Хат немесе адамдар арасындағы өмірдастан және о лардың түрлері мен тілі
Б.Момышұлы атындағы
Алматы Республикалық
әскери мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
гуманитарлық ғылымдар магистрі
Қалниязова Айнұр Қадырқызы
10 қазақ сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Хат немесе адамдар арасындағы өмірдастан және олардың түрлері мен тілі
Сабақтың мақсаты:
- Білімдік:хаттар, оның түрлеріне тоқталу, хат түрлерінің рәсімделуі, жазылуы туралы мәліметтер беру. Оқушыларды хат жаза білуге үйрету.
- Дамытушылық:оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа баулу, өзара көмектесуге, әділдікке дағдыландыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
- Тәрбиелік:оқушыларды іскерлік қасиеттерге баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, елжандылық сзімдерін ояту
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі:жекелей және топпен жұмыс, әңгімелеу, жаттықтыру, сұрақ-жауап, іздендіру, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, плакат «Хат», хат – кестелер, таблица – кеспелер, плакат — конверт, құжат үлгілері
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, адам және қоғам, орыс тілі
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру:
Взвод командирі орынбасары баяндауынан кейін сыныппен амандасу, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын ұйымдастыру, оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Үй тапсырмасын сұрау:
3 топ бойынша сайыс өткізу:
- Ресми іс қағаздар неше түрге бөлінеді? Түрлерін атаңыз
- Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздар түрлерін атаңыздар
- Өмірбаян дегеніміз не? Түрлерін атаңыз
- Өмірбаян жазуда қандай сұрақтарға жауап беру керек?
- Түсініктеме қай кезде жазылады?
- Сенімхат қай кезде жазылады?
- Қолхат қай кезде жазылады?
- Жаңа сабақ өзектілігі:
Мұғалім: Балалар, маған Америка қаласынан хат келді. Соны сіздерге оқып берейін:
Сәлем хат!
Саламатсызба Айнұр апай! Қалай жағдайыңыз? Сіз сынып алдыңыз ба? Бізбен салыстырғанда сыныбыңыз жақсы болар, өйткені біз сәл тентектеу болдық, апай?! Бірақ сіздің үмітіңізді ақтауға тырыстық. Сыныптағы Мейрамбек пен Азамат Астана қаласында Қорғаныс Минситрлігінде жұмыс атқарады, Ерсұлтан да Астанада әскери қызмет атқарып жүр. Ал Асхат Лондонда Болашақ бағдарламасымен магистратурада оқып жатыр. Ал өзіме келсем, мен Америка, Вашингтон қаласында Жоғары экономикалық қаржы саласы бойынша оқуымды аяқтап, осы салада магистратурада білімімді жетілдіріп жатырмын. Амандық бұйырса, сол 11 Б сыныбы бас қосып жиналып, көктемге қарай, әскери мектебімізге соғып қайтсақ деп жоспарлап жүрміз. Мектебімізді сағындық. Маған сабақ берген ұстаздарыма ыстық сәлемімді жолдауыңызды сұраймын.
Кездескенше сау болыңыз!
Сәлем жолдаушы шәкіртіңіз Орынбасар.
10 қазан 2013 ж.
Мұғалім:– Осы арқылы мен сабақтың тақырыбын ашқалы тұрмын. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыздар?
– Хат туралы.
Хат – пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты. Ол мекемелермен, жеке тұлғалармен хабар алысу құралы қызметін атқарады, әртүрлі мәгіметтер жіберуге, оқиғалар туралы құлақтандыруға мүмкіндік береді. Хат мәселені басқа құралдар арқылы (жеке әңгіме, телефон арқылы сөйлесу) шешу мүмкін болмағанда қолданылады. Хаттың көптеген түрі бар: жауапты талап ететін өтініш, ұсыныс, шағым, сұрау салу хаттары т.б. хабарлама, ақпарат, бас тарту, ескерту, т.б.мазмұндағы жауапты талап етпейтін хаттар да кездеседі.
Хат адамдар арасындағы қарым-қатынасты жалғайды екен.
Сонымен, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Хат және адамдар арасындағы өмірдастан.
Енді сіздерге алдарыңызға хат туралы ақпарат беремін, сол ақпаратпен танысып, бір-бірімізге өз ойымызды жеткізсек.
– Балалар, осы күні бір – біріңмен хат алысып тұрасыздар ма?
– Қазір хат неге мүлде сирек жазылады?
– Иә, қазіргі ғылым мен техниканың дамуы хатты күнделікті қажеттіліктен ысырып шығарды. Себебі адамдар қазір бір – бірімен телефон, интернет арқылы, ұялы телефон арқылы кез – келген уақытта байланысқа шыға алады. Бірақ хаттың олардан үлкен артықшылығы бар. Хатта сырыңды, ішкі сезіміңді сеніп жаза беруге болады. Бұл әр адамның шығармашылық өз еңбегі және хат үлкен сауаттылықты, жазу мәдениетін талап етеді.
ЖАҢА САБАҚ:
3 топ өздеріне берілген тақырыппен танысады:
Хат жеке адамдардың пікірлесу, қарым-қатынас жасау, бір-бірінен қашық жүрген мезгілде байланыстыру мақсатында жазылады. Алыста жүрген құрбыңмен сырласқың келгенде хат көмекке келеді. Хаттың бірнеше түрі бар. Олар амандық хаттар, мекеме, ұйымға жоғары жақтан келген ресми хаттар, әдеби хаттар болып бөлінеді. Жазылу мақсатына, хатта айтылатын мәселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
- Ресми хаттар;
ә) Жеке хаттар;
в) Ұсыныс, кепілдемелік хаттар (рекомендациялық) хаттар;
с) Сұрау салу хаттары;
д) Шағым хаттары;
ж) Жолдама хаттар
Ресми хаттар; Белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша қарастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғайды.
Жеке хаттар; Бұл хаттардың ерекшелігі мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы.
Ұсыныс, кепілдемелік хаттар; Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән құрылымы сақталып жазылады.
Сұрау салу хаттары; Бұл хаттар бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.
Шағым хаттар; Белгілі біір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, оған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады.
Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлеім, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.
Хатты жазып отырғанда онда келтірілетін фактілер мен айтылатын мәселенің маңызына, мазмұнына ғана емес, оның тілдік ерекшелігіне де назар аударған жөн.
Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан стильдік нормадан ауытқымау керек.
1.Хат туралы мәтінмен танысу, оқушы алған ақпаратымен сыныпқа түсіндіру. (шебер жеткізе білу)
Кейбір оқушыларға озық тапсырма беріледі, ол ұлы адамдардың жазған хаттарын тауып оқып беру болатын.
- Ш.Уәлихановтың хатынан үзінді оқу
- Б.Бұлқышевтің хатын оқу
- Б.Момышұлының хатын оқу
2.Синтаксистік талдау жұмысы беріледі.
3.Жылдам жауап (морфология, синтаксис саласы бойынша сұрақтар беру)
Жылдам жауап беріңіз
2 минуттік тест тапсырмаларын алу:
| 1 нұсқа |
|
а) пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты; ә) оқу орнына немесе жұмысқа орналасатын адамның жеке қасиетін білдіретін іс қағазы; б) Бір адамның өз атынан өкілдік ету үшін адамға берген жазбаша өкілдік беруі 2. Сенімхат дегеніміз: а) пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты; ә) оқу орнына немесе жұмысқа орналасатын адамның жеке қасиетін білдіретін іс қағазы; б) Бір адамның өз атынан өкілдік ету үшін адамға берген жазбаша өкілдігі 3. «Мен» сөзінің қайсысы жіктеу есімдігі? а) Оның сөзін мен түсіне алмадым; ә) Ернар мен Әділет – сыныптағы озат оқушылар; б) Досымен бірге келді. 4. «Кей» есімдігі қай сөзбен тіркескенде бірге жазылады: а) біреу ә) жағдай; б) уақыт 5.Ауызша сөйлеу мен жазба тілдің дамуына ортақ негізді атаңыз а) ғылыми терминдер; ә)жалпыхалықтық тіл б)ұлтаралық тіл 6.Диалект сөзді табыңыз а) қамзол; ә) шапан; б) кәжекей 7.Саяси-қоғамдық өмірбаянның авторы кім? а) басқа адам; ә) өмірбаян иесінің өзі; б) ресми өкіл 8.Ең қысқа көлемде жазылатын іс қағазы түрін атаңыз а) сенімхат; ә) анықтама; б) өтініш 9.Ашық хат мазмұны қандай түрде болады? а) белгілі бір мерекені құттықтау; ә) істі баяндау б) анықтама беру 10.Ресми іс қағаздар нешеге бөлінеді? а)5; ә) 4; б) 2 |
а) пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты; ә) оқу орнына немесе жұмысқа орналасатын адамның жеке қасиетін білдіретін іс қағазы; б) Бір адамның өз атынан өкілдік ету үшін адамға берген жазбаша өкілдігі
а) пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты; ә) оқу орнына немесе жұмысқа орналасатын адамның жеке қасиетін білдіретін іс қағазы; б) Бір адамның өз атынан өкілдік ету үшін адамға берген жазбаша өкілдік беруі
а) есептік сан есім; ә) жинақтық сан есім; б) болжалдық сан есім.
а) ғылыми терминдер; ә)жалпыхалықтық тіл б)ұлтаралық тіл
а) біреу ә) жағдай; б) уақыт
а)- ма, -ме, -ба, -бе; ә) -у б) – нікі, – дікі, -тікі
а) қамзол; ә) шапан; б) кәжекей
а) белгілі бір мерекені құттықтау; ә) істі баяндау б) анықтама беру
а) басқа адам; ә) өмірбаян иесінің өзі; б) ресми өкіл
а) сенімхат; ә) анықтама; б) өтініш |
4.Шығармашылық жұмыс жасау:
Мұғалім: Біз хат жаза білеміз бе? Олай болса, біз өзіміз қалаған адамға ата-анаға, ұлы адамға, досқа, бауырға, ағайын-туысқа хат жазайық.
(оқушылардың шығармашылық жұмыстары арқылы қорытындылау)
Мұғалімнің жаңа сабақты пысықтау сұрағы:
- Сонымен, хат дегеніміз не?
- Хаттың қандай түрлері болады?
- Хат жазудың ерекшеліктері бар ма?
Мұғалім: Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» дегеніндей, әрбір адамзат баласы білім алуға ұмтылуда жан-жақты болуын қадағалауы керек. Сонымен қазіргі таңда хаттың маңызы зор екен. Хатты біз сауатты, әрі анық, нақты жаза білуіміз қажет екен.
Үйге тапсырма:
- Хат түрлерін оқу, түсінік айту,.
- Хат үлгілерін жазу;
- «Әскери мектебіме хат» немесе «Ұстазыма хат» жазу
