Эстафеталық сайыс
№12 І.Қабылов атындағы орта мектеп
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Досов Қуаныш Мирамбекұлы
Қызылорда қаласы
Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық сайыс
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың спорттық ойындарға деген қызығушылығын,қимыл
қозғалыс біліктілігін арттыру,салауаттылыққа дағдылау,өскелең
жеткіншектің қабілетінің дамуына ықпал ету,жылдамдық,ептілік,
рефлексін дамыту.Өмірде белсенді ұрпақ тәрбиелеу.Оқушылар
бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастыру.
Құрал-жабдықтары мен көрнекіліктері: ысқырық,баскетбол доптары,
таяқшалар,кедергілер,бильбордтар,маталар.
Ережесі:
І. Команда құрамы: әр командадан 5 ұл,5 қыз қатысып,бір команда құрайды.
ІІ. Жарысқа қатысушылар және өткізілу тәртібі:
әр команда спорттық формасы,ұраны және эмблемасы болуы тиіс.
ІІІ. Жарысты бағалау.
Әрбір ойын 5 балды жүйемен бағаланады.Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
ІV. Марапаттау.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежелі дипломмен марапаталады.
Жарыс барысы:
- Эстафета
Бірінші оқушы барарда кедергілер арасымен жылдамдықпен жүгіріп барып,қайтарда тура жүгіріп келіп эстафета таяқшасын келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Қаппен секіру.Оқушылардың бір-бірлеп барарда қаппен кедергілер арасымен секіріп барып, қайтарда тура секіріп қайтып келесі ойыншыны жіберу.
- Эстафета
Ер балалар допты аяғымен барарда кедергілер арасымен алып барып,қайтарда тура допты алып жүру. Қыз балалар барарда кедергілер арасымен секіртпемен секіріп барып,қайтарда тура секіріп қайту.
- Эстафета
Бірінші ер балалар допты барарда кедергілер арасымен алып барып,шығыршыққа лақтырып,қайтарда тура допты алып келіп келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Оқушылар допты аяғының арасына салып барарда кедергілер арасымен секіріп барып,қайтарда тура секріп келіп допты келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Бірінші ойыншы жүгіріп ортадағы матаға домалап барып қайтарда тура жүгіріп қайтып,келесі ойыншыға қолын тигізіп,ойынды жалғастыру.
- Эстафета
Оқушылар барарда кедергілер арасымен секіріп барып,қайтарда тура жүгіріп қайту.
- Эстафета
Бірінші оқушы барарда кедергілер арасымен жүгіріп барып,қайтарда тура жүгіріп келіп келесі ойыншыны алып кету.
