Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ашық сабақ
Тақырыбы:
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
Өткізген: А.Лепесбаева
Сабақтың тақырыбы:Ұлы жібек жолының қалыптасуы және
тарихи маңызы
Мақсаты: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын АКТ арқылы түсіндіре отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрісін дамыта отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, деректер мен өзіндік жұмыстар ұйымдастыруға, пікір айтуға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға, өз бетінше жұмыс жасауына бағыт–бағдар беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отан тарихындағы мәдени құндылықтарды бағалап, қастерлеп, сақтай білуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабақ
Типі: жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Флипчарт, тақырыптық тапсырмалар, тест,
жұмыс дәптері
Сабақаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі,
дүниежүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру сәті
Оқушылардың ынтасын жаңа білімді меңгеруге көтеру. Оны «Полиглот»ойыны арқылы орындау
1–ші сұрақ: Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған … ақын Абай.
(ұлы, великий, great)
2–ші сұрақ: Қағанат жерінде жібек саудасының дамығандығын қаған ордасында болған қытай монахы Сюань Цзяньнің мына жазбасынан анық байқауға болады. Ол: «Қаған жасыл …тен желбегей шапан киген».
(жібек, шёлк, silk).
3–ші сұрақ: М.Әуезовтың атақты романы: «Абай …»
(жолы, путь, way).
Олай болса, балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз:
§14 Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Жоспары:
- Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.
- Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.
- Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.
- Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
І. Бейнеклип арқылы кіріспе жасалынады.
Келесі тірек–сызба арқылы мағлұмат беру.
Картадан керуен жолдарын көрсету.
ІІ тақырып
Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан–жануарлар сатыла бастаған.
Бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған.
Келесі тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою.
- Соғдыда жібек өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен.
- Мәселен, Қытайдың кейбір қалаларында олардың отарлары болған.
- Ал Жібек жолының Жапонияның сілемі – ертедегі астанасы Нара қаласында жібек сататын орындар болған.
- Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы.
Бейнеклип: Жапония – Нарға – қолжазба
ІІІ тақырып. Фотоаппарат арқылы тиісті сөзді қабылда.
- Археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған.
