«Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі»
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ащысай ауылы
Н.Крупская атындағы орта мектебі.
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы
:
«Әдептілік, ар-ұят –адамдықтың белгісі»
Өткізген: Махатова Гита Серікқызы
/қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі/
2013-2014 оқу жылы.
Тақырыбы: «Әдептілік, ар-ұят –адамдықтың белгісі»
(ашық тәрбие сағаты)
Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыссабақ.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, ойтолғау.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, нақыл сөздер,
құпия хаттар, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушыларды түгелдеу.
-Психологиялық дайындық «Жүректен жүрекке»
І.Қызығушылығын ояту
Мұғалімнің сөзі:
– Балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы:
Кәне, бәріміз хормен оқып жіберейікші.
«Әдептілік, ар-ұят –адамдықтың белгісі»
Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Ол үшін топқа бөлінейік.
Топқа бөлу: 1. Әдептілер тобы
2. Ақылдылар тобы
3. Білгірлер тобы
(Осы үш топқа сұрақтар таратылады. Сұрақтар топта талқыланады. Әр оқушы топ ішінде өз ойларын ортаға салады.)
Сұрақтар:1.- Әдептілік дегенді қалай түсінесің?
2.- Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?
3.- Әдептілікті бізге кім үйретеді?
ІІ. Мағынаны ашу.
Мұғалім:
Әдепті, ақылды балалар туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейік.
(интербелсенді тақтадан мақал-мәтелдерді оқып мағыналарын ашады).
Әдептілік туралы тыйым сөздер.
(тыйым сөздерді оқушыларға оқыту, мағынасын ұғыну )
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
Кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін жалғастыру ойыны арқылы түсінеміз.
Әдептілік туралы ұлағатты сөздерді оқытып дәптерге жаздыру.
Венн диаграммасы.
«Адасқан сөздер» ойыны «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» сөзін дұрыс құрастыру.
ІІІ. Ойтолғау. Шығармашылық жұмыс
/ 3 топқа әдептілікке байланысты суреттер беріледі сол бойынша мәтін құрайды/
Оқушыларды бағалау /жұлдызшалармен/
Қорытынды:
Мұғалім:Ғ.Мұстафин атамыз айтқандай: «Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау- инабаттылық көрінісі».
Ендеше, балалар, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білейік. Қоғамдағы ең жақсы адам – әдепті адам, әдепті адамдар- қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі.
Оқушылар:- Олай болса, әдепті болайық. Біз – ұлт болашағымыз.
Үйге тапсырма: «Әдіпті бала –арлы бала» тақырыбына сурет салып келу.
