Есімдіктен өткенді қайталау.
Сатыбалдина Перизат Алимханқызы
Сабақтың тақырыбы:Есімдіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
білімділік – оқушылардың есімдіктен алған білімдерін пысықтай отырып, теориялық білімдерін шығармашылық тұрғыда баяндауға баулу;
дамытушылық – оқушыларды еркін сөйлеуге, ойын ашық айта білуге бағыттау, тіл байлығын жетілдіру;
тәрбиелік – Отанына, еліне,халқына деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып,патриот адамды тәрбиелеу.
Түрі: қайталау, бекіту.
Әдісі:Сатылай кешенді талдау,СТО жобасы бойынша (сұрақ-жауап,венн диаграмасы ) 4 топқа бөлу.
1-топ Қазақстан 3-топ Азат
2-топ Тәуелсіз 4-топ ЕЛ
Көрнекілігі:интерактивті тақта,тест, мәтіндер жазылған топшамалар т.б.
Пәнаралық байланыс:әдебиет, математика.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру.Сәлемдесу,түгелдеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын, өтілетін түрімен таныстыру.
Ой шақыру. –Балалар бір-екі күннен кейін халқымыздың ең үлкенмерекесі келеді. Ол қандай мереке?— жауап 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні.
–Олай болса 16-желтоқсан тәуелсіздік күніне орай есімдіктен алған білімдерімізді пысықтап бекітеміз.
Үй тапсырмасын сұрау:Есімдіктер кездесетін Абайдың әндері мен нақыл сөздерінен мысал теру.
ІІ. Сабаққа кіріспе.—Қазақта шашусыз мереке өтпеген.Шашу шашып сабағымызды бастайық. «Шашу шашу» (сұрақтар шашу ).Кімде-кім сұрақтарға жауап берсе, сол шашудан ауыз тиген болып саналады
№1Слайд
Сұрақтар: 1.Есімдіктің басқа сөз таптарынан өзгшелігі неде?
2. Есімдіктің қандай түрлері бар?
3. Жіктеу,сілтеу есімдіктері түрленгенде қандай ерекшелік байқалады?
4. Өздік есімдігі қалай түрленеді?
5. Белгісіздік есімдігі қалай түрленеді?
6. Жалпылау есімдігінің мағыналық ерекшелігі неде?
ІІІ. Негізгі бөлім
Интерактивті тақтамен жұмыс. №1Слайд Қазақстан кеше, бүгін… (Өткен тарихқа және бүгінгі күннің тарихына шолу жасалған деректі фильм көрсетіледі)
№2Слайд «Ой толғаныс сатысы» «Аралас мәтін»
Біздің туып өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел! Еліміз пайдалы қазбаларға өте бай. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Қазір ынтымағы жарасқан орыс, татар, өзбек, неміс т.б. көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Еліміз бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалды. Біздің еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев
бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. 1916 жылғы көтеріліс, 1928-1932 жылдардағы алапат аштық, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Біз тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл – тарих. Мемлекетіміз заман талабына сай дамып келеді.
Оқушылар деректі фильмді көз алдарына елестете отырып, бір мәтіннен екі мәтін тауып,бөліп жазу. І. Мәтін Қазақстан кеше… ІІ. Мәтін Қазақстан бүгін… №3Слайд «Қазақстан кеше…» № 4Слайд «Қазақстан бүгін…»
Мәтіннен түрленіп тұрған есімдіктерді табу.
2-тапсырма Кеспе қағаздармен жұмыс . Сөйлем мүшелеріне талдау
1.Біз тарихымызды ешқашан ұмытпауымыз керек.2. Біздің туып өскен жеріміз,еліміз—Қазақстан.3.Мемлекетіміз заман талабына сай дамып келеді. 4.Еліміз пайдалы қазбаларға өте бай.
Сөйлемге сатылай кешенді талдау жасау
Біз тарихымызды ешқашан ұмытпауымыз керек.
І хабарлы сөйлем.
ІІ Жай сөйлем.
ІІІ 1. Біз не істеуіміз керек?—ұмытпауымыз керек-күрделі,етістікті
баяндауыш
2.Кім ұмытпауымыз керек – Біз – дара,жіктеу есімдікті, атау тұлғалы
бастауыш
3. Қашан ұмытпауымыз керек? – ешқашан – күрделі, бірікккен, мезгіл
пысықтауыш
4. Нені ұмытпауымыз керек? – тарихымызды – дара, зат есімді (-ды)
табыс тұлғалы, тура толықтауыш.
IV. Жай сөйлемнің түрлеріне талдау.
а) Жақты ә)Жайылма б)Толымды
V. Байланысу түрлері мен тәсілдеріне қарай.
а) Ешқашан ұмытпауымыз крек – жанасу, тәсілі орын тәртібі арқылы.
ә) Тарихымызды ұмытпауымыз керек – менгеру , тәсілі жалғаулықты
№4 Слайд «Басқатырғыш» а ) Математикалық тәсілмен мінездеме беру.«Менің Қазақстаным» мәтіндегі қай сөз (Еліміз, тәуелсіз, жеріміз) белгісіздікпен сәйкес келеді?
Бер: 8о=х+y =?
Шешуі: 8о=3х+5y
а)т.қ.қ. 3х=
ә)ж.қ.қ. 3х=
б)е. мен е.қ.қ. 3х=
в)ү. мен с.қ.қ. 4y=
ә)Фонолгиялық талдау жасау
№5 Слайд б)Көбейту кестесін қолдана отырып,жасырынған сөзді табу.Жасырынған сөз «Біздің еліміз –Қазақстан»
6-тапсырма « Біздің» сөзін сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жасау.
Сабакты бекіту.Логикалық сұрақтарға жауап.
1.Жинақтық сан есіммен тұлғалас есімдікті кім біледі ?
2.Етікші аспабының бірімен ұқсас келетін есімдік.
3.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды?
4.Қашан, қанша болғысы келеді,қайткенде ол қашан болады?
5.Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне жоламай қояды.
6.Қай есімдіктердің құрамында сұрау есімдіктері ,бірақ олар сұрау мағына туғызбайды.
7.Бұйрық мәнде айтылса-етістік.
Жалпылау мәнде айтылса-есімдік.
8.Қолданылуына қарай бірде зат есім,бірде сілтеу есімдігі болып келетін қай сөз?
9.Қандай есімдік сұрау есімдігі мен сан есімнен құралған?
Топтастыру стратегиясы 1-2топ Тәуелсіз сөзін, 3-4 топ Есімдік сөзін топтастыру.
Сабақтың қорытындысы
Тәуелсіздік тойын тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді ойла. Оған өзіңнің қосар үлесіңді пайымда. Біз бүгінгі сабағымызда Қазақстан кеше, бүгін… мәтіндерімен жұмыс жасадық, олай болса үйге ертеңгі Қазақстанды көз алдымызға елестетіп ой толғау жазу
Үйге тапсырма: « Қазақтың болашағы біздің қолымызда» ой толғау жазу.
IV. Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.
Ауызша сұрақтар Оу толғаныс сатысы Бас қатырғыш Логикалық сұрақтар Қорытынды баға
