«Ананың алақаны- балаға айдынды қоныс»
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов ауданы
Шұқыркөл ауылы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Жанар Абаевна
Тренинг тақырыбы: «Ананың алақаны- балаға айдынды қоныс»
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арт-тыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Тренинг құрылымы:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1.«Мен үшін қымбат»(ой қозғау)
2.«Бала деген кім?»(ой қозғау)
3.«Жүректен шыққан жылы сөз»
а) мейірімділік шуағы.
4.«Жағымсыз қылықтар»
5.«Жақсы қасиеттер»
6.Ата-аналарға арналған жағдаят сұрақтары
7.Клип «Ана жүрегі»
8. Жаттығу «Тілек шырағданы»
9. Ойтолғаныс.
10.Рефлексия
Барысы
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!. Біз сіздерді көргенімізге қуаныш-тымыз. Бүгін сіздермен өткізгелі тұрған тренинг тақырыбы «Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс» деп аталады. Отбасы-өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы-адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын….адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесу, толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата-ананың бірінші мақсаты-қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.
Бала-шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалады. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқан-да соны іледі» демекші жақсы-жаман әдеттерді бала отбасында үйрене-ді.Отбасындағы қиқылжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбеққор, әдепті болып өсуі-отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баланың өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз, сіздің отбасыңызда бола-шақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» деген А.С.Макаренко сөздерін айтып кетуге болады.
«Адамдық негізі-ол-әйел».«Ана отбасының ұйытқысы.»
1.« Мен үшін қымбат.»Әрбір бала ой қозғау кластер Ананың-күлкісі,аялы алақаны, мейірімі,мейірімді көздері, махаббаты, жан жылуы, ыстық жүрегі.
2.«Бала деген кім?» туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады.
Бала-болашағымыз, асыраушымыз, көмекшіміз, ақылшым, өмірімнің жалғасы, үмітіміз, бауыр етіміз.
3.«Жүректен шыққан жылы сөз»
а) Мейірімділік шуағы: Ғалымдардың айтуынша баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл-күймен тұруы-бүкіл бір күндік көңіл-күйіне әсер етеді.
Ата-аналарға сұрақтар қою:
1.Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
2.Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
3.Балаңыздың тәтті қылықтары қандай?
4.Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
Бала-ата-ананың үміті өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін»-деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні-баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді.
4.Жағымсыз қылықтар: еріншектік, тәкәппарлық, мақтаншақтық, сараңдық, жалқаулық, ызақорлық, дөрекілік.
5.Жақсы қасиеттер: еңбекқорлық, адамгершілігі мол, инабаттылық, мәдениеттілік, тәртіптілік, тіл алғыш, сыпайылық, әдептілік.
6.Ата-аналарға арналған жағдаят сұрақтары:
А)«Балаңыз мектептен шағым айтып келеді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
Ә)«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз:«Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін»-дедіңіз.Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды.Сіздің әрекетіңіз?»
Б)«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады.Мұғалім оқушы-ның сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата-анасы әй-шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды.Ата-ананың бұл әрекеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз»
В)«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз:«Басым ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы»,- деді. Сіздің әрекетіңіз?
Ата-ана мен баласына жеке сұрақтар беру арқылы ата-анамен бала арасындағы байланысты анықтап, мәліметтерді саралау».
7.Клип: Ана жүрегі.
8.Тілек шырағданы: Отбасы, ұшқан жанұя-жылылықтың, жылулықтың меке-ні.«Отбасы»- атауының мәніне үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар еке-нін сеземіз.Ал ананың алақаны оттан да ыстық.Сондықтан оттың басы, ошағы-мыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы»- жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
9.Ой-толғыныс: Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.
Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да, бала көзімен қраңыз дей отырып бүгінгі тренинге қатысқандарынызға көп-көп рахмет айтамыз.
Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта
мектебі
Бастауыш сынып пәндерінің бірлестігі
Тренинг сабағының тақырыбы:
«Ананың алақаны- балаға айдынды қоныс»
Өткізген: Ж. А.Ахметова
Шұқыркөл, 2013
