікіріңіз. Тақырып өзегі кімге қалай әсер етті?Әркім өз пікірін айтады. |
*тапсырма топта зерттеліп, таныстырылады, | «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.
«Үш шапалақ» арқылы бағалау. |
Оқулықтарды пайдалану | |||
| Сабақты қорытын-дылау (2минут) | «Көксеректі жазалауға бола ма?»Пікірталас. (Дебат әдістерінен үзінді)
Біз,міне,Көксеректі жан-жақты аштық,бірақ оны шын мәнінде тани түстік деп ұйғарым жасауға бола ма?Құрмашты өлтіріп кетуі-сөз жоқ кешіре салатын іс емес.Егер Көксеректі адам ретінде қабылдасақ,онда ол өз қылмысы мойнына қойылып сотталып кетері хақ.Солай десек те біз Көксеректі жақсы көретінімізді жасыра алмаймыз.Неге?Әлде арамызда Көксеректі жасаған іс-әрекеттеріне сай жазаға тарта алатын жандар бар ма?Олай болса ,біз қазір «Қаралаушы»және «Ақтаушы»деп екі топқа бөлініп,қызу пікірталасқа түсіп көрейік. Ақтаушылар: Қаралаушылар: Міне,оқушылар,біз Көксерек туралы ұғымымызды кеңейтіп,білген үстіне біле түстік.Ендеше табиғатқа шабуыл жасау дұрыс па екен?(Оқушылар пікірі тыңдалады) |
«Бағдаршам»
әдісі бойынша кері байланыс. |
|||||
| Қосымша тапсырма |
|
«Бағдаршам»
әдісі бойынша кері байланыс. |
|||||
| Сабақты талдау | Не сәтті өтті? | Оқушылардың ізденуші қабілеттері дамыды және шығармашылық қабілеттері шыңдалды. | |||||
| Не сәтсіз өтті? | Сабақтарымның сәтсіз өткен жақтары жоқ. | ||||||
| Болжамым: | Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланамын.Болашақта осы бағдарлама идеясын негізге ала отырып оқу жоспарын жасаймын. | ||||||
