Электр қуаты

ҚОЙГЕЛДІ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП

АШЫҚ САБАҚ

9- СЫНЫП

Пән мұғалімі: Р.Ималахова

Сабақтың тақырыбы: Электр қуаты

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік: Электр стансаларының типтері,олардың орналасу принциптері, шаруашылықтағы рөлі, қоршаған ортаға әсері туралы, отын өнеркәсібінің болашақта дамуы мен қарқыны туралы білім алады.

Міндеті:

1. Оқушылардың білім-біліктілігін сұрақ арқылы анықтау.

2. Әр оқушының өзіндік ойын жеткізу арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту

3.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, сыни ойлау модулі

Бағалау :Бірін-бірі бағалау, топтық бағалау, формативті бағалау

Күтілетін нәтиже: білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан – жақты дамыған шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Ресурстар: 1. Электронды оқулық материалдары

2.Отын энергетика кешені құрылымы.

3.Қазақстанның электр энергетикасы картасы.

4.Қазақстанның атом электр стансасы (суреті)

Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа білімді меңгерту

ІІІ. Топтық жүмыс

ІV. Постер қорғау

V. Жаңа сабақты қорытындылау

VІ. Бағалау

.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды топтарға бөлу

А) Оқушыларды түгендеу.

Ә) Назарларын сабаққа аудару.

ІІ.1. Жаңа сабақты меңгерту үшін алдымен жеке және жаппай сұрақтар беру арқылы оқушылардың алған білімдерін ,өткен сабақпен байланыстырып, нақтылау.

2. Электронды оқулық арқылы электр қуаты жайлы түсінігін дамыту.

ІІІ.Балалар ,біздер енді электр энергетикасы жайлы білімдерімізді тереңдету үшін әр-түрлі тапсырмалар орындаймыз.әрбір топ оқушылары берілген тапсырманы орындайды. Әр топтан бір оқушы бағалау парақтарын толтыруға маған көмектеседі.Тапсырмалар Блум таксономиясы бойынша таным мен ойлаудың төмен деңгейінен жоғары қарай дамытуды қөздейді.

Жаңа сабақ: «Электр қуаты » тақырыбын талдау мақсатында

Блум таксономиясын қолдану

Оқу міндеттерінің таксономиясы Тақырып мазмұны білу Оқушы
БІЛУ

Таным мен ойлау деңгейі төмен деңгей.

Нақты мәліметтерді білу Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? сияқты сұрақтарға жауап беуі қажет. Нақты фактілерді,негізгі ұғымдарды, терминдерді біледі.
Еске түсіре отырып, қажетті сөздерді толықтыр.

1. Қазақстанда электр стансасының …….. түрі қолданылады.

2.Жылу электр стансалары ….. түрге бөлінеді.Олар 1………..

2……………

3. Республикада электр стансасының үшінші типі ……………..

1973 жылы ………… қаласында салынған.

4. Екібастұз МАЭС-і үшін (4 млн кв\сағ) жылына ……… вагон отын қажет, ал АЭС үшін небәрі ………. вагон жұмсалады.

5. Қазақстандағы ең алғаш электр стансасы …….. ……. пайда болды.

1.Қазақстанда электр стансасының ….3…. түрі қолданылады.

2.Жылу электр стансалары …2.. түрге бөлінеді.Олар 1…конденсациялы……..

2…..жылу электр орталығы……….

3. Республикада электр стансасының үшінші типі …атом электр станциясы

1973 жылы …Ақтау қаласында салынған.

4. Екібастұз МАЭС-і үшін (4 млн кв\сағ) жылына ..200 мың .. вагон отын қажет, ал АЭС үшін небәрі 10 вагон жұмсалады.

5. Қазақстандағы ең алғаш электр стансасы ….ХІХ ғасырда. пайда болды.

ТҮСІНУ

Таным мен ойлау деңгейі орта деңгей.

Оқу материалын өз сөзімен түсіндіру Неге? неліктен? , себебі?не үшін? сұрақтарына жауап беру Фактілерді, қағидаларды түсінеді. Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал

салдарын сипаттайды.

1. Неліктен біздің елімізде ЖЭС-тер басым?

2. Неліктен мемлекеттің экономикасын нығайтуда жеттекші орынды отын-энергетика алады?

3. Не себепті СЭС электр қуатын жыл бойы бірқалыпты өндірмейді?

4. Неліктен ЖЭО қалаларда орналасқан?

5. СЭС –ғы каскадттар не үшін салынған?

ҚОЛДАНУ

Таным мен ойлау деңгей

і орта деңгей.

Қағидаларды,теорияларды практикалық тұрғыдан қолдануды көздейді. Кескін картамен жұмыс.

1. Еліміздің ең жылу ірі электр станцияларын кескін картаға түсіру.

2. Елімізлегі ең ірі су

Элетр стансасын кексін картаға түсіру.

Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданылады?
ТАЛДАУ

Таным мен ойлау деңгейіжоғарғы деңгей.

1. Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

Тақырыптың басты идеясын жаз. 3.Ұқсастығы неде?

Республикадағы электр стансаларының типтеріне салыстырмалы сипаттама

Электр

стансасының

типі

Электр қуатын өндірудегі үлесі % Ірі станса

ларды

мысалға келтір.

Қолайлы

жағы

Қолай

сыз жағы

ЖИНАҚТАУ Таным мен ойлау деңгейіжоғарғы деңгей. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді нәтиже құрастыру Қорытынды шығар,анықтама бер,тірек-сызба құрастыр,тақырыптың басты идеясын түсіндір Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
Тақырыптың басты идеясын сызба түрінде постерге сызыңдар.Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып ұсыну.
БАҒАЛАУ

Таным мен ойлау деңгейі жоғарғы деңгей.

Оқу материалының маңызын анықтау,ол туралы өзіндік пікір келтіру,ойын білдіру. Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
1)Сен қалай ойлайсың,Қазақстанның қай аудандарында болашақта Күн мен жел энергиясын пайдаланудың мүмкіндігі зор.

2)Электр энергетикаларының зияны туралы өз ойларын айту.

VІ.Үйге тапсырма

VІІ.Оқушыларды бағалау.

Кері байланыс

Рефлексия

  1. 1. Қазақстанның электр энергетикасы.
  2. 2. Электр энергетикасын көп қажет ететін өнеркәсіптер туралы баяндау.
  3. 3. Кескін картаға электр энергетикасының таралған аймағын толық түсіру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше