Баланы оқыта отырып тәрбиелеуде халық педагогик асының маңызы.

Баланы оқыта отырып тәрбиелеуде халық педагогикасының маңызы.

Қазақ халқында жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүріміз әдеп ғұрып тәрбие мектебі бар. Тәрбиелік маңызы жойылмаған халықтық педагогиканы тәрбиенің түп қазығына айналдыру біріншіден ата-ананың, екіншіден мұғалімнің басты парызы. Еліміздің даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы деректер, әр түрлі ғылыми педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру мәселелерін көптеген педагогтар зерттеп, зерделеп мәнді пікірлер айтты, өмірлік сабақ қалдырды. Әр адам өзінің баласын мейрімді, адал, зерек, үлкенді сыйлайтын, қайырымды, инабатты, еңбекқор, адамгершілігі мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің әдет –ғұрпы мен, салт –дәстүріне байланысты шешіп отырады.

Ол үшін жылдар бойы қолданып, сұрыпталып, өмірлік тәжірибеде ысталған салт-дәстүрлерді , педагогикалық әдіс тәсілдерді пайдаланып келеді.

Халықтық педагогика заманның небір қатал сынынан өтіп, жаңғырып, жаңаланып болаттай шымырланып салт – дәстүрімізбен бірге жанданып, бірге келе жатқан асыл мұра.

Қазақ халқының ұлы педагогы, жазушысы Ы. Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақ халқымыздың фольклорын пайдалана білген.

Мысалы «Малды пайдаға жарату» атты әңгімеде шаруа қажырлы еңбегімен мал тауып, көп пайдаға кенелсе де, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрайды: Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің? Көзге түсетін ешнәрсе көрінбейді ғой – депті. Шаруа айтады:

  • Тапқан малымның бір бөлігін борышымды өтеймін, бір бөлігін өсімге беремін.
  • Көршісі:
  • Қойшы, сенің борышың бар ма еді және өсімге қанша ақша беруші едің? – дейді.
  • Шаруа айтады :
  • Қарт әке шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін. Өзімнің туған балаларымды оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емеспе , – дейді.
  • Ы. Алтынсарин осы әңгімесінде жеткіншек ұрпағымызды үнемділікке, еңбектенуге, бүгінгі бір күнмен өмір сүрмей болашақты ойлауға жетелейді. тіпті өзі оқымаса да, балаларының сауатты болуын армандайды. тіпті ата ана алдындағы борышымыздың өтемі жайында да айтып өткен. Бұл әңгімені оқып, санасына түйген бала еңбектенуге, үнемшілдікке, сонымен қатар ата-ананы құрметтеп, оларға қамқор болуға дағдыланады. Ы. Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқымыздың ұлттық салт-дәстүрімен мәдениетінің қайта жаңарту кезінде кең мағынада насихаттау әрбір мұғалімнің, ата-ананың борышы болу керек.

Математика пәнін оқытуда және сыныптан тыс іс-шараларда оқушыларға ұлттық тәрбие беруде, халқымыздың әдет-ғұрыптары, салт дәстүрлері жайлы түсінік беруге болады. Халқымыздың ертегілерінде, аңыз әңгімелерінде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт дәстүрінде математикамен байланысқан тұстары көп кездеседі. Халқымыздың асыл қазынасын сабақтың кейбір жерлерінде ұтымды пайдалану, оқушыларды өз елін сүюге, елінің әдет ғұрпы мен дәстүрлерін құрметтеп, бағалауға үйретері сөзсіз. Әсіресе сандарды өткенде жеті саны және үш санының қасиеті жайлы айтып өту. Жеті саны туралы: Жеті қазына, жеті күн, жеті шелпек, жеті жетім, жеті ата, жеті жоқ жайлы айтып өтуге болады. Үш саны туралы: үш арсыз, үш тәтті, үш би, үш қонақ. Бес саны туралы: бес қару, бес асыл, бес дұшпан, бес жаратылыс . Оқушыларға осы сандардың мәндері жайлы жетік түсіндірсе оқушы санасында сақтала береді. Өмірде осы білгендерін қолдана біледі.

Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушылардың қызығушылығын ояту барысында қолдануға болады. Егер сабақ үстінде ойынды қолданса, онда оқушының көңіл күйлерін сергітіп, шаршағанды ұмыттырып, ерік жігерін дамытады. Бастауыш сыныптарды ойынды оқу процесінде оқу тәрбиені жетілдіру мақсатында қолданады.

Халықтық педагогикадағы ойындар тек балаларды ойнатып қана қоймай, оқушының жас ерекшелігіне сай негізделіп оның тапқырлығына қалыптасқан. Математика пәнінде ұлттық ойындарды пайдалану баланың ептілігін, тапқырлығын ой-өрісін жетілдіру мен бірге өз халқымыздың ата-мұрасы мен салт дәстүрін ұрпақтарға жеткізу болып саналады.

Әсіресе әр түрлі есептерді пайдалану оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып алынса, математика пәніне деген баланың қызығушылығын арттырады. Қызықты есептер, математикалық өлең, әзіл, ертегі, тақпақтар мен жаңылтпаштар тапқырлық пен ізденуді талап етеді. Логикалық тапсырмалар мен есептер кеңірек ойлануды талап етеді. Ондай есептерді шешу қатаі дәлелді талап етеді. Мұндай есептер оқушыларды ұйымшылдыққа, ұстамдыққа, адамгершілік қасиетке, математиканы құрметтеуге, адал достықт, еңбекті бағалауға тәрбиелейді.

Ойынның мазмұны, шарты мынандай болуы мүмкін: Үш бала асық ойынынан кейін үйлеріне келе жатады.

-Үшеуімізде он-оннан асық бар еді. Енді кімде қанша асық қалды- деп бірінші бала сұрақ қояды.

– Он қалды – дейді екіншісі.

– Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, – дейді асықтарын түгендеп, қалтасына салады.

-Ең көп ұтылған мен ғой, дейді бірінші бала. Ойын соңында бірінші және екінші балада қанша асық қалды?

Осындай есептерді математика сабағында көптеп пайдалануға болады.

Жас жеткіншек ұрпағымызды халқымыздың педагогикасы негізінде ұлттық сана сезімі оянған, рухани дамыған және мәдениетті, эстетикалық талғамы бар, ар-ожданы мол, еңбекқор етіп, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Качир ауданы. Тереңкөл аулы. Қ. Оспанова атындағы №3жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумасанова Балжан Бариқызы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше