«Дүниежүзілік тамақтану күніне» арналған «Тамақ тану әліппесі»

Атырау қаласы. Жалпы білім беретін № 6 орта
мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Аманова
Жанар Жұмажанқызы

Жалпы білім беретін №6 орта мектептің 5 сынып оқушыларымен жүргізілген тәрбиелік шара

«Дүниежүзілік тамақтану күніне» арналған «Тамақтану әліппесі» атты облыстық шара

Өткізілген мерзімі: 6.11.2013 ж

Өткізілген орны: жалпы білім беретін №6 орта мектебінің акт залы

Мақсаты:

Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан – жақты дамуының кепілдігі – тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;

Міндеттері:

Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін;

  • Тамақтану сауаттылығының бес негізін;
  • Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін;
  • «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю.

Қолданылатын көрнекіліктер:

Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы ;

Кеңестер слайдтар арқылы;

Дәрумендер жиыны; Дәрумендер туралы слайдты презентациялар,мультфильм.

Көкөністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы;

Жарнама; (Оқушылардың сахналауы) «Адам ағзасына фаст -фудтың зияны»

Кинофильм «Саламатты Қазақстан» 2011 -2015 денсаулық бағдарламасы

Шара барысы :

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Хош келдіңіздер!

Жалпы білім беретін №6 орта мектебінің 5 сынып оқушыларының мектеп дәрігерімен және Облыстық салауатты өмір салтын қорғау орталығымен бірлесе дайындалған Дүниежүзілік тамақтану күніне арналған «Тамақтану әліппесі» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:(Азат) Тиімді және үйлесімді тамақтандыру балалардың жақсы денсаулығының және жан – жақты дамуының кепілдігі болып саналады. Балалардың дендері сау болуы үшін, тамақты сапалы, қолдануға қауіпсіз, басқы ингредиттері үйлесімді өнімдерден жасау керек.

Жас өсіп келе жатқан ағзағаның қалыптасуына көп нәрлі заттар керек.

Ағзаның қалыпты өсуіне ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер және микроэлементтер қажет.

Бізге белгілі деректер бойынша, жылына 130.000.000 – ға тақау европалықтар тамақтан болған аурулармен ауырады. Кішкентай сәбилердің дамуының бөгелісі және өлуінің себебі көбінесе іш өтуден болады. Йодтың жеткіліксіздігінен болатын аурулар европа халықтарының шамасы 16 % кездеседі және ақыл – ойдың жетіспеушілігінің себебі болады. Сондықтан балалардың тиімді тамақтануы Европа елдеріне де, Қазақстанға да өзекті мәселе. Біздің елімізде соңғы 3- 4 жылда мектептерде ыстық тамақпен тамақтандыру жақсы қолға алынды. Бала мектепте міндетті түрде ыстық тамақпен тамақтану керек. Күніне тамақтану 4 реттен кем болмауы керек. Тағам рационында сүт, сүзбе,құрт, ірімшік айран – кальций мен ақуыздың көзі болуы керек. Кальций мен фосфорды балық тағамдарынан алуға болады.

Күніне 1,5 литр сұйықтық, бірақ газдалған емес, жеміс немесе көкөніс шырынын ішуге болады.Ас мәзірін дайындағанда баланың өсуі мен дамуын, қоршаған ортаның әсерін, тұлғалық және эмоционалдық қосымша жүктемесін ескеріп, негізгі тамақ құрамының тепе – теңдігі сақталуы керек.

Жүргізуші:(Айнұр) Балалар тағамды оның пайдалылығына емес, дәмәне және қалай сәнделгеніне қарап таңдайтындығын ескеру керек. Сондықтан, тағамды сәндеуге бар қиялыңызды пайдаланып, ас ішуді шағын мерекеге айналдырсаңыз, сонда балаңыз ең қарапайым тағамның өзін сүйсініп жейді. Оқушының тамақтану тәртіптемесі оның күн тәртібіне тікелей байланысты. Балалар уақытының көп бөлігін мектепте өткізеді. Осыған байланысты баланы тамақтандыруда оның ақыл – ой еңбегімен айналысатын уақыты мен демалатын уақытын ескеру керек. Ол ақыл – ой еңбегімен айналысатын кезде жеңіл сіңетін тамақпен тамақтануы тиіс. Құрамында ұзақ қорытылатын ақуыздар мен майлар мол, қуатты тамақтарды бала демалатын кезде жегені дұрыс.

«Ас – адамның арқауы» ендеше, дұрыс тамақтану дені сау әрі әдемі болуға көмектеседі.

«Саламатты Қазақстан» 2011 – 2015 денсаулық бағдарламасына құрылған кинофильмнен үзінді.

1- бөлім :

1.Бой жазу:Жүргізуші:

Балалар, сендерге Данышпан атай жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар , өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі тәрбие сағатымыз да сол жұмбақтың жауабымен аталады.

Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сұреді.

Қадірін білген жарандар,

Байлық осы деседі. (денсаулық)

1.Альбина: 2.Нұрайым:

Салауатты өмір салтын қолдайық! Өзімді өзім жақтаймын,

Ата – ана ел үмітін ақтайық. Денсаулықты сақтаймын.

Өмірдегі басты байлық дейтұғын, Жүректен жылы соншама,

Бірінші байлық – денсаулықты сақтайық. Тілейміз саулық баршаға.

3.Нұрхан: 4. Мөлдір:

Денсаулық – ол күлуің, Басты байлық – денсаулық

Болсаң да әлі қаршадай. Құру үшін сен сауық.

Көңіл күйің жадырай, Бабам айтқан даналық,

Ойнау үшін шаршамай. Керек жақсы денсаулық.

5. Атамбек:

Денсаулық – ол жүруің,

Оқу үшін мектепте.

Ешбір жерің ауырмай,

Дұрыс тамақтану үшін де.

3. Жағдаяттарды шешу:

Жүргізуші:Айнұр

Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дүрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына: «Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді.

  • Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па ?
  • Оқушылар:

Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен

тиімді тамақтану қажет.

Жүргізуші:

Оқушылар:. Біз бүгін сендермен мектеп дәрігерінің, қонақтармен,аспаздың ынтымақтасуымен «Салауатты өмір салтының » қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдаймыз.

2 – бөлім :

1.ТИІМДІ ТАМАҚТАНУ ДЕГЕН НЕ?

(Экраннан слайдты презентациялар көрсетіледі )

Азат:

  1. Тиімді тамақтану деген не ?

Данияр :

Тиімді тамақтану рационы минералдық элементтерді, көмірсуларды, майларды және майлы қышқылдарды, ақуызды және витаминдерді қамтиды. Бұл негізгі құнарлы элементтердің жеткіліксіздігі және олардың қатысы тиімсіз болған жағдайда, өсу және даму бәсеңдейді.

Сондай- ақ заттардың алмасуы бұзылып,жүрек ауруына, семіздікке әкеліп соқтырады.

Ең бастысы, тағам пайдалы, құрамында : ақуыздар, көмірсулар, майлар, дәрумендер, микроэлементтер болу керек және ас дәмді болу керек.

Нұрайым:

Ақуыз – өсу, даму үшін өте қажет. Ақуыз өсімдікте : бұршақ, фасоль, соя, арахис, жаңғақтарда, малда : жұмыртқа, ет, балық, сүтте мол болады.

Наргиза:

Көмірсулар – көмірсулар көмегімен ағза жылуды сақтайды және қуат алады. Құрамында көмірсулар бар тағамдар : нан, картоп, жармалар, банан, қант, бал.

Есте сақтаңыздар : :көмірсуларды көп қолдануға болмайды.

Ізбасар:

Майлар – майлар қуатты өндіреді және ағзада майлы ұлпа түрінде жинақтайды. Олар өсімдік және сары майда, мал майында болады. Олар ағзаға аурулардан сақтануға көмектеседі.

Айнұр:

Дәрумендер (витаминдер) – дәрумендер бай тағамдар жемістер мен көкөністерде мол болады. Дәрумендер сапқа тұрыңдар !

Дәрумендерді тыңдайық :

А дәрумені– Нұрбек: балық, теңіз тағамдарында, өрік, бауыр құрамында кездеседі. Ол көру қабілетін арттырады, ағзаның қорғану қабілетін жақсартады.

В дәрумені -Айзада: күріш, көкөніс, құс етінде болады. Жүйке жүйесін, есте сақтау қабілетін, ас қорытуды жақсартады.

РР дәрумені-Гүлдана : нан, балық, жаңғақ, көкөніс,ет, кептірілген саңырауқұлақта кездеседі. Қан айналымын, холестерин деңгейін реттейді.

В 6 дәрумені -Гүлназ: түйір дән, жұмыртқаның сарысы,асбұршақта кездеседі. Жүйке жүйесі, бауыр, қан айналу қызметіне жағымды әсер етеді.

В 12 дәрумені -Гүлден: ет, ірімшік, теңіз тағамдарында,кездеседі. Қан айналымы қызметін жақсартады, бой өсіреді.

Фолий қышқылы-Лязиза : жасыл бұршақта кездеседі. Бойды өсіруге және қалыпты қан айналымы үшін қажет.

С дәрумені-Бекзат : итмұрын, тәтті бұрыш, қарақат,шырғанақта кездеседі. Ол сүйекке пайдалы, жарақаттың жазылуына ықпал етеді.

Е дәрумені-Айгерім : жаңғақ пен өсімдік майында болады. Ол қартаюды тежейді.

К дәрумені-Санжар: салат, кәді және ақ орамжапырақта болады. Ол қанның

ұйығыштығын реттейді.

(Дәрумендер туралы Мультфильм көрсетіледі)

Айнұр :

Микроэлементтердің жеткіліксіздігі неге әкеліп соғады ?

Тілекші:

Микроэлементтер : ағзаның қалыпты жұмыс атқаруы үшін аса қажетті химиялық заттар. Олар ағзаға тамақпен түседі.

Алина:

Йод – йодтың тапшылығы естің нашарлауына, ақыл – ой дамуының төмендеуіне, кретинизм және жемсау дерттеріне әкеліп соғады.

Мақсат:

Темір – темір тапшылығы анемияға, ақ – естің төмендеуіне , бойдың өспеуіне, дене бітімінің және ақыл – ес дамуының бәсеңдеуіне әкеліп соғады.

Дилназ:

Кальций – кальцийдің тапшылығы рахитке, сүйектің сынғыштығына, тістің түсуіне, кариеске, тісте артық дақ пайда болуына, тырнақтың жұмсаруына әкеліп соғады.

3. Азат :

Бұл аурулардың алдын алу үшін не істеу керек?

Жайхан:

Бұл аурулардың алдын алу үшін йодталған тұзды, сүт пен сүттен өндірілген таңам түрлерін, етті, бауырды, алманы, балықты, теңіз тағамдарын пайдалану керек.

4.Айнұр :Дұрыс тамақтану режимі деген не?

Айдана:

Дұрыс тамақтану режимі үнемі бір уақытта, бірақ күніне 4 – 5 реттен кем емес ас ішуді көздейді. Кешкі асты ұйқыдан кем дегенде 2 – 3 сағат бұрын қабылдаған дұрыс, өйткені асқазан түнде демалуы керек. Ұйқыдан 1 – 1,5 сағат бұрын сүт, кефир немесе кисель ішуге болады. Ас қабылдаулар арасындағы үзіліс 4 – 5 сағаттан аспағаны жөн. Жеткіліксіз шайналған, асығыс ішілген құрғақ тамақ, ыстық және суық тамақтың араласуы асқазан – ішек жолдарының әртүрлі ауруларына әкеліп соғады.

Хормен : Тиімді және үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі

1.Мирастың орындауында «Қазақтың қара баласы» термесін қабыл алыңыздар.

2. «АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ» :

а/. Жақсы тамақтанудың тоғыз принципі: сөз мектеп дәрігері –Власенко Олеся Олеговнаға берілед.і

б/. Тамақтану сауаттылығы туралы : – Келесі сөз кезегі облыстық салауатты өмір салты орталығы маманына беріледі.

  1. Мектеп бишілерінің орындауында «Аралар» биі

4. ЖАРНАМАЛАР : (оқушылар)

а/. «Деніңіз сау болсын десеңіз,сүтқышқыл өнімдерін пайдаланыңыз»

ә/. «Фаст – фудтан бас тартыңыз!»

Фаст – фудт – ағылшын тілінде – тез тамақтану деген сөз. Дәрігерлердің пікірінше – фаст – фудтың екі түрі бар: зиянды және өте зиянды.

Үнемі фаст фудтпен тамақтануға болмайды.

Фаст – фудтар сапқа тұрыңдар! Фаст – фудтар парадқа шығыңдар!

Гамбургерлер,чизбургерлер,хот-догтар,қытырлақ картоп(чипсы) кептірілген қытырлақ нан (кириешкалар) газдалған тәтті сусындар.

б/Слайдты презентациялар «Адам ағзасына фаст -фудтың зияны»

Есте сақтаңыздар! Азат:

  • Фаст –фуд семіруге алып келеді.
  • Жүрек ауруларын қоздырады.
  • Ақыл – ойдың дамуына кері әсер етеді.
  • Асқазан – ішек жолдарының көптеген ауруларын туғызады.
  • Шаштың түсін өзгертіп, үзілгіш етеді, бетке безеулер түсіреді.

Абайлаңыз, фаст – фудтан бас тартыңыз!

Қорытындылау:

Азат:

  • Оқушылар, Бүгінгі тәрбие сағаты сендерге ұнады ма?
  • Деніміз сау болуы үшін салауатты өмір салтының қандай қағидаларын есте сақтауымыз керек?

Тағамдар, жеміс-жидекпен , көкөністер бұрышын көрсетіп:

Оқушылар:

Лязиза: – Егер , біз тамақтанудың 9 принципін және тамақтану сауаттылығының негізін дұрыс сақтасақ, онда деніміз сау болады.

Айзада:– Егер, біз құрамында йод , темір, кальций бар тағамдарды пайдалансақ, онда деніміз сау болады.

Нұрхан:– Егер , біз күнде дәрумендерге бай жеміс – жидектермен, көкөністермен тамақтансақ, онда деніміз сау болады.

Айгерім:– Егер, біз ағзаға зиянды фаст –фуд тағамдарынан бас тартсақ, онда деніміз сау болады.

Алина:– Егер, біз сүт және сүт тағамдарын күнделікті пайдалансақ, онда деніміз сау болады.

Егер, біз тамақтану режимін сақтасақ, онда деніміз сау болады.

Айнұр:

  • Ендеше , оқушылар, деніміздің сау болуы ең алдымен өзімізге байланысты екен. Егер, осы қағидаларды дұрыс ұстансақ, деніміз сау болып, барлық жетістіктер мен мақсаттарға жетуге болады, яғни салауатты өмір салты – денсаулықтың кепілі.

Азат:

  • Бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылай келе:

Зор денсаулықты,

Дұрыс тамақтануды,

Қайратты да жігерлі болуды,

Жақсылық жасауға асығуды , тілеймін.

Шаттық шеңберін құру: Аза

  • Шаттық шеңберін құрайық.
  • Бір – бірімізге жақсы тілек тілейік!

(Оқушылар бір- біріне жақсы тілек тілейді)

Айнұр:

Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар!Осымен біздің 5 сынып оқушыларының дайындаған шағын тәрбие сағаты аяқталды. Әрқашанда дендеріңіз сау, аман жүріңіздер!

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше