Тынық мұхиты және мұхиттық аралдар

ҚОЙГЕЛДІ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП

АШЫҚ САБАҚ

7- СЫНЫП

ПӘН МҰҒАЛІМІ: Р.ИМАЛАХОВА

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №1 сабақ

№1 Сабақтың тақырыбы Тынық мұхиты және мұхиттық аралдар
Сабақтың мақсаты Дүниежүзілік мұхит туралы түсініктерін қалыптастыру, мұхитты глобустан, картадан таба білуге үйрету.

Дамытушылық: ойларын жинақтай білуге, өз бетімен еңбектену іскерліктерін, ойлау қабілеттерін, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелікке:топта ынтымақтастықта жұмыс істеуге,жолдастарына көмек беру, тапқырлыққа, белсенділікке, табандылыққа, табиғи ортаны аялай білуге тәрбиелеу

Сабақтың типі Жаңа білім беру
Әдіс -тәсілдер Топпен жұмыс, миға шабуыл,Insert,Бір айналым сөйлесу стратегиясы т.б.
Қажетті ресурстар Физикалық және саяси карталар,атлас,оқулық мәтіндері
Бағалау Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау.
Сабақтың барысы:

ІV.Шығармашылық тапсырма.

V Сабақты қорыту.

VІ. Кері байланыс

Бағалау.

Үйге тарсырма:

Іnsert кесте толтыру

І. . Ұйымдастыру.

1.Топтарға бөлу.5 адамнан тұратын үш топқа бөлу.(фишкалар ақылы).Алтын ереже құрастыру.Әр топ өз атауларына түсінік беріп қорғайды.

2.Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.

Жер шарындағы ең жылы ,ауданы 178,6 млн км болатын,мариана шұңғымасы бар бұл қай мұхит?

Тынық мұхиты. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Тынық мұхиты.

Тынық мұхиты туралы не білеміз? Топта ақылдасу, ортақ шешімге келу,бір оқушы жауап береді.

ІІ. Мағынаны ашу.

1.Ал енді біз бүгін Тынық мұхиты жайлы кеңірек мәлімет аламыз.Слайдтан Тынық мұхиты жайлы көрсетілім.

2. Картамен жұмыс. Тынық мұхитының географиялық орнын анықтау.

3. Оқулықпен жұмыс.

Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпараттармен, пікірлермен таныса бастайды. Бұл қадамда «Бөлшектеп оқы және талқыла» әдісі бойынша мәтінді 3 бөлімге бөліп оқып,3 топ мәтін мазмұнын өзара топта талқылайды.

Жаңа сөздерді түртіп алады.

.Тынық мұхитының өзіндік ерекшелігі неде? Әр топ өз ой-пікірлерін постерге түсіреді, идеялармен алмасады.Топта бір адам тақырыпты қорғап шығады.

ІІІ. Ой толғаныс

Алған білімдерін қорытындылайтын кезең.Бұрын не білетінін,қазір не білгенін салыстырады.Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды. Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады. пікірталастырады.

Тынық мұхитының экологиялық жағдайы.

(топта орындау)

Стикерлердегі сұрақтарға жауап алу.

  1. Топпен жұмыста бір-бірлеріңе көмек бердіңіздер ме?
  2. 2. Сабақ қызық өтті ме?Несімен.
  3. Сабақ туралы ойыңды пікіріңді айт.
  4. Бүгінгі сабақта қай тапсырманы орындағанда қиналдың?

Бесбармақ ойыны

Сабақты түсіндім-басбармақ жоғары.

Сабақты жартылай түсіндім –басбармақ көлденең.

Сабақты түсінбедім-басбармақ төмен.

Текшелерді санау.

«Егер мен саяхатшы болсам» эссе.

Күтілетін нәтиже Тынық мұхитының географиялық орнын анықтай алады, аралдарда тұратын елдерді картадан көрсете алады, Тынық мұхитының ерекшелігін айтып бере алады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше