Баяндама

Сабақтың міндеті:

а) Ұұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.

ә) Жеке сөздерді окуға және тез оқуға дағдыландыру.

б) Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалықка тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, буындар.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Өткен сабақты пысықтау.

III. Жаңа сабақ.

– Кәне, балалар, жұмбақ шешейік!

Кеше жіптей,

Бүгін күптей. (Ұршық)

Шыр айналып биші қыз,

Билеп-билеп алады.

Өз бұрымын беліне,

Орап түсіп барады. (Ұршық)

Тапсырмаларды орындау.

Суреттерге қарап дыбыстық талдау жаса.

Ұлу, ұя, бұғы, ұршық.

Тордағы әріптерден сөз құра.

Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы.

Ұ Ұ

Жаңылтпаш жаттайық!

Тұз – мұздай

Мұз – тұздай.

Талап – тұлпар

Білім – сұңқар

IV. Қорытынды.

Сұрақ-жауап әдісімен:

1) Дыбыс дегеніміз не?

2) Әріп деп нені айтамыз?

3) Бүгін қай әріппен таныстық?

4) Ол дыбыс қалай айтылады?

5) Сол әріпті қатыстырып сөздер ойла.

V. Бағалау.

Тал басында — тамаша ұй. (Ұя)

– Ұшқыш, ұя, ұршық сөздерінде ең бірінші қандай дыбыс естідіндер?

– Ұұдыбысын қатыстырып сөздер ойлайды. Ұұ дыбысын ауада жазып көру.

Тақтамен жұмыс.

Ұұ дыбысының әріп элементтері.

Ұұ баспа түрі.

Ұұ жазба түрі.

Сергіту сәті.

“Ұшты-ұшты” ойынын ойнау. Ойын шартын, мазмұнын, міндетін түгел түсіндіру.

Ұшты-ұшты (ұшады)

Ұшты, ұшты,

Торғай ұшты (ұшпайды) т.б. Ойын шартын бұзғандар өлең айтады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше