Төрт түлігіміз-ырысымыз.

Ақтөбе облысы Темір ауданы
Ж.Кереев атындағы орта мектептің
химия-биология пәні мұғалімі
Нұрмағанбетова Жадыра Жақсылыққызы

Класы:7

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлігіміз-ырысымыз.

Сабақтың мақсаты: .

Білімділік : Төрт түлік және оның негізгі салаларымен таныстыру,

еліміздегі мал шаруашылығының дамуы туралы ақпарат беру.. Қазақстанның мал шаруашылығы,оның дамуы, қол жеткізген жетістіктері туралы, жеріміздегі шаруашылық салалары туралы мәлімет беру;

Дамытушылық: оқушылардыңбілік-дағдыларын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Еңбеккерлікке,төзімділікке,ата кәсіпті сүюге, еңбек адамдарына құрметпен қарауға,жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: қорыту, қайталау сабағы

Пәнаралық байланыс: әдебиет, технология ,этнопедагогика

Сабақты өткізу әдісі: топтық, жеке,СТО стратегиясы арқылы оқыту;

Көрнекілігі: презентация «Ұлттық тағамдар», «Төрт түлік» слайдтар, интерактивті тақта, диаграммалар, суреттер, қима қағаздар,мал өнімдері,боялған асықтар, оқушылардың қол еңбегі, т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Үй тапсырмасы.

1.Топтың атын, ұранын, төс белгісін таныстыру.

2.Тақырыпты қорғау

3 .Төрт түліктің маңызы.

ІІ. Практикалық тур.

  1. Ақпараттық сәт.
  2. Диаграмманы түсіндіру.
  3. Төрт түлікке байланысты ырым –тыйымдар.
  4. III Шығармашылық тур.

1.Төрт түлік түралы жұмбақ

2.Мақал-мәтелдер

3.Ұлттық ойын түрлері

IV қорытынды

Жүректен жүрекке

Үйге тапсырма

Бағалау

Үй тапсырмасы ( ой шақыру стратегиясы бойынша )

Топтарға берілген тақырыптар:

1-топ. Жылқы ер- қанаты.

2-топ. Түйе –төрт түліктің төресі.

3-топ. Ірі қара- сиыр .

4-топ. Момындығымен танылған қой.

1.Тапсырма.

Мұғалімнің кіріспе сөзі( мұғалім жасырған жұмбақтың шешуі бойынша топтың атын белгілеу,оқушы жауабын саралап ,бағалау шартымен таныстыру:көк асық- «5», қызыл асық- «4» ,жасыл асық-«3» )

Топтың атын, ұранын, төс белгісін қорғау.

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең қанат, олай болса «Қамбар ата» тобы сөйлесін.

1-топ. «Қамбар ата» -тобы

Жылқы –қазақ халқының киелі жануарының бірі. Жылқы жыл санауында жетінші жыл.

Жылқы – ер қанаты.Ол сезімтал, талғампаз жануар.Жылқыда өт жоқ .Сондықтан ол күйіс қайырмайды.Жылқының жүйрігі,жорғасы болады.

Ұраны:

Қоғалы көлді жайлаған,

Қоғаның басын шайнаған

Құраулап оны жылқышы

Қыл арқанмен байлаған

Қуғандарға жеткізбей

Қашқанға жетпей қоймаған

“Ер қанаты-өзің”деп,

Ел қуанып айдаған

Жылқы деген жануар.

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. 2-топ өз тобын таныстырады.

2-топ. «Ойсыл қара»-тобы

Қазақ халқы түйені төрт түліктің – төресі деп есептеген. Оның еті – тамақ, шұбаты – сусын, жүні – киім.Түйе – таптырмас көлік.Ол шөлге өте төзімді келеді.Түйенің пірі – Ойсыл қара. Сондықтан, біз тобымызды «Ойсыл қара» деп атадық

Ұраны: .

Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Шөл даланың киесі

Төрт түліктің төресі

Дертке дауа болатын

Шұбаты бар киелі

Ойсылқара түйесі.

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. Шешуі табылғаннан кейін 3-топ таныстыруды жалғастырады.

3-топ. Шопан ата-тобы.

Қой уақ малға жатады.Ол төрт түліктің ішіндегі момыны. Қойдың сүйікті шөптері изен, жусан ,ажырық.Қойдың еті , сүті , майы , терісі пайдалы .Жүнінен киіз басылады .Киім – кешек , алаша , кілем тоқылады .

Қой жыл санауында – сегізінші жыл. Қойдың пірі –Шопан ата. Қой да киелі түліктің бірі. Сол себептен біз тобымызды қойдың пірі қолдасын деп «Шопан ата» –деп атадық

Ұраны:

Алға қойлар, алға бас,

Біз топпыз ғой жаңылмас.

Барымызды салайық,

Бас жүлдені алайық.

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар. Соңғы топ сөз алады.

4-топ. «Зеңгі баба» –тобы.

Сиырдың пірі – «Зеңгі баба». Мүшелдік жыл санауда сиыр – екінші жыл. Сиыр – бір үйдің асыраушысы деп тегін айтылмаған.

Сиыр – ірі қара малға жатады.Сиырдың еті , сүті пайдалы.Сүтінен айран , қаймақ ,құрт ,ірімшік жасалады.

Ұраны:

Малды бақсаң,сиыр бақ

Сүт кетпейді шарадан

Біз қалмаймыз сайыстан

Соғыңыздар алақан.

2.Тапсырма. ( мағынаны тану стратегиясы бойынша)

Берілген тақырыпты қорғау.

  1. «Қамбар ата» тобы:

Жылқы шаруашылығы, оның негізгі салалары. Жылқы – сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы тұқымдасына Африкада кездесетін жолат, домбай құлан, тарпан,түзат жатады. Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар- тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихи дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен.Олар ретсіз аулау нәтижесінде жойылып кеткен.Жылқының алғашқы қолға үйретілген Қазақстан даласы деп саналады.Жылқы қазақ халқыныңерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Жылқының пірі – Қамбар ата. Дүние жүзінде жылқының 250-ден астам қолтұқымдары бар. Қазақстанның жылқы өсіретін асылтұқымды шаруашылықтарында жылқының 20-ға жуық қолтұқымдары өсіріледі. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшінде өсіріледі. Қымыз халқымыздың кәделі сусыны. Қымыздың 40 жуық түрі бар, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз т. б. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдерде көңіл бөле бастады. Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады.

Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары – үлкен жылдамдық пен сақтылық

2-топ. «Ойсылқара»—тобы

Түйе – сүтқоректі жануар. Бұл әлемнің құрғақ өңірлерінде – шөлдерде, жартылай шөл, далаларда өмір сүруге бейімделген ірі жануар. Қазақстанда түйенің байырғы тұқымы болып табылатын қазақтың қосөркеш түйесі бактриан немесе қолға үйренген жануар ретінде белгілі бірөркешті дромадер кең тараған.Үлкен түйенің салмағы – 500-800 кг, өнімге қабілетті жасы 2-3 жастан басталады. Түйелер 20 жылға дейін өмір сүреді. Бұл сүтқоректілер қатал әрі сусыз жерлерде өмір сүруге жақсы бейімделген. Қалың терісі күндізгі қапырықтан және түнгі суықтан қорғануға арналған. Әрбір түрі даму мен дене бітімінің өзіндік ерекшеліктеріне ие. Ересек түйелердің (ересек даму кезеңінде) таза салмағы орта есеппен 600-630 кг құрайды, аналық түйе – 450-500 кг, 53% сойыстық шығым, ал жүн қырқымы бір ересек түйеден орта есеппен 5 кг.Түйе жазда өре, қыста қора секілді ең кең орында өмір сүреді. Ең бастысы қолданылатын орын таза, түйелер ылғалға өте сезімтал болғандықтан сыз өтпейтін болуы керек. Сауу, су беру, түйе жүнін қырқу автоматтандырылған болса, одан әрі түйе асырау айтарлықтай жеңілдей түседі.Түйені көбейту – мал шаруашылығында экономикалық ең тиімді сала. Түйелерде екі жылда бір рет бір бота туады.Екі өркешті түйенің буаздығы (бактриана), ал боталарды сүтпен емізу ұзақтығы 6 ай, көбею кезеңінің басталуы 3-5 жас.Бірөркешті түйе (дромедар), оның буаздық уақыты 12-14 айды құрайды, ботасын емізу ұзақтығы 5-6 ай, аталығының көбеюге жетілуі – 4-6 жас, ұрғашыларынікі – 3 жас.Түйенің 100 аналығынан орта есеппен 34-37 бас төл алуға болады. Түйе өсуді 7 жаста тоқтатады. Түйе күніне 3-4 литрсүт береді. Салқын күндері боталарды аналықтарынан бөлек жылы қораларда ұстайды және қоректендіру үшін оларға тәулігіне 6–7 рет жібере

3- топ. «Шопан ата» –тобы. Қой шаруашылығы.

Қойқуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал.

Қой неолитдәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқаржәне муфлон) шыққан.

Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 – 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 – 100 сантиметр. 12 – 15 жыл тіршілік етеді. 5 – 7 айлығында жетіледі, 15 – 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 – 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады.Қозылар 1,5 айлығында отармен бірге бағылады, 3 – 4 айлығында енесінен айырып, еркек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағыда басқа деп атайды; төлдеген қойлар – саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар – қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін – ту қой деп атайды.Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салм. 70 – 140 килограмм; 50 – 70 килограмм тартады. Олардан тиісінше 10 – 15; 4 – 8 килограмм (биязы жүнділерінен) 7 – 10; 3 – 6 килограмм (биязылау жүнділерінен); 4 – 6; 2 – 4 килограмм (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады.
Қазақстан қой өсірілетін қой тұқымдары: қазақтың етті-биязылау жүнді қойы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, алтай қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, цигай қойы, қаракөл қойы; тұқымдық топтары – қарғалы қойы, сараджа қойы. қойдың жаңа типтерін шығару жұмысында линкольн қойы, ромни-марш қойының тұқымдары пайдаланылады.Қой шаруашылығы әлемнің көп елдерінде байырғы заманнан кең тараған кәсіптердің бірі. Қойдың қолтұқымдары: еділбай, бағаналы, қарқаралы, биязы жүнді қой арқар-меринос. Әлемдік сұрыптау жетістіктерінің бірі – Қазақстанда шығарылған арқар-меринос қойы .

Авторлары : И.С. Бутарин.,Ә.Есенжолов,А.Жандеркин. Арқар – меринос қойы өзіміздің Шығыс Қ азақстанда өсіріледі.

4-топ. «Зеңгі баба» тобы. Ірі қара шаруашылығы.

Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка материктерінде кең тараған.Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті.Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады.Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. өсіріледі.

3. Тапсырма.

Мал өнімдеріне түсінік беру.

ІІ. Практикалық тур.

1. Ақпараттық сәт.

Тақырыбы: Ауданымыздағы мал шаруашылығының дамуы.

Аудан бойынша мал басы 1 маусым 2012 жылға ірі қара 47 300 бас, Оның ішінде 18 600 бас сиыр, қой-ешкі 150 000 бас, жылқы-8 300 бас, түйе 550 бас, құс саны 60 000-ға жетті.алынған төл саны-бұзау 18 800 бас, қозы -лақ 65 000 бас, құлын-2 850 бас, бота 111 бас болды.

Осы мерзім ішінде 5481 тонна ет (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 102,4 пайыз), 20600 тонна сүт ( өсім 100,5 пайыз), өндірілді

Сонымен қатар ірі қара аналық малдарын қолдан ұрықтандыру негізінде аудан бойынша 3 пункт жұмыс жасауда. Темір қалалық округі, Шұбарқұдық кенттік округі және Шұбарши кенттік округі. Үстіміздегі жылға 500 басты қолдан ұрықтандыру тапсырмасы берілген болса, бүгінгі таңда 80 бас мал қолдан қашырылды.

Аудан бойынша 10 селолық округтегі 2011 жылғы туатын төлді қосып есептегендегі бірдейлендіруге жататын мүйізді ірі-қара мал басының жылдық жоспары 39 800 бас болатын. Бүгінгі күнге 31840 бас бірдейлендіруден өтіп отыр. 22 417 бас мал компьютерлік базаға енгізілді. Яғни 80 пайызға орындалып отыр.

Үстіміздегі жылы да Үкіметтің ұдайы қолдауы негізінде ауылшаруашылығын қолдау мақсатында арнайы бағдарламалар жасақталынып, жұмыстар жүргізілуде. Осындай үлкен бағдарламаның бірі «Сыбаға» бағдарламасы. Бұл бағдарлама негізінде аудан бойынша 21 ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімі берілген болатын. Бүгінгі таңда 11 шаруашылық құжаттарын дайындап, оның ішінде 2 шаруашылық осы бағдарламаның 1 этабынан өтіп, құжаттарын тапсырды. Осы бағдарламаның орындалуын қадағалау, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне несие алу үшін жәрдем беру мақсатында, қажетті құжаттарын дайындау үшін көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп, бақылану үстінде.

  1. тапсырма. Практикалық тур.

Оқушыларға мал басының өсуі және мал өнімдерін өндіру көрсеткішінің

диаграммасын сызып келуге тапсырма берілді.слайд.

Мал өнімдерін өндіру көрсеткіші . Слайд

Төрт түлік туралы тыйым-ырымдар.

Мал қораның сыртында, болмаса ішінде ысқырмайды. Халқымызда ысқырыққа жылан келіп, малдың емшегін шағады немесе сүтін сорып кетеді деген түсінік қалыптасқан.
• Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді – жас төлдің құты кетеді.
• Мал туып жатқанда жанында адам тұрса, төлін қызғанып, өлтіріп тастауы мүмкін..
• Ұрлық жасаған, өтірік айтқан адамға мал бағуга болмайды, малдың берекесі кетеді.
• Сойылған малдың қанын төрт түлік (әсіресе сиырдың) көзінше төкпейді, сүтінен айырылады.
• Жатқан малдың үстінен аттауға болмайды. Аттаған жағдайда кейін қарай аттау керек. Әйтпесе мал омыртқасын сындырады, болмаса қасқыр жейді.
• Малды аяқпен тебуге, ал атты бастан ауыздықпен ұруға болмайды. Иесі өкпелейді.
• Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді. Малдың берекесі кетеді.
• Мал сойғанда төс шеміршігін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол үйдің аты жүйрік болады.
• Ақты (сүтті, айранды) төксе малдың желіні кетеді.

ІІІ. Шығармашылық тур.( ой қорыту стратегиясы бойынша )

Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер сайысы.

Күйсіз көлік жүгірмес.

Атты күнде мінсең — тулақ,
Аптада мінсең – қунақ,
Айына мінсең — ат,
Жылына мінсең — тұлпар.

Саумал ішсең -қымыз жоқ,

Байтал мінсең-құлын жоқ.

Жұмбақ жасыру.

Жүректен жүрекке (жылы лебіздер)

Біз бүгінгі сабағымызда ата кәсібіміз- мал шаруашылығы туралы, оның ішінде еліміздің мал шаруашылығының дамуы жайында жан-жақты мәлімет алдық. Мал өнімдерінің адам өміріндегі маңызы туралы, мал шаруашылығы туралы жақсы білімдерімен көзге түскен топтарға рахмет айтамыз. Жақсы дайындықпен келген топты марапаттаймыз.Әрбір топ оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Үйге тапсырма. Төрт түлік тақырыбына мәнжазба әзірлеу,аңыз- әңгімелер жинау.

Бағалау: сабақ барысының әр кезеңінде берілген түрлі-түсті асықтар бойынша оқушылардың білім деңгейін саралау,қорытындылау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше