Жуан дауыстылар. Ақ бұзау.

Тоқышева Динара Сембайқызы

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп

Атырау қаласы, Бірлік селосы

Тақырыбы: Жуан дауыстылар. Ақ бұзау.

Мақсаты : 1. Оқушыларды жуан , жіңішке дауысты дыбыстар, олар-

дың әріптерімен таныстыру , сауатты жазуға үйрету .

2. Оқу материалын жүргізіп . мәнерлеп , түсініп оқу дағдысын

қалыптастыру , еңбек етуге баулу.

3. Балалардың бағыт- бағдар бере отырып , өздіктерінен жұмыс

істеуге , топпен шығармашылық негізде жұмыс істей білуге,

өз көзқарастарын қалыптастыра білуге дағдыландыру.

Сабақ типі: Аралас сабақ .

Көрнекілігі : «Үй жануарлары » суреттері , « Төлдер» суреті , ойындар,

парақшалар. Т.б

Техникалық құрал : интертақта , үнтаспа

Сабақтың жүрісі :

I . Ұйымдастыру бөлімі : 1. Психологиялық дайындық.

  • Қуан шаттан алақай !
  • Қуанатын келді күн !
  • Қайырлы таң , қайырлы күн !
  • Күліп шықты күн бүгін !

2. Сыныпты топтарға бөлу : I – топ : «Ботақан»

II – топ: «Құлыншақ»

III- топ: «Бұзауқан»

II .Тірек білімді еске түсіру :

I – топ : Сөз . Сөйлем.

II – топ: Қазақ алфавиті.

III- топ: Дыбыс . Әріп .

III. Жаңа ұғымды меңгерту :1. Жуан дауысты дыбыстар:

А а Ы ы О о Ұ ұ

2. Оқулықпен жұмыс : 28- жаттығу.

Тапсырма : 1. Өлеңді мәнерлеп оқу .

2. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жазу.

29-жаттығу. Тапсырма: 1. Сөздерді оқу.

2. Сөздегі жуан дауысты дыбыстарды жазу.

IV. Сергіту сәті: Бұзау «М-ны» «Ө-ге» қосып, «Мө» – дейді.

Бота «Б-ны» «Ө-ге» қосып , «Бө» – дейді.

Құлын «Е-ні» «Е-ге» қосып , «Ее» – дейді.

Қозы «М-ны» «Е-ге» қосып , «Ме» – дейді.

Ал мен «М-ны» «А-ға» қосып , «Ма»- деймін.

«Мама!» – деймін.

V. Өздік диктант : Тапсырма: Өз беттерімен жуан дауысты дыбысы

бар үш сөз жазу.

VI. Оқу материалымен жұмыс: « Төрт түлік » тарауы

  1. Үй жануарларын атау.
  2. Ойын: « Төлдерді өріске айда»
  3. – Бұзау ненің төлі? (оқушы ойы)
  4. «Ақ бұзау» өлеңімен таныстыру.
  5. Авторы Ж. Смақов туралы айту.
  6. Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру.
  7. Оқыту түрлерін жүргізу.

VII. Сәйкестендіру тесті : Ойын: «Төлдерді шақыру»

Тапсырма: Төлдерді шақырып , енесіне қосу.

VIII. Шығармашылық жұмыс: «Ұйқасын тап»

I – топ : Жұмбақтың ұйқасын табу . …… ….. ойнайтын

. …. …. ойлайсың?

II – топ: Өлеңнің ұйқасын табу. Алмастан тыным ,

Шабады …………….

III- топ: Өлең құрастыру. Бұзауға арнау.

IX. Қорытындылау.

X. Мадақтау , бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше