Халықтың қадірменді ұлы
Боранғали Аманғалиұлы Сарманов
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Сарысай негізгі мектебінің
музыка пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Халықтың қадірменді ұлы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: А . Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы
мәлімет беріп , шығармаларын тыңдау;
б) Тәрбиелік: А. Жұбановтың шығармаларына құрметпен , сүйіспен-
шілікпен қарауға тәрбиелеу;
в) Дамытушылық: оқушылардың музыкалық сауатын және рухани ой –
өрісін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Сабақтың түрі: зерттеу сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау , түсіндіру , тыңдау , сұрақ – жауап
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика , тарих , бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: портрет , плакаттар , радио , альбом , тест , кеспе қағаздар , сырнай
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
- Сабақ мақсаты түсіндіріледі.
2.Үй тапсырмасын тексеру.( Хор айту ережелері)
3. Жаңа сабақ.
Қазақстанның халық әртісі , музыка зерттеушісі композитор Ахмет Жұбанов 1906 жылы сәуір айында Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезінде домбыра , мондалина , скрипка , балалайка сияқты аспаптарды ойнауды үйренді. Сегіз жасқа толғанда әкесі оны мектепке оқуға береді. Алғашқы ұстазы Хұсайын болды. Он екі бала тәрбиелеп Қуанның он басына екі бала ағасы Құдайберген Жұбанов білім жолына ол өнер жолына түсіп Ахмет Жұбанов еді. Ахмет мектепті жақсы оқып жүріп бір жағынан музыкаға да әуес болады. Әкесі Қуан баласының домбыра тартып ән салғанына қуанып бетінен қақпайтын. Жас музыкант келе – келе домбыра , мондалина балалайка , гитарадан құрылған жастар оркестіріне қатысады. Мектепті қызылға бітірген Ахмет 1929 жылы Ленинградтағы Чайковский атындағы консерваторияның тарих және теория факультативіне музыкалық техникумға
оқуға түседі.1929 – 1933 жылы Алматыда музыкалық техникум ашылып оған ұстаздық ететін мамандар жетіспегендіктен Ленинградтан Ахмет Жұбанов шақыртылып оған техникумда сабақ беретін кәсіби музыка мамандарының тобын ұйымдастыру тапсырылады.Техникумның оқу ісінің меңгерушісі болып істейді және музыканың тарихы мен теориясынан сабақ береді. 1934 жылы кезекті бүкіл қазақстандық байқау өткізілді.Оған Қазақстанның түпкір – түпкірінен өнерпаздар келіп, өнер сайысына түсті. Өнер байқауының нәтижелерін қорытындылау барысында домбырашы, қобызшы, сыбызғышылардың басын біріктіріп, қазақтың халық аспаптары оркестірін құру жоспарланды. Оркестрді ұйымдастыру, оған басшылық жасау А.Жұбановқа жүктелді.Осылай 1934 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің іргетасы қаланған болатын. Ол басында Қазатком атындағы ұлттық оркестір болды. А.Жұбанов халқымызға алуан тақырыпта көптеген музыкалық шығармалар берді. Олардың ішінде қазақ оркестріне арналған «Абай» сиютасы , « Құрманғазы маршы», «Қазақ маршы» және «Би күйі» сияқты музыкалық симфониясы шығармалары бар.
«Би күйі» -тыңдау.
Бұдан басқа композитор А. Жұбанов фортепиано үшін «Қазақтың жеті биі», « Тәжіктің он биі», қобызға арнап « Ария» , «Көктем» , « Романс» , « Жез киік» атты шығармалар жазды.1946 – 1947 жылдары «Төлеген Тоқтаров» операсын жазды. Операда Төлегеннің фашистерге қарсы күресте көрсетілген ерлік істері баяндалады. Л . Хамидимен бірігіп М . Әуезовтың либреттосы бойынша «Абай» операсын аяқтады. Операда Абайдың шәкіртке теңдік алып бергені және Айдарды өлтіргендегі күйзелісі баяндалады.
«Абай» операсындағы «Айдар ариясын» тыңдау.
Ол сондай – ақ Жамбыл атындағы филармонияны ашып , ол филармонияның директоры әрі көркемдік жетекшісі болған. Құрманғазы атындағы мемілекеттік консерваторяны ұйымдастырушы және Қазақ ССР Ғылым Академиясының көркемөнерпаздар секторын ұйымдастырушы әрі басқарушы . Ахмет Жұбанов композитор және дирижер ғана емес ол бір жағынан музыка зерттеушісі , үлкен ғылыми профессор, академик ,оператану ғылымынаң докторы. Өйткені ол қазақ халқының музыкасын , халық композиторларының өмірі мен шығармаларын көп зерттеді. Халқымыздың сан алуан ән- күйлерін нотаға түсіріп жазып алды. Оның ғылыми еңбектерінің ішінде қазақтың халық композиторларының әншілері мен күйшілерінің өмірі мен шығармасын баяндайтын «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары», «Құрманғазы» деген кітаптарын айтуға болады. Сондай-ақ , Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін өз алдына жеке жинақ етіп шығарды.Енді осы Ахмет атамыздың өз даусын Құрманғазы зерттеген күйтабақтан тыңдайық.
« Қызыл қайың» күйін тыңдау.
4.Бекіту бөлімі.
1) Оқушылардың композитор А. Жұбанов шығармашылығына шолуы
2) Сынып оқушысы Бұхарбай Наурызгүлдің сөзжұмбағын шешу.
Шешуі: «Ақ көгершін».
3)«Ақ көгершін». әніне зерттеу жасау
(Тоналдылығы, өлшемі, екпіні)
4) Әнді орындау
5) Қорытынды: Қазақ музыка өнерінің аса көрнекті қайраткері академик , композитор – дрижор қазақ ССР – ның халық артисі , өнер ғылымның докторы профессор Ахмет Жұбановтың мол мұрасы өз қолына жетті. Дегенмен А . Жұбанов өмірінің соңы жылдарында «Құрманғазы операсын бастап , аяқталмай 1968 жылы ауыр шайқаста қайтыс болды. Әке жолын қуған қызы Ғ . Жұбанова операсын өз деңгейінде аяқтады. А. Жұбанов: «Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі »
6. Сөзжұмбақ шешу.
7.Бағалау
8. Үйге тапсырма : А . Жұбановтың өмірімен шығармашылығы түсінік айту «Ақ көгершін» әнін жаттау. Бейбітшілік тақырыбында сурет салу.
