Тұрмыста пайдаланылатын химиялық жуғыш заттард ың зиянды әсері

2 “Мұрагер” мектебі

Орындаған: № 2 “Мұрагер” 9″Б” сынып

оқушысы Хами Сұңғат

Тақырыбы: Тұрмыста пайдаланылатын химиялық

жуғыш заттардың зиянды әсері

Бағыты : Химия

Секциясы: Химия

Жетекші мұғалім: химия пәні мұғалімі

Ахметова Сәуле Сахыпқызы

Қызылорда қаласы, 2013 жыл

Мазмұны
І Кіріспе 1-2
1.1 Тұрмыс химиясының кейбір бағыттары 3-5
1.2 Синтетикалық жуғыш заттардың құрамы,қасиеттері және жіктелуі 6-7
ІІ. Эксперименттік бөлім
2.1 Кір жуғыш ұнтақтарды тестілеу 8-11
2.2 Кір жуғыш ұнтақтарға сапалық анализ 12-14
2.3 Кір жуғыш ұнтақтардың көбіктенуін зерттеу 15
2.4 Құрамындағы фосфаттардың мөлшерін анықтау 16
2.5 Кір жуғыш ұнтақтарға ренгенофлуоресценттік

анализдің қорытындысы

17
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1 Социологиялық сұраудың нәтижесі 18
3.2 Кір жуғыш ұнтақ ерітіндісіндегі металдардың коррозияға ұшырау процесін бақылау 19
3.3 Кір жуғыш ұнтақтың өсімдікке әсерін бақылау нәтижесі
3.4 Зерттеу нәтижелері 20
ІІІ. Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Осыдан 10-15 жыл бұрын тұрмыста пайдаланатын синтетикалық жуғыш заттардың (СЖЗ) атауларын, әсіресе кір жуғыш ұнтақтардың аттарын оңай атап айтуға болатын еді: Астра, Эра, Лотос, Айна, себебі олардың жиынтығы көптүрлі емес еді. Бүгінгі күні әлемдегі химиялық индустрия бізге құрамы бойынша, әсері бойынша, қасеттері бойынша аса алуан түрлі синтетикалық жуғыш заттарды ұсынып отыр. Теледидар жарнамалары осы бағыттағы ақпараттарға толы, бірақ осы жағдайларда қарапайым адамға ұсынылып отырған көптүрлі құралдарды пайдалануда бағыт алу өте күрделі.

Ең алғашқы синтетикалық жуғыш құрал 1916 жылы пайда болған. Неміс химигі Фринц Понтердің тапқан өнертабысы тек өнеркәсіптік қолдануға арналған болатын. Тұрмыстық СЖЗ 1935 жылдан бастап шығарыла бастады, сол кезден бастап олардың қол терісіне зияндылығы азайды. Содан бері тар пайдалану аумағы бар СЖЗ бірқатары жасалынды, ал олардың өндірісі – химиялық өнеркәсіптің маңызды саласы болып табылады.

Тұрмыста пайдаланылатын химиялық заттар – қазіргі уақытта дамыған өндірістің өніміне айналып отыр. Үйдегі тазалық жұмыстарында оларды пайдаланбау мүмкін емес. Бірақ та біз оларды пайдаланар алдында, біздің денсаулығымызға келтіретін зияны туралы ойлана бермейміз. Мысалы, қазіргі тұрмыста пайдаланып жүрген кір жууға арналған ұнтақтарда полифосфаттар бар, ал олар адам денсаулығына, қоршаған ортаға аса зор зиян келтіреді. Беттік активті заттар (БАЗ), хлор, көмір қышқыл газы, азоттың оксидтері, фенол, формальдегид, ацетон, аммиак, ағартқыштар, ароматизаторлар – осы химиялық заттар, біздің күнделікті тұрмысымызда қолданылатын (кір жуғыш ұнтақтарда, киім тазартқыштарда, ыдыс, ванна, туалет тазалағыштарда) парфюмериялық заттар құрамында кездеседі. Бұл заттардың барлығы да биологиялық жағынан белсенді. Ешкімге құпия емес, қоршаған ортаның осы заттармен ластануынан, халықтың арасында мынандай аурулар көптеп кездеседі: аллергия, бронхит, түрлі тері аурулары. Тағы бір айта кететін жәйт, осы тұрмыстық химия заттарын мөлшерден тыс пайдаланудың әсерінен пайдалы микрофлора ластанады. Ғалымдардың айтуынша, планетамызда аллергия ауруының көбейіп кетуі шамадан тыс химиялық заттарды қолданудың әсерінен, адамның иммундық жүйесін бұзылған деп отыр [2].

Бүгінгі күні синтетикалық жуғыш заттар өндірісінің үнемі өсу жағдайында олардың құрамындағы химиялық заттардың қауіптілік дәрежесін анықтау, олардың қоршаған орта мен адамға зияндылығын зерттеу көкейтесті мәселе болып табылады. Себебі ең қауіптілігі сол, СЖЗ ерітіндісінде пайдаланғаннан кейін де құрамындағы химиялық заттары сақталады. Олар адам тікелей пайдаланған уақытта да адамға, пайдаланудан қалған қалдық ерітіндісінің де қоршаған ортаға (су, топырақ) белгілі дәрежеде зияны бар екендігі дәлелденген.

Сондықтан да зерттеу жұмысының мақсаты: Тұрмыста пайдаланылатын химиялық жуғыш заттардың (жуғыш ұнтақтардың) құрамын, олардың адам денсаулығына әсерін, қоршаған ортаға зиянын зерттеу, оқушылар мен олардың ата-аналарының СЖЗ құрамы туралы, олардың зиянды компоненттері туралы түсініктерін кеңейту болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:

  • Осы тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді оқу;
  • Кір жуғыш ұнтақтардың химиялық құрамын білу және құрамын анықтау әдістерін үйрену;
  • Қазіргі дүкен сөрелерінде симай тұрған, тұрмыстық химия заттарының зиянды әсерін зерттеу;
  • Халқымыз қолданған тұрмыс химиясының кейбір жақтарына тоқталу;

– Химиялық заттардың орнын алмастыратын заттарды халыққа ұсыну;

Зерттеу әдістері:

Теориялық, социологиялық, эксперименттік

1.1 Тұрмыс химиясының кейбір бағыттары

Адамзат баласы бұдан мыңдаған жылдар бұрын химияны қолданып, кейбір табиғи шікізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген. Бірақ ол кезде химияның сырлары әлі құпия, өз алдына ғылым болып қалыптаспаған болатын.

Бүгінгі күні химия халық шаруашылығының барлық салаларында, күнделікті тұрмысымызға кеңінен қолданылып отыр. Соңғы кезде жедел қарқынмен дами бастаған өндіріс салаларының бірі – тұрмыс химиясы. Тұрмыс химиясының негізгі мақсаты – үй-ішін, жиһаздарын, көрпе-төсекті, киім-кешектерді, мебельді, қабырғаларды тазалайтын, жуатын құралдар, косметикалық препараттар дайындап шығару . Тұрмыс химиясының препараттарын кейде косметика деп атайды. Мысалы, «Шаш косметикасы», «Іш киім косметикасы», «Автомобиль косметикасы» т.б

Косметика гректің «Космос», яғни «тәртіп» деген сөзінен шыққан. Адамзат қоғамы ғасырлар бойы косметикалық құрал ретінде табиғи заттар, шәйірлер мен бальзамды ,битум мен май эфирлерін, мал майы мен белокты заттарды , бояулар мен әк сияқты қосылыстарды қолданып келді. Олардың біразын әлі де болса қолданып жүрміз [1].

Көне дәуірдегі Египетпен қатар ертедегі Греция елі де әдемілік, тазалық, жастық қалыпты сақтауға ерекше көңіл бөлген .Олар көптеген рецептер қолданған . Көне заманның сұлуы Аспазия кезінде аспазия маскасы деп аталантын бетке жағатын крем пайдаланған . Косметикалық рецептің құрамы: сұлы ұны, жұмыртқа белогы, бал мен нарцисс гүлінің үгілген түбірінен тұрған.

Қазақ халқы да тұрмыс химиясын ерте уақыттан өз қажетіне кең пайдалана білген. Мысалы, өсімдік тамырларынан бояғыш компоненттерді бөліп алып, мақта –мата, жүн және ағаш бұйымдарын бояу; қаратікен тұзбен ауыз шайып, жағымсыз иісті кетіру, қайың қабығынан сағыз жасап тісті тазарту, жұпар иісті өсімдіктердің иісін көрпелер мен киім-кешектердің арасында сақтау, аяқ киімдерді майлау, жылтырату, металл бұйымдарының (самаурын, шайнек, т.б) тотықтарын, даттарын, күл мен сары балшық қоспасымен тазалау, айранмен шашты жуып, оған жұмсақтық және жылтырақ қасиет беру, ағаш бұйымдарды жылтырату, сырлау; торсық күбілерді ыстау. Әрине, бұл ата-бабалардан кейінгі ұрпақтарға жеткен тұрмыс химиясының кейбір элементтері ғана. Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық жетістіктердің нәтижесінде тұрмыс химиясы зор қарқынмен дамып, жаңа сапаға көтеріліп отыр.

Тұрмыс химиясының дамуына негізінен медицина, фармацевтика, физикалық және биологиялық химия салаларындағы ғылыми жетістіктер мен жаңалықтар үлкен әсер етті. Жалпы химияға тән бұл саланың да өзіндік әдістері және өндірістік ерекшеліктері бар. Мысалы препараттар дайындау кезінде еріту, араластыру, ұнтақтау, сүзу, кептіру, балқыту, іріктеу және экстракциялау сияқты заттардың молекулалық қасиеттеріне негізделген әдістер кеңінен қолданылады.

Тек бір ғана мұнайды өңдеу арқылы химиктер халық шаруашылығына және күнделікті тұрмысымызға қажетті жанармайлар, дәрі-дәрмектер, бояулар, әртүрлі шайырлар, лактар, полимерлер, жуғыш заттар мен көптеген косметикалық препараттар беріп отыр [1].

Соңғы жылдары тұрмыста қолданылатын химиялық заттар түрі өте көбейіп кетті. Түрлі хош иісті сабын, сусабын, гель, кір жуатын ұнтақ сияқты жуынуда , кір жуу процесінде қолданылатын заттардың құрамында әралуан химиялық қоспалардың бар екені шындық.

Міне, осы заттардың адам ағзасына тигізетін әсерінің жоқ емес екенін де ешкім жасыра алмайды.

Сатылымдағы кір жуғыш ұнтақтар, негізінен, фосфат құрамдас болып келеді. Ал, фосфат-кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен шайқау керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет ғана шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан келіп шығады екен. Адам терісін шектен тыс құрғатып жібереді. Кір жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып кетуіне де осы кір жуғыш ұнтақтың құрамындағы фосфат элементі себепші. Сондықтан жуылған кірді мүмкіндігінше қайта-қайта шайып, содан соң ілу керек.

Синтетикалық қоспа адам ағзасына келіп түсіп, аллергиялық реакция туғызуы мүмкін. Енді осы факторға бүгінгі күнгі адамдардың ағзасындағы иммунитет қасиетінің нашарлауын қоссақ, онда кір жуғыш ұнтақты дағдылы пайдаланудың адамға тигізетін залалын айтпай кетуге болмайды.

Аллергиялық аурулардың келіп шығуына адамның иммундық жүйесінің төмендеуі себепші болады. Бұл, сөз жоқ, жас ұрпақтың болашағына қауіптене қарап, тиесілі баға беруді, мұндай дерттің алдын алу шараларын ертерек қолға алуды міндеттейді.

Мынадай бір жайтты айтып кету керек. Үлкен перзентханада қысқа уақыттың ішінде оншақты жаңа туған сәби түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Тексеріп қарағанда оларды ораған жаялықтарда кір жуу ұнтағының құрамындағы фосфаттың мөлшері 60 пайыздан артып кеткен. Дәрігер мамандар осы химиялық қоспа балалар өліміне себепші болған деген тұжырым жасады.

Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық заттар тамақпен ілесіп, адам ағзасына залалын тигізеді. Бүгін Европа құрамында табиғи түрдегі заттары бар ыдыс-аяқ жуатын құралдарды әлдеқашан мойындап, оларды шығаруды өндірістік жолға қойды. Яғни, химиялық қышқылдарды жойып, соның негізінде адам ағзасына тамақпен түсетін химиялық қоспаларды залалсыздандыруға көмектеседі.

1.2 Синтетикалық жуғыш заттардың құрамы, қасиеттері және жіктелуі

Тұрмыста кір жуу – ең қиын процесс. Кір жууда көмекші ретінде беттік-активті заттар (БАЗ) болып табылады. Тұрмыстық химияда кір жуғыш ұнтақтардың ролі зор. Беттік активті заттар дегеніміз – молекуласында бір мезгілде екі қарама-қарсы қасиеттері бар топтар: полюсті (гидрофилді) және полюссіз (гидрофобты) топтар бар органикалық қосылыстар.

Кір жуу процесі 3 кезеңнен тұрады:

1) тазаланатын беттен кір бөлшектерін бөлу;

2) суда ерімейтін кір бөлшектерін ерітіндіге өткізу;

3) кір жуғыш ерітіндідегі жүзінді бөлшектерді ұстау, яғни ресорбцияны болдырмау

Бірінші және екінші кезеңді БАЗ қамтамасыз етеді. Ең тиімді БАЗ-ға алкилсульфаттар жатады. Алкилсульфаттар дегеніміз – күкірт қышқылының жоғары спирттерден түзілген эфирлерінің натрийлі тұздары ROSO2-ONa,мұндағы R – 8-18 көміртек атомы бар қаныққан көмірсутек радикалдары.

БАЗ өндірудің негізгі кезеңдері:

1) Күкірт қышқылы мен жоғары спирттердің күрделі моноэфирін алу:

C16H33OH + H2SO4 → C16H33O-SO2-OH + H2O

цетил конц. цетилкүкірт қышқылы

спирті күкірт

қышқылы

2) Алынған эфирді сілтімен бейтараптандыру:

C16H33O-SO2-OH + NaOH →С16H33O-SO2-ONa + H2O

цетилкүкірт қышқылының

натрий тұзы

Жақсы кір жуғыш ұнтақ – бұл тазалық белгісі. Олар әруақытта жағымды иісті және киім-кешекті, заттарды кіршіксіз етіп тазалауы керек. Қазіргі тұрмыста пайдаланып жүрген ұнтақтар осы талаптарға сай келгенімен, олардың екінші жағы бар, ол – айналадағы қоршаған ортаға келтіріп жатқан зиянды әсері.

Кір жуғыш ұнтақтар негізінен мынандай компоненттерден тұрады.Олар екі топқа бөлінеді: активтілігі жоғары заттар және қосымша заттар немесе активаторлар. Активтігі жоғары зат ретінде алғашқы орында сабын эффектілігі жөнінен жоғары, ал активаторлар ретінде түрлі ферменттер (органикалық және белоктың дақтарын кетіруге арналған), тазартуға не ағартуға арналған заттар, полифосфаттар (суды жұмсартуға арналған), сондай-ақ ароматизаторлар т.б.

Универсалды ұнтақ – бұл ұнтақпен кез-келген матадан тігілген заттарды автомат машинамен де, қолмен де жууға болады. Универсал деген атынан белгілі шаң-тозаңды, тер мен кірді барлығын кетіреді.

Активтігі жоғары заттар қосылған ұнтақтар бар олардың көмегімен кофе, шай, жеміс-жидек, май, соус дақтарын кетіруге болады. Олардың атына «Био» деген сөз қосылып жазылады.

Құрамында ағартқыштары бар және аз көпіршіктенетін активтігі жоғары заттары бар ұнтақтарда, кірді, дақтарды кетіреді, бірақ универсал ұнтақ сияқты кетіре алмайды. Осындай ұнтақтармен кез-келген матаны жууға болады, бірақ тек ағартуға болатын материалдарды. «Универсал» ұнтақ-пен салыстарғанда көбірек жұмсалады.

Салқын сумен жууға арналған ұнтақ синтетикалық және жұқа маталарға арналған. Мұндай ұнтақты пайдаланған кезде суды қыздырудың керегі жоқ, бұл бір жағынан электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Биоқоспалары бар ұнтақтар- табиғи ферменттерге жақынырақ. Фермент-тер әртүрлі дақтарға тереңірек әсер етіп, тамақтың, сусынның дақтарын кетіреді. Биоқоспалар 60 градуста әсер етіп, ыстық суда ыдырайды.

Отандық кір жуғыш ұнтақтар базарларымызда жоқ десе де болады.

Көбінесе шетелдік компаниялардың өнімдерін қолданып жатамыз. Таңдау әркімнің өз еркінде.

Әзірге, кез-келген кірге арналған кір жуғыш ұнтақтар жоқ десе де болады. Сондықтан әртүрлі кір жуғыш ұнтақтарды пайдалануға тура келеді. Таңдау көп болған сайын киімдерімізде таза, әрі көпке дейін жарамды болады.

2. Эксперименттік бөлім

2.1. Кір жуғыш ұнтақты тестілеу

№1 Тест. Кір жуғыш ұнтаққа сапалық анализ

Сапалы және жақсы ұнтақтардың қорабында міндетті ! деген белгі тұрады. Оған қарап біз ұнтақтардың құрамында ПАВ, фосфаттар, хлор,энзимдер және басқада зиянды заттардың бар жоғын білеміз.Егерде ұнтақтың сыртында құрамы көрсетіл-месе оның пайдалану қауіпті. Ондай кір жуғыш ұнтақтардың ішінде әртүрлі зиянды нәрселер болуы мүмкін, ол деген сөз әртүрлі тері ауруларына әкелуі мүмкін.

Мен зерттеуге мынандай кір жуғыш ұнтақтарды алдым : Пемос,Таіd, Ariel, Losk, Persil, Faberlic, Deni, Миф

1-сурет. Зерттеуге алынған кір жуғыш ұнтақтар

Пемос:

– бағасы: 150 тенге

-ГОСТ стандартқа сәйкестігі ТУ 2381-034-04643752-2004;

– қолмен жууға арналған;

– өндіруші кәсіпорын: “Хенкель Русь”ЖШҚ филиалы, Ресей, Энгельс қаласы, Саратов облысы, Стройтельный өткелі, Мәскеу қаласы

– құрамы: поликарбонат 25% , 5-15% анионды БАЗ, оптикалық ағартқыш, хош иісті зат.

– эколгиялық тазалық белгісі – жоқ

– қолданылуы туралы мәлімет – бар

– жарамдық мерзімі – 3 жыл

Лоск:

– бағасы: 160 тенге

– ГОСТ –қа сәйкестігі: ТУ 2381-001-89589054-2010

– қолмен жууға арналған ;

– жасалған жері: Хенкель РУСь ЖШҚ филиалы Ресей Энгельс қ.Мәскеу

қаласы, Колокольников көшесі;

  • құрамы: 5-15% анионды БАЗ <5% ионогенді емес БАЗ, оттегі бар ағартқыш заттар, фосфаттар, хош иістенгіштер;
  • қолданылуы туралы мәлімет : бар
  • жарамдылы мерзімі : 2 жыл

Миф:

  • Бағасы: 180 тенге
  • ГОСТ-қа сәйкестігі: ТУ 245-30093073-017-2004
  • Қолмен жууға арналған;
  • Жасалған жері: ООО Проктер энд Гембл-Ноамоковск;Россия,Тульсая обл , г.НОвамосковск
  • Құрамы: 5-15% анионды беткі-активті заттар БАЗ<5% ионогенді емес, БАЗ, оттегі бар ағартқыш заттар, фосфаттар, поликарбонаттар, цеолиттер, энзимдер, оптикалық ағартқыш заттар, хош иістендіргіштер;
  • Экологиялық тазалық белгісі : жоқ
  • Қолданылуы туралы мәлімет : бар
  • Жарамдық мерзімі 2 жыл

Персил

  • Бағасы: 150 тенге
  • ГОСТ-қа сәйкестігі :ТУ 2381-013-89589340-2010
  • Қолмен жууға арналған;
  • Жасалған жері: ООО Интерфил,ООО Хенкель Русь ,Россия, г.Пермь
  • Құрамы:5-15% анионды УБЗ,құрамында оттегі бар ағартқыш заттар. <5% ионогенді емес УБЗ, поликарбоксилаттар,фосфанаттар, сабын. Сондай-ақ опикалық ағартқыш, энзимдер, хош иісті зат линолал, бензил-салицилат, гекцилциналмоль
  • Экологиялық тазалық белгісі.жоқ
  • Қолданылуы туралы мәлімет: бар;
  • Жарамдылық мерзімі:2 жыл

Ариель

– Бағасы: 200 тенге

  • ГОСТ-қа сәйкестігі:ТУ 245-30093073-017-2004
  • Қолмен жууға арналған;

-Жасалған жері : ООО Проктер энд Гембл, Россия г Москва Ленин-

градская шоссе

  • Құрамы: 5-15% анионды беткі активті заттар, оттегі бар ағартқыш заттар,
  • <5% ионогенді емес БАЗ, фосфанаттар, полкарбонаттар

энзиддер, оптикалық ағартқыш заттар, қош иістенгіштер;

  • экологиялық тазалық белгісі : бар
  • қолданылуы туралы мәлімет : бар
  • жарамдылық мерзімі: 2 жыл

Дени

  • Бағасы : 150 тенге
  • ГОСТ-қа сәйкестігі ТУ 2381-025-04831040-2003
  • Қолмен жууға арналған;
  • Жасалған жері: Хенкель-Юг ЖШҚ ІВІ Хенкель ЖШҚ филиалы Мәскеу қаласы, Колокольников 11 үй
  • Құрамы: 5-15% анионды үстіртті белсенді заттар, фосфаттар, оптика-лық ағартқыш, хош иісті заттар;
  • Экологиялық тазалық белгісі;
  • Қолданылуы туралы мәлімет бар
  • Жарамдылық мерзімі : 18 ай

Тайд

  • Бағасы 200 тенге
  • Ту 245-300930733-017-2004
  • Проктер энд Гембл .Украина, Днепропетровск,
  • Құрамы 5-15% анионды беткі активті заттар БАЗ, 25% ионогенді емес БАЗ , оттегі бар ағартқыш заттар , фосфанаттар, поликарбонаттар, энзимдер, оптикалық ағартқыш заттар, қош иістенгіштер;
  • Қолмен жууға арналған
  • Экологиялық тазалық белгісі жоқ;
  • Жарамдылық мерзімі : 2 жыл

Faberlic

  • Бағасы: 1200 т
  • 1 кг концентрациялы ұнтақ , 3,5 кг жай ұнтақпен бірдей;
  • Қолмен де, машинамен де жууға арналған;
  • Жасалған жері: Dreco Werke GmbH, D-40221 Dusseldorf, Germany
  • Эксклюзивно для ОАО “Фаверлик” 117403 ,Москва ,Никопольская д,4
  • Құрамы 5-15% анионды ПАВ, 5-15% ионогенді емес ПАВ, поликарбо-ксилат, <5 % фосфонат, >30% цеолит, 15-30% оттегі бар ағартқыш заттар, энзимдер, оптикалық ағартқыш заттар, хош иістенгіштер;
  • Экологиялық таза фосфат жоқ, қоршаған ортаға зияны жоқ;
  • Жарамдылық мерзімі: 3 жыл

№ 2 Тест Көбіктенуіне зерттеу

Көпшілігіміз ойлаймыз, кір жақсы жуылу үшін ұнтақ жақсы көпіру керек деп, бірақта бұл құрамында сабыны көн ұнтақтар үшін арналған. Көбігі көп болған сайын, ПАВ-тың концентрациясы жоғары болады. Қазіргі заманауи фосфорсыз кір жуғыш ұнтақтардың көпшілігінің көбіктенуі аз, көбіктің көп болуы суды тазалауға қиындық келтіріп, оның қолданыстағы қасиеттерін төмендетеді.

Сонымен , көпіршігін анықтау үшін төмендегі кір жуғыш ұнтақтар зерттелді. Пемос, Дени, Миф, Ariel, Taid, Losk, Persil, Faberlic

Мына кір жуғыш ұнтақтарда көбік көп болатыны анықталды. Ең көп көбіктенген ұнтақтар: Персил, Тайд, Ариель, одан аз көбіктенген Пемос, Дени, Лоск. Ал Faberlic өте аз мөлшерде көбіктену болған.

2-сурет Кір жуғыш ұнтақтардың көпіршіктенуін бақылау

№3 Тест. Құрамындағы фосфаттардың мөлшерін анықтау

Қажетті құрал-жабдықтар :

1.Аммоний молибденаты 2.Концентрациялы күкірт қышқылы

3.Қалайы немесе припой ПОС-61 4. Мыс купоросы ( мыс (ІІ) сульфаты кристалогидраты CuSO4∙ 5H2O) 5. Нарий хлориді ( ас тұзы Экстра ) 6. Глицерин

№1 Реактив

15 мл суға 5 мл концентрациялы күкірт қышқылын қосады. Ерітіндіні үй температурасына дейін салқындатып, 250 мг аммоний молибденатын қосамыз (жетіспеген жағдайда 350 мг) толық ерігенше араластырдым. 1сағаттан кейін қолдандық. № 2 Реактив

Қалайы (ІІ) хлоридінің глицериндегі ерітіндісін дайындап алдым, Реакция нәтижесінде сутек бөлінді.

1.300мг мыс купоросын, 500 мг натрий хлоридін 3 мл суда еріттім (ерітіндінің түсі көгілдір түске айналды)

2.Осы ерітіндіге 1 гр ПОС-61 қостым. Реакция нәтижесінде қоңыр тұнба түзілді.

3.Сол ерітіндіге 3 тамшы конц күкірт қышқылын қостым ерітіндінің түсі өзгергенше араластырдым.Қара тұнба түзілді.Реакция 5-10 мин жүреді. 30 мин қоямыз.

4.Сұйықтықтан 2 мл тұнбасыз таза шыны сосудқа құйып алып, 2мл глицерин қостым.

5.Су банясында 100° С 10мин қойып қыздырдым.

6.Алынған ерітіндіні 10 мл глицерин қосып үй температурасына дейін салқындаттым (мөлдір ерітінді пайда болды).

Анықтау

1. Пеницилин ыдысына 10 мл зерттеуге алынған суымызды құйдым.

2. Оған 2 мл реактивті құйып, 15-20 сек араластырдым.

3. 1 тамшы №2 реактивті қосып араластырдым. Егер ыдыстың жоғары жағынан қарасақ, түсі қанық болады , сұйықтық мөлшері 3,5см

Қорытынды

Алынған тәжірибеден мынадай қорытынды жасауға болады, кір жуғыш ұнтақтардың ішінде шынында да, адам денсаулығына зиянды және экологияға зияны бар екені анықталды.

Зерттеу нәтижесінде кір жуғыш ұнтақтар құрамында суды ластайтын ионогенді БАЗ және фосфаттар бар екені анықталды. 15-30% анион, 5% катион Миф, Taid, Ariel ұнтақтарынан анықталды.

2.2. Ренгенофлуоресцентті анализ нәтижесі

Күкірттен алюминйге дейінгі элементтерге ренгенофлуоресценттік анализ нәтижесі төмендегідей болды:

№ 1 кесте Ренгенфлуоресценттік анализ

Элементтің

аты

Миф Пемос Losk Ariel Taid Persil Дени
S күкірт 62.07 81.66 80.82 63.04 66.42 63.04 62.27
P фосфор 25.34 21.73 15.34 23.8 26.82 19.90 21.73
Si кремний 6.45 15.22 15.34 6.01 6.09 15.87 26.25
Ca кальций 0.76 0.65 0.69 0.89
K калий 6.12
Fe темір
Cu мыс 0.44
Al алюминий

Орташа есеппен алғанда кір жуғыш ұнтақтарда мына элементтер

болатыны анықталды

Зерттеу нәтижесі:

S Күкірт 65,39 %
P Фосфор 18,41 %
Si Кремний 12,99 %
Ca Кальций 0,57 %

2.3. Социологиялық сұрау нәтижесі

Химиялық тазартқыш заттарды пайдаланғанда өте сақ болу керек. Химиялық заттарды пайдалану бет парағында (этикеткада) ағзаға кері әсері бар ма , жоқ па мұқият қарап алу қажет.

Біз 60 жанұяға осы жуғыш заттармен жұмыс істеуі туралы сауалнама жүргізгенімізде, жүз пайыз жанұя әртүрлі химиялық жуғыш заттарды пайдаланаты анықталды:

А. Кір жуғыш ұнтақтар : Миф, Тайд, Ариель, Пемос, Дени , Персил, Дося, Аист т.б

Сауалнама алынған жанұялардың сауалнамасының нәтижесі төмендегідей болды:

–Осылардың ішінде тек 3%-і ғана тазартқыштардың құрамына қарайды екен, ұнтақтан гөрі, гельді пайдалануға тырысады екен.

–97%-ы бұл туралы ойланбағанда, себебі жарнамаға және оны өндірушілерге толық сенеді.

3-сурет Социологиялық зерттеудің нәтижесі

Егерде сол заттардың құрамына анықтап қарасақ, мынандай зиянды заттарды кездестіруге болады

анионды (ПАВ) активтігі жоғары заттар кір жуғыш ұнтақта және тазартқыштарда пайдаланылады.Олар иммунитетті бұзады,мидың жұмысына,аллергия,бауыр,бүйрек ауруларына ұшыратады.

натрий гидрохлориді.Бұл ағартқыштарда болады.Бұл да кері әсер етуші.

4. Кір жуғыш ұнтақтардың әсерінен алюминий және темірден жасалған

бұйымдардың коррозияға ұшырауы

Алюминий сым мен темір шеге алып, 10мл 10%-тік кір жуғыш ұнтақтың ерітіндісіне салып қойдық. Тәжірибенің ұзақтығы 15 күнге созылды. Зерттеу нәтижесі кір жуғыш ұнтақтардың барлығы алюминийден жасал-ған сымның коррозиясын жылдамдатқан. 15 күннен кейін алюминий сым-ның бетінде ақ заттың қабыршағы пайда болды, ол суда ерімейді.Сапалық анализ нәтижелері мынаны көрсетті, ерітіндіде АІ 3+ ионы көп мөлшерде кездесетіні анықталды. Сумен және тамақ арқылы ағзаға енген АІ иондары ерімейтін фосфат түрінде асқазан ішек жолдары арқылы қанға еніп, бүйрек арқылы сыртқа шығарылады.Егер бүйректің қызметі бұзылған жағдайда , АІ мөлшері жиналып , сүйек тез сынғыш, метабализм жұмысы нашарлап, әртүрлі анемия ауруларына шалдығу басталады.

Ал, темірдің коррозияға ұшырауы әсіресе Лоск және Персилде жылдам болды.Темір шеге таттанып, қоңыр түсті қабат пайда болды. Ал, Феверликте бұлардың біреуі де болған жоқ.

4-сурет Кір жуғыш ұнтақтардың алюминиге,темірге әсері

2.5. Кір жуғыш ұнтақтардың өсімдіктерге әсері

Екі бірдей үйде өсіп тұрған гүлге, Ариел мен Faberlic ұнтақтарының судағы ерітіндісін құйып , бақылау жасадым . Нәтижесінде бірнеше күн өткен соң, Ариел ұнтағының ерітіндісі құйылған гүл солып, өзінен-өзі өле бастады. Бұдан , шығатын қорытынды Ариел өсімдіктерге қоршаған ортаға қауіпті деген сөз. Ариел кір жуғыш ұнтағының құрамында фосфат бар,ал Faberlic-те оның орнына экологиялық таза зат цеолит пайдаланылған.

5-сурет. Екі кір жуғыш ұнтақтың гүлге әсері

Зерттеу жұмысының нәтижесі

БАЗ беткі–активті заттардан басқа кір жуғыш ұнтақтар құрамында бояғыштар, консерванттар, ағартқыштар, энзимдер және т.б заттар болады, бірақ қорабында толық мәлімет көрсетілмейды.

  • Кір жуғыш ұнтақтардың жарнамасына көп көңіл бөлінеді;
  • Тәжірибе нәтижелері бойынша мынандай қорытынды жасауға болады, зерттеуге алынған кір жуғыш ұнтақтардың барлығы темірден және алюминийден жасалған бұйымдардың коррозияға ұшырауын жылдамдатады.
  • Зерттеу нәтижесі бойынша , мынаны байқадым барлық кір жуғыш ұнтақтар су қоймасындағы экосистемаға кері әсер етеді, судың сутектік көрсеткішін өзгертіп, суда тіршілік ететін тірі организмдерге кері әсерін тигізеді.
  • Құбырдағы тіршілік ететін ағзалар жойылуы әсіресе , Мифқа қарағанда Персилда жылдам жүретіні байқалды.
  • Екі бірдей бөлме гүліне Ариел мен Faberlic кір жуғыш ұнтақтарының судағы ерітіндісін бірдей мөлшерде құйдым, екі күннен кейін Ариел құйылған ыдыстағы гүл сола бастағанын байқадым. Ал, Faberlic құйылған ыдыстағы гүл сол күйінде қалды.
  • Осы зерттеулер нәтижесінен байқағаным, барлық кір жуғыш ұнтақтар өте активті.

Тұрмыста пайданылатын химиялық заттардың құрамында

не болмау керек?

Хлор. Барлығымызға белгілі ол, улы, зиянды. Хлор әсіресе жүрек қан тамыр ауруларына, атерсклероз, анемия, гипертония, аллергия ауруларының пайда болуына әкеледі. Ол белоктың жұмысын бұзып, теріге және шашқа кері әсер етеді, қатерлі ісік ауруына соқтырады.

Біз хлор Доместос , Ас, Прил т.б барын анықтадық.

  • Фосфаттар . Бұл қазір 20 жылдай уақыт болды көптеген дамыған елдерде адамдарының денсаулығына қарайтын, экологияға жанашырлықпен қарайтын елдерде қолданылмайды. Себебі біріншіден, фосфаттар сумен араласып, ондағы көк жасыл балдырлардың көбеюіне жағдай жасайды. Ауыз суды ластайды, ластанған су адам денсаулығын құртады. Асқазан ішек аурулары, жас балалардың потологиясы т.б жалпы адам өмірін қысқартады. Фосфатты біз мына заттардан таптық : Пемос, Ариэль, Тайд, Миф, Дося , Аистенок , Персил т.б.
  • Анионды БАЗ сұйық және қатты сабындарды зерттегенде негізгі бактерияларды өлтіретін заттар :

Триклозан (сұйық сабында ) және триклобан ( қатты сабында) Бұл заттардың барлығы микробқа қарсы қолданылатыны белгілі , бірақ соңғы кезде ғалымдар , олардың микроорганизмге әсер тағы бір жағын ойлап тапты. Ол былай , барлық бактерияларда ферменттерді реттеп отыратын гендер болады.

Триклозан және басқа бактерияға қолданылатын заттар сол ферменттерге кедергі келтіреді, сөйтіп қорғаныш қабаты түзілмей, микробтар қорғансыз болып қалады. Нәтижесінде, орташа бактериялар өледі, бірақ мутанттар тірі қалады. Біраз уақыттан соң, тек мутанттар қалып, тез жылдам көбейе бастайды. Олар организм бұрынғыдан да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан жуғыш заттардың құрамына міндетті түрде мұқият қарау керек. Аммоний айна, терезе,плита, ванна тазалағыштардың құрамында міндетті түрде болатын ингредиент.

Ол хлормен қосылғанда улы хлор газы бөлінеді. Үйді тазалайтын заттарды ауыстырып тұру керек.Жарнама жасағанда оның улы жақтары айтылмай қалады.Алған затыңыздың қағазын оқып, оған қосылған ингредиенттердің тізіміне көңіл бөліңіз, олардың барлығы тегіс жуылмайды.

Дүкенге барғанда міндетті түрде ол заттың кері әсері бар ма, жоқ па сұрау керек. [3]

Осы улы химикаттардың орнын алмастырушы ( альтернативті) заттарды пайдалануды ұсынамын:

Тұрмыста жиі қолданылатын сырлы ыдыстарды ас тұзымен тазалауға болады. Ал, ыдыс жаңадан сатып алынған болса , онда оны шамалы тұз салынған (1л суға 5 шай қасық тұз салынған ) суда қайнатқан дұрыс . Сонда ол ұзақ уақыт сақталады. Эмальды ыдысқа ыстық суды немесе ыстық ыдысқа салқын суды бірден лақ еткізіп құюға болмайды , себебі эмаль қабаты шытынап , торланып сызаттанады .

Шаруашылық дүкенінен жаңадан сатып алынған таба (сковородка ) түбінде тамақ күйіп, қатпауы үшін, өсімдік немесе мал майын құйып, 5-6 мин қыздырады. Кейде оған ірі ас тұзын қосады . Ал тұз қоспағанның өзінде бәрібір майдан кейін тұз салып араластырып, шүберекпен ысқылайды. Ыдысты таза сумен жуады.

Ертеректе біздің бабаларымыз қасық ,таба , астауды ағаштан жонып жасаған . Боялмаған ағаш ыдыстарда су сіңіп , ісінбеу үшін оны майға салып қайнатқан . Бұл әдіс әлі де мәнін жғалта қойған жоқ. Қазірде ңақ осы негізде боялмаған ағаш ыдыстар балқыған 100г ағаш шайыры мен 30г балауыз қоспасымен өңделеді.

Шәйнектің ішіндегі қақты тазалау. Ең таза деген судың құрамында жақсы не нашар еритін тұздар кездеседі. Су құрамында өте аз болса да нашар еритін

Мысалы, ас содасы т.б. мынандай табиғи тазартқыш заттар.

–лимон согы татты кетіреді,терезе жууда және киімдегі дақты кетіруге қолданады

–Сірке қышқылы дақты кетіреді, дезинфекциялау, плиталарды тазалау, кафель, қақты кетіру үшін қолданылады.

Химиялық заттарды қолданғанда мына ережелерді сақтау керек:

  • Химиялық заттар ауаны ластамас үшін бөлмені желдетіп тұру керек;
  • Химиялық заттардың орнына жуатын шаңсорғыштармен тазалап отыру;
  • Түкті кілемдерді , төсеніштерлі азайту, себебі олар шаңды көп жинайды ;
  • Кез-келген химиялық затты пайдаланғаннан кейін, тіпті сабынмен жуған соң да қолды сумен көп мөлшерде жуу керек;
  • Ыдыс жуғанда да , таза сумен көп мөлшерде жуып шаю керек ;
  • Кір машинадан алған соң, кірді бірнеше рет таза сумен жуу керек , себебі кір жуғыш машина содасын кетірмеуі мүмкін; [1]

Химиялық жуғыш заттар күнделікті тұрмыста жиі қолданылады. Сатып алар кезде мынаған көңіл аударған дұрыс:

– Затты тек сертификаты бар компаниялардан алып дағдылану керек;

– Өнімнің адам денсаулығына және экологияға зияны жоқтығы туралы мекеменің растаған мөрі басылу керек;

  • Компания өнімдері ұзақ уақыттан бері рынокте аты белгілі болғаны дұрыс ;

Зерттеу барысында көп адамдар осы айтылғандарға мән берместен , қандай жуғыш затты пайдаланасың дегенде , дүкенде сатылатын , жарнамада көп айтылатын, таныстарымның айтуымен пайдаланамын деген жауаптар алдық;

Жарнамада мынандай деп айтылса ғана қауіпсіз болуы мүмкін , себебі ол компания жарнамаға жауап береді . Экологиялық жағынан таза , улы емес , қауіпсіз, зиянды әрекеті жоқ деген секілді;

Өкінішке орай дүкен сөрелерінде тұрған жуғыш заттар құрамында , көптеген дамыған елдерде алынып тастаған заттарды кездестіруге болады .

Тазартқыш заттардың альтернативті әдістерін қолдану

Төменде көрсетілген тек табиғи өнімдермен тазарту әдістері:

Асхана

–Асхана жиһазындағы майлы дақтарды сірке суына батырылған замешь матамен кетіруге болады

–Шкафтың пластик тұтқасын спиртпен тазартуға болады

–Электрплиталарымен конфоркасын тұз сеуіп қатты щеткасымен ысқылап сүртуге болады.

Ванна мен туалет

–Сырлы кірпіш плиталарын борды суда езіп сүртуге болады. Бір ерекшелігі бор плиталар арасындағы қоспаны ағартып қосымша әсер береді.

–Унитазды тазарту үшін:ас содасын унитазға сеуіп, оның үстіне аздап сірке су қосып қылшақпен тазартсақ,үнемі жылтырап тұрады.

–Құбыр бітеліп қалған уақытта да сода мен сірке суын пайдалануға болады. Ол үшін құбырға жарты стакан ас содасын салып,үстіне жарты стакан сірке суын қосып,қақпағын жауып қою керек. 20мин тұрғаннан кейін, құбырдың үстінен ыстық қайнап тұрған су құю керек.

–Ваннада дақтар мен грибоктар болмау үшін таза сірке суын қолдану керек.Губканы сірке суына батырып ваннаны сүрту, сосын үстіне сода салып,одан кейін ылғал губкамен сүртіп,сумен жуып тастау керек. Плитада сабынның дақтары болмау үшін, жуынып болғаннан кейін душтың ішін құрғақ шүберекпен сүртіп отыру керек.

–Металл арматураны губкаға спирт тамызып сүртсе жылтырайды.

–Унитаздың қабырғасындағы дақтарды кетіру үшін бура қоспасы мен лимон сөлін араластырып, түнге карай жағып тастау керек.Сосын қылшақпен тазалап, сумен жуып тастау қажет.

Қорытынды

Қорытындылай келе, мынандай жұмыстар жасадым. Кір жуғыш ұнтақтарды зерттедім. Олардың құрамын, қасиетін, компоненттерін, адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін анықтап жаздым, кір жуғыш ұнтақтардың қандай стандартқа сәйкес болу керектігін және олардың құрамына анализ жасадым.

Менің зерттеу жұмысым дүкендегі кір жуғыш ұнтақтарды таңдауға, сондай-ақ олардың құрамындағы фосфаттарды өндірістен алып тастау керектігінің тағы бір дәлелі болмақ. Неге?

Тұрмыстық химия – бұл біздің күнделікті пайдаланып отырған затымыз. Айналамызды қарап отырсақ әртүрлі адамдар бар, мысалыға пайдаланып отырған кір жуғыш ұнтақтың айналадағы қоршаған ортаға, табиғатқа, жан-жануарларға зияны туралы ойланбайтын, ал енді біреулерінің мүлде хабары жоқ.

Сауалнама алынған барлық жанұяда үй тазартуда тұрмыстық химияны пайдаланады.Көпшілігі жарнамаға,таныстарының айтуымен пайдаланады және оның құрамына мән бермейді. Сол пайдаланылатын химиялық заттар құрамында,адам денсаулығына зиянды заттар бар екені анықталған, мәселен:

1)Доместос, Ас, Прил құрамында хлор бар екені анықталған

2)Апрель, Пемос, Ариэль, Тайд, Миф, текс, Дося, Лотос, Аист, Аистенок, Персил, Хенко құрамында фосфаттар бар екені анықталған. Ол кір жуу кезінде судың кермектігін азайтып, кірді жақсы ашуға көмектеседі. Бірақ, батыста дамыған елдерде осыған пара-пар, қоршаған ортаға зияны жоқ, экологиялық жағынан таза компаненттер- цеолиттер қолданылуда.

Ондай компаниялар мәселен, Amwey, NewLife, Gloryon, Apro,Edelstar және т.б

Бұл компаниялардың өнімдерінің көпшілігі концентрациясы жоғары, өсімдік экстрактысынан жасалған. Концентраттардың бір ерекшелігі, ұзақ пайдаланылады.

3)Аммоний терезе, айна, ванна, туалет жуатын заттар құрамынан анықталған.

4) Сұйық сабында триклозан

5) Қатты сабында триклобан [2]

Айналадағы ортаны қорғау, сақтау, аялау бүгінгі таңда үлкен мемлекеттік , тіпті ғаламдық мәні бар мәселеге айналып тоыр. Оған әрбір саналы азамат ,әрбір жанұя ат салысуы керек. Айталық бір жанұя демалыс күні үйін, жуып, көрпе-төсектерін, кілемдерін, есік, терезелерін сүртіп, және бау-бақшадағы түрлі зиянкестерді жойды делік. Әрине бұл құптарлық шаруа. Ол әуелі мұны тұрмыстық химиялық препараттарды пайдаланып жүзеге асырды. Бұл әлгі химияның пайдасы. Сондай-ақ осы жұмыс кезінде қаншама кір жуған су төгіліп, ыдыс, түрлі құты мен сауыттар, синтетикалық дорбалар босап, қыруар қоқыс пайда болды емес пе? Сөзсіз бұл тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың зиянды жағы, өйткені босап қалған қоқыс әуелі ауланы, ыбырсытады. Ал мұндай препараттарды қаншама жанұя пайдаланады. Демек, қалған қоқыс та көбейе түседі.

Енді нақ осы мәселерің тағы бір статистикалық тұрғыдан, яғни баспасөз беттеріндегі жарияланып жүрген есептеулерге назар аударайықшы. Қазір орташа есеппен әрбір жанұяда шамамен 7кг химиялық препарат қолданады екен.Бұл,әрине, көп, өйткені әрбір үйге 7 кг келсе , бір ауылда, қалада қаншама жанұя бар.

Осыншама қоқыстан арылудың, яғни ауланы, суды, орманды ластамаудың басты екі түрлі жолы бар . Әуелі өзімізден бастағанымыз жөн. Әрбір азамат өзі қолданған химиялық препараттың ыдысын, құтысын қоқыс салғышқа салғаны жөн. Сонда көк майса жайлау мен мөлдір бұлақ басында консерві қаңылтыры мен шыны сынықтары тіпті жатпаған болар еді.

Екінші жолы өндірістегі химиктер мен технологтарға байланысты. Әрбір химиялық препаратты қалай неге салып шығару жағын дұрыс ойластыру керек. Босаған қорап, сауыт, құты, дорбаларды қайта пайдалану, оны жаңадан әзірлегеннен кейін 3-6 есе арзан түседі. [2]

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қ.Күзембаев “Химия тұрмыста” Алматы , 1987 ж
  2. А.П. Козловский “Химия в быту” Из-во “Знание” 1974г
  3. С. Жайлауов “Тұрмыста пайдаланылатын химиялық товарлар” Алматы,1988
  4. А.Г.Афанасьев, Е.С.Григорьев “Химия на службе быта” Из-во Знание 1986г

5. Қ. Нұрымбетов “Косметикалық препараттар” Мектеп ,Алматы 1989ж

6. http://www.tcziologi@mail.ru

7. П.Миладинов “Кір жуатын синтетикалық препараттармен кір жуу”

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше