Ц дыбысы мен әрпі.Цирк
Әліппе 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі.Цирк
Сабақтың мақсаты:
1.Ц дыбысы мен әрпін таныстыру,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды меңгерту.
2.Ц дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін,тіл байлықтарын дамыту.
3.Оқушыларды эстетикалық,адамгершілік тәрбиелеу.
Көрнекілік:Ц дыбысының баспаша ,жазбаша түрлері,кеспе әріптері,дыбыстық белгілер,полотно,жұмбақ,цирктің суреті,сайқымазақ қонақ, бағандағы сөздердің суреттері,хат,мәтін жазылған плакат,ассоцация құру.
Оқыту әдісі:баяндау,ізденушілік,сұрақ-жауап.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
А) білімді тексеру
ІІІ.Жаңа тақырып
а)жаңа дыбыс
ә)»Цирк» суретпен жұмыс
б)Цирк сөзін дыбыстық белгімен жазу
в)бағандағы сөздерге түсініктеме беру.
г)Цирк мәтінін түсіндіру
ғ)ассоцация құру
д)мұғалімнің мәнерлеп оқуы
ж)Хормен,іштей,тізбектей оқу
з)сергіту сәті
к)ауада жазу,тақтамен жұмыс
ІҮ.Бекіту сұрақтары.
Үйге тапсырма беру.
Ү.Қорытынды.
бағалау.
Сабақтың барысы:
І. –Сәлеметсіздер ме?
– Отырыңдар!
-Қазір қай мезгіл?-Қыс
– Бүгін қандй күн?- 6 желтоқсан аптаның 5 күні жұма
– Бүгінбізге сайқымазақ қонаққа келіпті.Қане барлығымыз бірге қонақтарға қарап:
-«Хош келдіңіздер!» деп айтайық.Тамаша.
ІІ. Сайқымазақ жай келмей бізге өзінің тапсырмаларын ала келіпті.
«Білімді тексеру» бөімі.
1- хат
-Өткен сабақта қандай дыбыс өттік?(Щ)
-Ол қандай дыбыс? (дауыссыз)
2- хат
-Щ дыбысына мысал келтір?
– ащы, борщ сөздеріне дыбыстық талдау жасау
3- хат
Балқаш деген не ?
– ол жайлы не айта аласың?
-Жақсы үй тапсырмасына барлығымыз дайындалып келіпсіңдер.
ІІІ. Жаңа тақырып
«Цирк» суретімен жұмыс.Цирк деген сөзде қандай таныс емес дыбыс естіледі? Ц дыбысы. Олай болса бүгінгі біздің тансаттынымыз Ц дыбысы.Қане хормен айтайықшы Ц-Ц-ЦБіз қайтік? Көзбен көрдік, ауызбен айттық, құлақпен естідік. Дауысымызды созып айта аламыз ба ?(жоқ). Олай болса Ц дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз)
Яғни, Ц- тіл алды,жуан,қатаң дауссыз дыбысты белгілейтін әріп. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді.Орыс тілінен еңген сөздермен халықаралық терминдерге тән.
Ц дыбысы сөздің басында, ортасында келеді. Оны қандай торкөзге қоямыз? Көк
4-хат «Жаңа дыбыс еліне мысал келтір»
Ц ыбысына кім көп, сөз айтар екен (цирк, цемент, цех, авиация,циркуль т.б.)(әр сөз тақтада суретімен ілініп,талданады)
Цемент сөзіне дыбыстық талдау жасау. 2 буын,2 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс.Ц дыбысы қай буында тұр?
Яғни, мынау Ц дыбысының әріп таңбасы.Бұл баспа түрі.Кітапта,журнал-газеттерде жазылады. Ал мынау жазбаша түрі. Бұл дәптерде, тақтада жазылады. Енді Ц дыбысын ауда жазып көрейік.Ал енді дәптерімізді көлбеу қойып,арқамызды тік ұстап ,көркем етіп Ц дыбысын дәптерімізге жазайық.
5-хат «Кім дұрыс оқиды»
Ц дыбысы бар бетті ашайық, бағандағы сөздердімен тақтаға ілдім кім оқиды?
Цирк- көтеріңкі көңіл-күй!
Цех- қажеттерді жасап шығару орталығы.(кәмпит, нан т.б)
Цемент-құрғақ,ұнтақ, тез қататын материал
Авиация- ауаға ұшақарды ұшыру орталығы
Офицер-әскери адам.
Сергіту сәті
өлең қосылады «клоун биі»
Ал, енді «цирк» деген тәтінді түсіндіру.Ассоциация құру.
ызықты үлкен
хайуанаттар әдемі
Ойындар сайқымазақ
-Енді плакатпен хормен оқыту.Оқушылар орнында кітаптан іштей оқу. Енді парта бойынша тізбектей оқыту,дауыстап.
6-хат Бүгін қандай әріппен таныстық?
Ц дыбысы қандай дыбыс? Дауыссыз
Қандай мәтін оқыдық? Цирк
| Не білемін? | Не білдім? |
| Циркте сайқымазақтар,хайуанаттардың бар екенінн білеміз | Цирктің мағынасын түсіндім |
Үйге: Цирк мәтінін оқып,мазмұнын айту.
Оқушыларды бағалау. Әрбір белсенді қатысқан оқушыға сайқымазақтың брилогы табысталады.
-Осымен ашық сабағымыз аяқталды,келген қонақтарымызға рахмет айтамыз.
