«Мен мамандық әлеміндемін»

Меновное орта мектебі

Ашық сабақ

Орындаған:

Турежанова Сауле Рысбаевна

2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін»

Сабақ түрі: ашық сабақ, тренинг

Сынып: 11 сынып

Оқушы саны: 12

Мерзімі: 25.12.2013 жыл

Мақсаты:

білімділік –оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, болашақта мамандық таңдауына ықпал ету, ой бөлісу;

Дамытушылық –жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту;

Тәрбиелік –оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектеруге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

«Халық пен халықты, адам мен адамды

Теңестіретін нәрсе – білім».

М.Әуезов

Пайдаланылған көрнекі құралдар:

плакатқа жазылған қанатты сөздер, гүл, көбелек, плакат, фотосуреттер, түрлі-түсті қағаз бен карандаштар, компьютерлік техника, интерактивті тақта, видеоролик, мамандықтар суреті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

Сабаққа психологиялық дайындық 3 мин

Жаңа тақырып 20 мин

Шығармашылық жұмыс оқушылармен 15 мин

Қорытындылау, релаксация 5 мин

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық сабағымызға қош келіпсіздер! Сабағымызды бастамас бұрын сабаққа психологиялық дайындықтарыңды, көңіл күйлерінді жақсарту үшін, сабағымыз жақсы өту үшін , видеоролик көрсетуге рұқсат етіңіздер.

Есімдер жаттығу

Енді әрі қарай алдында жатқан стикерлерге аттарыңды жазып әрқайсыларын өздеріне ат қойып алыңдар, осы тренинг барысында өздеріңді қалай атағыларын келеді. Әрқайсысы өзіне ат қойып не себептен олай атағандарын айтып щығады.

Енді бәріміз де алдымен мынадай

«Бұл кім?» тренингін ойнайық. (Оқушыларға интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)

– Бұл кім?

– Мұғалім

– Кітапханашы

– Наубайшы

– Заңгерлер

– Шекарашылавр

– Футболшылар

– Әртістер

– Суретшілер

– Күзетшілер

– Құрылысшылар , т.б.

– Сіздер қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады?

– МАМАНДЫҚ

– Дұрыс айтасыңдар. Олай болса ашық сабағымыздың тақырыбы

«Мен мамандық әлеміндемін» Тақтаға назар аударайық.

«Ми шабуылы» – ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы). Әр топ өз ойын өрбітіп интер белсенді тақтада жауабын көрсетеді

«Мамандық»сөзіне анықтама беру.

Профессия-латын сөзінен шыққан , “professio”-анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.

Оқушылардың алдында жапсырылған стикерге мына сұрақтарға жауап береді:

«Бұл тренингтен сендер не күтесіңдер? Соны алып үміт ағашына апарып жапсырасыңдар.

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:

«Үйренгім келеді» – «Үйрене аламын» – «Үйрену керек»

Үйренгім келеді– бұл талаптың-тіоектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі.

Үйрене аламын- қабілет, таланттың, денсаулықтың кеңістігі.

Үйрену керек – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденциялардың кеңістігі.

Қалаймын- бұл сенің қызығушылықтарың мен қажеттіліктеріңе;

Қолымнан келеді-қабілеттеріңе, біліміңе, іскерлігіңе, біліктілігіңе сай келеді;

Қажет-еңбек нарығында сұранысқа ие.

«Қалаймын- Қолымнан келеді- Қажет» формуласы бойынша оқушылар жұмыс жасайды. Осы кесте бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады.

Менжан тәнімен нені қалаймын? (мақсат, қызығышулығы,бейімділіктері)

Қолымнан өте жақсы келеді? (мүмкіншіліктерің)

Менің мамандығыма сұраныс бар ма? (еңбек нарығына қажеттілігі)

Ол үшін сізге міндетті түрде өзіңіз үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:

[Қалаймын] «Мен жан тәніммен нені қалаймын?» Мен немен айналысқым келеді, маған немен айналысу ұнайды, неге қабілетім бар, іс-әрекеттің қай түрі мені қызықтырады.

Егер болашақ мамандық таңдауда «Қалаймын» міндетін алып тастасақ, онда таңдалынған мамандық бойынша жұмыс істеп,сіз жұмыс процесінен ешқандай қанағаттанушылық алмайсыз.

[ Қолымнан келеді] «Қолымнан келе ме?» қолыңнан өте жақсы келеді? Қазірдің өзіңде сенің қандай қабілеттер жетілген? Таңдалынған мамандық бойынша мен ЖОО түсе аламын ба? Менің ата-анам менің бұл оқуға түскенімді және оқуымды қамтамасыз ете ала ма. Мен жан-тәніммен қалап жүрген мамандығымды оқып шығу үшін қабілетім мен білімім жете ме.

Егер болашақ мамандық таңдауда «Қолыммен келеді» міндетін алып тастасақ, онда таңдалынған мамандық бойынша ЖОО түсе алмайсыз немесе жұмысқа орналаса алмайсыз. Ал егер сіз таңдалынған мамандыққа түсіп, жұмыс істеп жүрсеңіз, онда сіз кәсіби жетістерге жете алмайсыз, нәтижесінде жұмыста өспейсіз және жалақыңыз өспейді.

[Қажет] «Менің мамандығыма сұраныс бар ма?» Менің мамандығым еңбек нарығында қажет пе, менің мамандығым бойынша мамандар қажет пе?

Өз мамандығым бойынша жұмысқа орналаса аламын ба, менің мамандығымның болашағы бар ма немесе ол болашақта жоғалып кете ме.

Егер болашақ мамандық таңдауда «ҚАЖЕТТІ» міндеттін алып тастасақ, онда болашақта сіз өз мамандығыңыз бойынша жұмыс таба алмайсыз немесе сіздің еңбегіңіздің жалақысы сіздің қажеттіліктеріңізге сай келмейді.

«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр- сырын айту керек.

І- топ: «А», ІІ- топ: «К», ІІІ- топ: «Ж»

Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:

Бастауыш кәсіптік білім:профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер

Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

Арнаулыорта білім:техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.

Жоғары кәсіптік білім: ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

Қалай ойлайсындар оқу орны туралы ақпараттарды қайдан алуға болады?

Мына мамандықтардың қайсысы

1)қазіргі уақытта жоқ, жойылған

2) ХХ ғасырда пайда болды

3) соңғы 10 жылдықта пайда болды

Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.

Менің болашақ мамандығым ұқсайды атты ойын ойнаймыз. Қазір сендер шеңбер құрып отырасыңдар, ал мен мына дорбаны сендерге беремін, ішінде әр түрлі заттар жатыр соны қолдарымен алып, өздеріңнің таңдаған мамандығының осы затпен ұқсастығын айтасыңдар. Неліктен сенің мамандығын осы затқа ұқсайды

«Ең жақсы» ойыны.
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек, және мамандық классификациясының қай түріне жатады. Адам-Адам, Адам-Техника, Адам-Табиғат, Адам-Белгілер жүйесі, Адам- Әдеби бейнелер. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.
Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті-аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.
Ең жауапты- сот, бухгалтер.
Ең салмақты-мұғалім,заңгер.
Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен

Қазіргі заманда қажет ететін мамандықтар:

1 КҮЗЕТШІ

2. Менеджер

3. Милиционер

4. Инженер

5. МЕДБИКЕ

6. КЕҢЕС БЕРУШІ

7. Кассир

8. ЕСЕПТЕУШІ

9. ДӘРІГЕР

10. Инженер-технолог

11. ШЕБЕР

12. ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ

13. ТӘРБИЕШІ

14. ҰСТАЗ

15. БӨЛІМ БАСТЫҒЫ

16. ӘКІМШІЛІК

«Поезд» жаттығулары

Психологиялық және физикалық қобалжулықтан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру

Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Бірінші қадам – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екінші қадам – екі шапалақ, бір топылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші – екінші – бірінші – екінші жәнет.с.с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі.

«Тілек ұшағы ».

Барлық оқушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа бір бірлеріне тілектер, досыңды қуантатын сөздер жазып бір бірлеріне ұшырыңдар.

«Мамандықты тап» сергіту сәті.

Енді осы алған білімізді түйіндеу үшін сергіту сәтін өткізейік. «Мамандықты тап» жұмбақтар шешейік. (дұрыс айтқан оқушыға жұлдызша беруге болады)

  1. Үлгілерге қараймын,

Үй іргесін қараймын.

Өрнектерді оямын,

Терезесін қоямын. (Құрылысшы)

  1. Елде сақтап амандық,

Емдеп жұртты аман қып.

Қуантады қашан да,

____________ мамандық (Дәрігерлік)

Денсаулығын баланың,

Бенсаулығын ананың.

Денсаулығын қарттың да,

Қамқорлыққа алады.

  1. Өндіріске көптеген

Өрісі мол ток берген.

ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын

Мен арқылы өткерген. (Инженер)

Іскер –ғалым инженер,

Меңгереді мың өнер.

Оның игі ісімен

Отанымыз гүлденер.

  1. Бойында шымыр алаулаған жалын,

Жақсылық жайы толғандырған жанын.

Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,

Ойлаумен жүр басқалардың қамын,

Елім деп соғады жүрегім,

Ұлы Отанның түлегі.

Ол ел –қорғаның, Тыным таппай жүреді (Милиционер)

  1. Қуантады халықты, Асыға оны күтеміз.

Жақсылық хабар әкеліп,

Алыс -жақын туыстан.

Қуаныш сөмкем толы арқалаған,

Сәлем хат әр ауылдан,ә қаладан.

Сұңқардан, сұлулардан сағынысқан,

Аңсаған ұл- қыздардан, ата- анадан.(Пошташы)

  1. Оқу- білім арнасы,

Кім ол- оның анасы.

Дамытады ол адамның,

Ақыл- ойын, санасын.(Ұстаз)

Ж. Аймауытов айтқандай

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

. Рефлексия. «Тілектер ағашы »

Бүгінгі іс- шарамыз өз аяғына жетті. Сабағымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы алма стикеріне сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «тілектер ағашына » жапсыруларыңызға болады.

  • Бүгінгі сабақта сіздерге ең пайдалы, ең қызықты не болды?
  • Бүгін неге үйрендіңдер?
  • Өздерің қандай қорытынды шығардыңдар?
  • Болашаққа қандай жоспар құрдыңдар?
  • Алға қойған мақсаттарың?
  • Бір- бірлеріңе тілектерің?

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Рахмет, сендердің айтқан ой пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды деп есептеймін.

«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай ақ қоғам пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өздеріңді- өздерің, бір- бірлеріңді танып, өз қабілет,икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар. Ең негізгісі- қандай маман болсаң да адал, еңбекке қабілетті, зейінді, ойлы болуың қажет. Тек сонда ғана қандай мамандық болса да, зор және маңызды болмақ.

Әрқайсыларыңызға жарқын болашақ тілеймін!

Назарларыңызға рахмет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше