Ғылыми зерттеу жұмыс «Ұлтымыздың қымбат қазына сы- тоғызқұмалақты дәріптеу»
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы.
«Бейнеу лицейі» ММ.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Әжібаева Гүлназ
Ғылыми зерттеу жұмыс
«Ұлтымыздың қымбат қазынасы- тоғызқұмалақты дәріптеу»
Абстракт
Зерттеудің мақсаты:
- Қазақ халқының ұлттық ойыны тоғызқұмалақты зерттеп, халыққа жария ету.
- Ұлттық ойнының зерттелуіне, жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапса, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолдану.Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Төл ойынымыз тоғызқұмалақтың зерттелуі нәтижелі аяқталса ғылымға, білім саласына қосылған қомақты үлес болар еді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
І кезең. Ғылыми жұмыстың тақырыбы таңдалып, қажетті материалдар мен зерттеулер ізделіп, олар жүйеленді.
ІІ кезең. Аудандық мұражайдан керекті құжаттар алынып, археологтардың еңбектеріне шолулар жасалды. Маңғыстау өлкесінен табылған тастан қашалып салынған тоғызқұмалақ тақтасына ұқсас орындар фотоға түсірілді.
ІІІ кезең. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні туралы баяндама оқылып, ұлттық ойын тоғызқұмалақтан сайыс өткізілді.
Зерттеудің жаңалығы мен жұмыстың өздігінен орындалуы:
Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы арқылы Пифагордың көбейту таблицасын үйренуге болатыны жайлы анықталды. Кез келген 100 ге дейін санай алатын баладан бастап ересекке дейін ойнап үйренетіндігі дәлелденді.
Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары:
Ойын танымдық, эстетикалық, спорттық, тіпті ғылыми аспектілерге ие. Тоғызқұмалақтың емдік қасиеті де бар, ол жасөспірімдер миын дамытады. Сондықтан ол жергілікті, ұлттық деңгейден асып, әлемдік маңызға ие. Тоғызқұмалақ дамытып қана қоймайды, ол тәртіпке үйретеді. Тоғызқұмалақ ойнайтын бала өскен соң, күнделікті жоспарын оңай құра алады, кез-келген жағдайда өзін тұлға ретінде көрсете алады, белгілі бір оқиғаға байланысты өзіндік ұстанымы, көзқарасы болады.
Қорытындылардың практикалық тұрғыдан пайдаланылуы:
Зерттелген жұмыс денешынықтыру сабақтарында, үйірмелерде ойын, сайыс түрлерінде ретінде қолданылды.
Осы ойынды ойнау арқылы адам мінезінде өзгерістер болатынын байқап, зерттеу жұмыстарын жүргіздік.
Бұл әрине бастапқы зерттеулерімнің нәтижесі. Бұл ұлттық ойын әлі де терең зерттеуді қажет етеді.
Басқа да өзіміздің мысалы: асық, көкпар сияқты ұлттық ойындарды зерттеу болашақ жоспарымыз болып отыр. Біз осы жұмысымызды толықтырып, білім саласына өз үлесімізді қоссақ деп ойлаймыз. Алда күтіп тұрған жұмыс өте көп, ынта, жігер мен зор еңбекті талап етеді.
Абстракт
Цель исследования:
- Исследуя, обнародовать национальную игру тогызкумалак.
2. Исследуя национальную игру, наряду с воспитанием физической культуры молодого поколения, наши прадеды придумали эту игру и придавали огромное значение не только развитию логического мышления, но и использовали, как инструмент развития интеллекта.
Главная цель – дать человеку гармоничное воспитание.
Смысл игры – настоящее развитие интеллекта любого человека, усиление ответственности перед обществом.
Научная гипотеза исследования:
Результаты исследования национальной игры, внесли бы большой вклад в сферу науки и знания.
Основные этапы исследования:
І этап. Выбрав тему научной работы, собрав нужные материалы, провести исследование и их систематизация.
ІІ этап. Собраны документы из районного музея и сведения из археологических трудов. Фотографии Мангистауского края, снимки.
ІІІ этап. Доклад о национальных играх их значение в воспитании учащихся. Проведены состязания по игре «тогызкумалак»
Новизна работы:
С помощью доски игры «тогызкумалак» можно научиться таблице умножения Пифагора. Доказано, что в игру могут научиться играть как дети умеющие считать до ста так и взрослые.
Результаты и итоги работы:
Игра, владелец познаваемости, эстетики, спорта и научного аспекта. Игра «тогызкумалак» имеет и лечебные свойства она развивает логическое мышление подростков. Поэтому игра превышая уровень местного, национального достигает всемирного уровня. Тогызкумалак не только развивает ум, но и учит дисциплине. Ребёнок играющий в игру «тогызкумалак» взрослея без труда сможет составить ежедневный план, в любых ситуациях сможеть показать себя личностью, в определенных событиях будет иметь свое кредо и взгляд.
Практическое использование результатов в среде:
Исследованная работа применяется на уроках физического воспитания, в кружках как игра, состязание.
Заметив изменение в характере человека при игре в «тогызкумалак», мы провели исследование.
Это конечно начальный результат. Эта национальная игра требует более глубокого исследования.
Исследование других национальных игр, например как: альчик, козлодрание, является планами будущего. Дополняя эту работу, мы хотим внести свой вклад в отрасль знаний. Впереди нас ждёт долгая работа, которая требует усердия воли и огромного труда.
Abstract
The aim of the research: 1) Investigating to publish national game toguzkumalak.
Sense of game:
Investigating national game along with education of physical training of young generation, our prograndtathers have thought up this game and attached huge significance not only to development of logic thinking but also used, av the development tool jelly reasons.
The main purpose – give to the person harmonious education.
Sense of game-Present development jelly any person, civil responsibility strengthening. Scientific contribution to science and knowledge sphere.
The basic investigation phases:
1stage: Having chosen a theme of scientific work, having collected the necessary materials, to conduct research and their ordering .
2 stage : Documtents and a regional museum and data from archaeological works are collected.Photos of Mangistausky edge.pictures.
3stage: The report on national games of their value in education of pupils.Competitions on game togyzkumalak are spent.
Novelty of work:
By means of game board togyzkumalak it is possible to learn the multiplication table of Pifagor.It is proved that in game can learn to play both children able to consider to simple and adults.
Results and conclusion:
Game togyzkumalak has also medical properties it develops logic thinking of teenagers.There fore game exceeding level local, national reaches the world level togyzkumakalak not only develops mind,but also to learn to discipline.The child playing game togyzkumalak maturing,with out effort can make the daily plan,in any situations the person can prove to be,in certain events will have the credo and a sight.
Practical using of conclusion:
The investigated work is applied at lessons fusical education,in mugs as game,competition.
Having noticed changes in character of the person at game in togyzkumalak, we have conducted research. It certainly initial result.It is national game research demands deeper.Research of other national games,is future plants .Supplementing this work,we want to bring the contribution to branch of know ledge.In before we are waited by long work which demands diligence yours and huge work.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
«Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесі
Авторы: Қайнарбаева Ботагөз Таңатқызы,
Нұрымбаева Лаура Қошкелдіқызы
Сыныбы: 8
Тақырыбы: Ұлтымыздың қымбат қазынасы-
тоғызқұмалақты дәріптеу.
Секция: Этномәдениеттану
Пәні: Тарих және әдебиет
Жетекшісі: Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Денешынықтыру пәні мұғалімі
Ақтау-2011жыл
«Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесінің 8 «б» сынып оқушылары Нұрымбаева Лаура мен Қайнарбаева Ботагөздің «Ұлтымыздың қымбат қазынасы- тоғызқұмалақты дәріптеу» тақырыбына жазылған ғылыми жұмыстарына
Пікір
Нұрымбаева Лаура мен Қайнарбаева Ботагөздің «Ұлтымыздың қымбат қазынасы- тоғызқұмалақты дәріптеу » тақырыбына жүргізілген зерттеу жұмыстары қазақ тілінде материалдардың аздығына қарамастан қолда бар әдебиеттер мен ғаламтор беттерін орынды пайдалана отырып, тоғызқұмалақ ойыны арқылы жазылған бірден-бір зерттеу бұл, жұмыстың құндылығын көрсетеді.
Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақты» меңгеріп, құрбыларымен ойнау арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелі жүргізе білген. Олардың батыл қадам жасағандарын құптаймын. Тақырыптың мазмұнын ашуға біраз жұмыстанғандарын, жұмыс мазмұнын оқи отырып байқадым. Зерттеу жұмысының мақсатына жетуде бірнеше міндеттердің шешімін орында таба білген.
Зерттеу нәтижелерінде тоғызқұмалақ ойынын бастауыш мектеп бүлдіршіндеріне де ойнауға болатындығын , ойнату арқылы ой- өрісінің дамуына мүмкіндігі бар екені айтылған. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылған. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.
Осы оқушылардың зерттеу жұмысына тікелей қатысты әдебиеттердің аздығына қарамастан қолда бар әдебиеттерді пайдалана отырып, аудандық мұражайлармен байланыста болып, тоғызқұмалақ ойынының ашылмай жатқан сырларын ашып, берілген тапсырманы жүйелі орындауға тырысты. Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға өз үлестерінің қосқандығы деп санаймын.
Пікір білдіруші:
Дене тәрбиесінің мұғалімі Әжібаева Г.
Мазмұны
Кіріспе ……………………………………………………………………………………………. 3
І бөлім. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі мен даму
тарихы.
Ұлттық ойындардың түрлері туралы түсінік және мерекелерде
ойналатын ойындар жайлы ұғым.…………………………………………………….4
Ұлттық ойындардың білімділік, тәрбиелік рөлі мен мәні…………………6
II бөлім. Ұлтымыздың қымбат қазынасы- тоғызқұмалақты дәріптеу.
2.1. Ойынның шығу тарихы,ерекшелігі…………………………………………………9
2.2. Ойынның қасиеті ………………………………………………………………………….10
2.3. Ойынның пайдасы………………………………………………………………………...11
2.4. Киелі Маңғыстау мекеніндегі тоғызқұмалақ тақтасы……………………..12
Қорытынды…………………………………………………………………………………………12
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл – Фараби : « Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім–адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі » -деген екен. Сонымен баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы байқалады, сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай , өсер бала бола ма?» – деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану-болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген. Себебі, ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарғы тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Мысалы, қазақ халқының ұлттық ойындары, бұл ойынның алғашқы танымы десек артық болмас.
Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идиологиялық ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» – деп айтқандай, Қазақстан Республиасының Білім туралы заңында: білім алушылар мен тәрбиелеушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстар, ұлттық ойындар, семинарлар, конференциялар сондай-ақ, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген.
Ұлттық ойыындар өзінің бастауын халықтық педагогикасының тұңғиығынан алады. Қазақстан ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш-молдығын, білек-күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принцптеріне негізделген.
Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі де, көрінісіде болған. Халық арасында «Денсаулық -зор байлық» деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру –жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған.
І бөлім. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі мен
даму тарихы.
1. Ұлттық ойындардың түрлері туралы түсінік және
мерекелерде ойналатын ойындар жайлы ұғым.
Ұлттық ойындар жөнінде зерттеп, ол жайында пікір айтып, тұжырым жасаған ғалымдар мен ойшылдардың еңбектеріне тоқталатын болсақ, өйткені кез келген нәрсенің шығу тегі мен қалыптасу жолдары болатыны тарихтан белгілі. Сол сияқты ойын тарихының да өзіндік құпиялары жетерлік. Ойлап қарасақ, «ойын» деген сөз айтуға оңай болғанымен оның түпкі мағынасы өте күрделі, әрі сан қырлы ұғым. Ол-адамның болмыстық стратегиясы, яғни әмбебап құбылысқа жатады және адамдық қарым-қатынастарды мүмкін етеді. Сондықтан оны нақты ережемен түсіндіру мүмкін емес. Бұны ұғу үшін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, жантану, педагогика, математика, информатика ғылымдарына жүгінуге тура келеді. Егер, мысалы, психология мен физиология жануарлар, балалар, ересектер ойындарын салыстыра отырып, оларға феноменологиялық түсіндірме берсе, онда математикалық ойын теориясы конфликтер теориясы негізінде таңдау стратегиясына үлкен көңіл бөледі. Ойын жайындағы еңбектерді қарастыру барысында бұған деген ойшылдар көзқарасының өзі сан алуан болғанын, ойынның әр түрлі аспектілерде қарастырылғанын байқаймыз. Соның нәтижесінде ойын мәселесінің теориялық сипатта шешімнің көптүрлілігін аңғарамыз. Бұл түсінікті де, өйткені жалғыз рационалдық парадигма мен пәндік бастауларды елемеуге сүйенген классикалық философияда ойын феномені ғылыми талдаудың объектісі бола алады. Сол сияқты ұлттық ойындардың өзіне терең зерттеуді қажет етеді, яғни « ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек зерттеудің өз тарихынан бастау – ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан әрі дамуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады ». Дәл осы жағдай қазақ халқының ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы бар. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік – экономикалық дамуының негізінде болды.
Ұлттық ойындары ертеден – ақ жалпы этнографиялық әдет – ғұрыптарымен бірге дамып, жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін – қазақ совет этнографиясының бір бұтағы бола тұрса да, күні бүгінге дейін бірде – бір тарихшы – этнограф ғалымдардан мән беріп зерттеген ешкім болмады. Тек, М. Таникеевтің Қазақстанның Россияға қосылған дәуірінен бастап, Октябрь революциясына дейінгі аралықты қамтыған педагогика ғылымдарының кандидаттық диссертациясы бар. Бұл еңбектің құндылығы сол, бірінші рет қазақтың ұлттық ойындары ұлттық мәдениеттің бір саласы болғандықтан өз бетінше тарихи зерттеуді керек ететіндігі жайлы пікір айтты. Ұлттық ойындардың жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі ХІІ – ІХ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалардың құрылу дәуірі, өйткені ойындардың қай – қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек өндірістік қарым – қатынастың қалыптасуына негізделген. Кезіндегі өндіріс күштерінің құралына пайдалануға икемделген тас, ағаш, сүйек т.б. табиғи заттар осы дәуірдегі қалыптасқан ұлттық ойындарына да сол өндіріс құралдарының материалдары қолданылды. Мәселен, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған « асық » ойындарына кез келген сүйек емес жануарлардың асықтарын икемдеді.
Асық ойыны. Қазақта әр үйдің баласы сойған малдың, әсіресе қойдың, арқардың асығын жинайды. Асықты қынамен бояйды. Қорғасын құйып сақа жасайды. Асық ойыны күндіз де, түнде де, түзде де ойналады. Балалар күндіз далада ойнағанда екі бала белгіленген жерге ( 7 – 12 қадам ) асықтарды тігіп көмбеден атып тигізуі керек. Сақа тиген асықты алады. Ұтылған жақ жаңадан асық қояды. Мұндай ойында сақа өте қымбат. Сақа үлкен, салмақты асықтан болады. Кейде сақаны салмақтырақ ету үшін асыққа қорғасында құяды. Арқардың асығы үлкен болғандықтан сақаға қолайлы саналады. Асықтың алшы, тәйке, бүге, шіге деген аттары бар.
Ал асықтың «хан талапай» деген түрі үйде түнде ойналатын ойын. Онда бір топ асықты шашып жіберіп, сақаға тигізбей, алшы тұрған асықты екінші алшы тұрған асықпен, тәйке түскен асықты екінші тәйке тұрған, сол сияқты шік немесе бүк түскен асықтарды өзі сияқты түрде жатқан асықпен атып тигізген асығын алып отырады. Егер асық сақаға тиіп кетсе, онда «күйіп кеттім» деп асық салып айып төлейді. Осы сияқты асық ойындарының бірнеше түрі бар: Алшы, көтеріспек, кетсін бір, құмар, омпы т.б. Алшы. Асық ойнаушылардың саны 4 – 8 балаға дейін жетеді. Көнге барлық ойыншы бір–бірден асық тігеді. Содан соң иірген кезде алшы түскен сақаның иесі – бірінші , тәйке түскеннің иесі – екінші осылайша , кімнің нешінші болып ататындығы анықталады. Содан ары қарай ойын жалғаса береді.
Ендігі асық ойынының бірі – «кетсін бір» .бұл ойынды жасөспірімдер мен мектеп оқушылары екі – екіден топқа бөлініп ойнайды және көп асық ұтуларына болады. Құмар – бұл да асық ойынының бір түрі. Бұл ойында бозбалалармен, жігіттермен қоса әдетте ересектер де ойнайды. Ойынға өте жақсы жонылған, табаны қайралған төрт асық керек..
Асық ойынының тағы бір түрі,бұл «омпы» ойыны. Асықты мұртынан на болмаса жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Оны тегіс алаңда, жазық жерде ойнайды. Екі баладан он балаға дейін қатысса ойын қызықты өтіп, ешкімді жалықтырмайды.
Ал «Бестас» ойынына кезкелген тастар емес, ұстағанда қолға сиятындай, домалақ тастар пайдаланған. Бұл ойында ойнаушылардың саны екіден бес-алтыға дейін барады. Ойын тақыр жерде өтеді. Бауырсақтай доп-домалақ бес тас қажет. өйткені сүйірленген тастар ойнағанда, иірген кезде өз еріктерімен домалап түспей біріне бірі бөгет жасайды және қолда ұстауға да ыңғайсыз. Сонымен балалар ең алдымен кім кімнен кейін ойнайтындғын бес тасты жоғары лақтырып, алақанның сыртына түсіріп, содан қаршып қағу арқылы кезек алысады. Ең көп қаршығаны бірінші, одан азы екінші, тағысын тағы солай кете береді. Демек бұл тастар, табиғи заттар өндірістік қарым – қатынастың дамуына қандай әсерін тигізсе ұлттық ойындардың қалыптасуына да сондай маңызды болды. Ұлттық ойындарының қалыптасуына тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысымен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.Әртүрлі қозғалмалы ойындар тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды да кейін келе жас өспірімдер де қалды.Себебі үлкендерден көргенін бала да, күн ұзақ далада үй ауласында ермек етеді. Бұдан өзі ертеңгі ортаның азаматы болғанда басынан өткізетін өмірін, болашақтағы еңбегін қазір ермек етіп отырғандығы байқалады.Көшпелі қазақ тайпаларының арасында ұлттық мәдениеттің бір саласы ретінде қалыптасқан ұлттық ойындар әлеуметті-экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты өзгеріп дамып отырады.Алғашқы феодалдық қатынас кезіндегі қалыптасқан ұлттық ойындарында болған кезеңді өзгеріс, бірінші рет топқа бөлініп ойнай тын ойындар пайда бола бастады.Ондай ойындардың алғашқыларының бірі күні бүгінге дейін мәнін жоймаған « ақсүйек » ойыны.
Ұлттық ойындардың келесі бір даму кезеңі ХV ғасыр яғни Қазақстан жерінде алғашқы хандықтардың қалыптасу дәуірі. Бұл қазақ халқының ұлттық ойындарының дамуының жаңа бір сатысы болды. Бұл кезеңдегі ойындардың көбіне қоғамдық құрылыстың ерекшелігіне қарай жеке адамның рөлі арқау болып, таптық элементтер араласты. Қазіргі Қазақстан жерін мекендеген ең алғашқы рулардың әдет – ғұрыптарының негізінде дамыған алуан түрде ойналатын қазақтың ұлттық ойындары, көшпелі халықтың дала табиғатына сай дами берді. Қазақтың әдет – ғұрыптарының, ойын – сауықтарының түпкі негізі мал өсіру мен экономикалық қарым – қатынастың дамуына байланысты болған.
Ұлттық ойындардың білімділік, тәрбиелік рөлі мен мәні.
« Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді » деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой – дүниесінің өркен жаюы және білімділік, тәрбиелік рөлі мен мәні ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының білімділік және тәрбиелік маңызы жасөспірім ұрпақты ел қорғауға, бауырмалдыққа, ұлттық патриоттық сезімді дамытуға негізделеді. Ұлттық ойындарды қолдану мәселелерін Т.Ш.Қуаныш (1997), Б.Төтенаев (1994), М.Тәнекеев (1977), А.Б.Бүркітбаев (1997), Е.С.Сағындықов (1991) сияқты ғалымдарымыз көтеріп келеді. Олардың пікірінше, ұлттық ойындар – шаттық сезімдер көзі және ұлағатты тәрбиелік күш. Баланың адамгершілік сезімталдығын, шығармашылық қиял – қабілеттерін, адамгершілік сапасы мен көзқарасын, мәдениетін, ой – өрісін кеңейтіп, сөз өнеріне, қоғам, табиғат өміріндегі әсемдікті аңғарып, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ойынның ұлттық салт – дәстүрдің айрықша орын алатыны жайлы қазақ халқының тұңғыш этнограф – ғалымы Ш.Уәлиханов, көрнекті ағартушы – педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, Ж.Аймаутов, М.Дулатов, Н.Қожанова, М.Жумабаевтің « Педагогика » еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістері көрсетілуімен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністерін ( есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып ой түйіндерін тұжырымдаған. Оқулықта адамгершілік сезімдері жайлы ғылыми ұғымдар да әр қырынан ашылған. « баланың маңайында сөйленетін сөздер әдепті, сұлу болуға тиіс », – деп балалардың адамгершілік дамуындағы үлкендердің рөліне ойын арқылы тоқталады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң сондай болады. Ал Н.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болсын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға баулыйды. Ойын балалар үшін оқу да, еңбекте яғни айналадағы дүниені тану ойын тәсілі арқылы байқалады. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай,балалардың ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады яғни ойын – баланың жан серігі іспеттес. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс – тіршілігіне, айналысатын кәсіп – шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп – оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты балалармен бірге өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойын кезінде жолдасының айтқаны мен келісіп оны құрмет тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын жол. Ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте өзіндік мінез – құлқын қалыптастырады. Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Бала өмірде көрген – білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе, яғни үлкендердің, көрсеткен үлгі – өнегеміз қандай дәрежеде болса, балалардың да тәлімділігі оны айқын балгілейді. . А.А.Диваев « Қазақ балаларының ойындары » мақаласында ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп, « Соқыр теке », « Көк сиыр », « Бөрік жасырмақ » т.б. ойындардың тәрбиелік мазмұнын ашады. Сондай – ақ « Қырғыз жастарының көне ойындары » мақаласында, тойда, айттарда ауыл жастарының ат жарыстары « Қыз қуу », « Көкпар », « Аударыспақ » т.б. ойындары жайында мағлұматтар береді. Әрине бұл ойындардың дене тәрбиесінде алатын орны өзгеше.
А.Байтұрсынов ұлттық ойындардың тәрбиелік жағын айтқандай : « Ұлттық ойындар арқылы әдептілікке, имандылыққа, силастыққа тәрбиелеуге болады, ойын баланың ой өрісін дамытады ». Шынында да ойын кезінде оқушының жеке басындағы қасиеттері дамиды, ойын баланы үйретеді, тәрбиелейді, өзгертеді. Сондықтан « Көп ойласаң, дана боласын, көп ойнасаң бала боласың деп, бала өміріндегі ойынның маңызына ерекше мән берген». В.А.Сухомлинский « Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын – дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығы мен жасампаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойында балалардың ойы ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты деген ». Осыған байланысты Қазақстан Республикасының « Білім туралы заңында », жеке адамның рухани және күш – құат мүмкүндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негізін қалыптастыру, жеке адамның шығармашылық және эстетикалық қабілетін дамыту қазақ халқының мәдениеті мен салт – дәстүрін соның ішінде ұлттық ойындарды оқып үйрену үшін жағдайлар жасау, жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың денсаулығын сақтау, денешынықтыру мен ұлттық ойындарды жетілдіру міндеті қойылып отыр, яғни, рухани бай, азаматтық ары таза, ой еңбегі сай, сегіз қырлы, бір сырлы азаматтарды тәрбиелеуді талап етуде. Ұлттық ойындардың тәрбиесі барысында қимыл – қозғалыс пен жаттығулар – жас жеткіншекті батылдыққа баптап, сымбатты етіп сомдау, ептілікке баулу, сонымен қатар, тазалыққа үйрету, сергек демалу, бой жазу, ой еңбегі барысындағы шаршағанын басу, сарп еткен күш – қайратты толықтыра білу. Жан жақты үйлесімді дамыған азамат тәрбиелеудің бір негізі – мектеп қабырғасында ұлттық ойындарды жақсарту, оны халықтық тәрбиемен ұштастыру.. Мектептерде балалардың дене тәрбиесі барысында қозғалмалы ойындарға жетекші рөль берілді. Ақыл – ой немесе дене күшін дамытуға бет бұрылды. Бұл қасиеттердің бірінсіз – бірін дамытуға болмайтыны, олардың тығыз байланыста екені ескеріледі. Соның нәтежиесінде қоғамымызда ақылынан қара күші басым немесе өзінің ақылымен ойлаған ойын іс жүзінде қолдана алмайтын жігерсіз, толыққанды емес адам тәрбиеленіп келеді. Ендігі біздің мақсатымыз – дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру арқылы болашақ өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, адамгершілік, имандылық, ізгілік мінезі қалыптасқан, іскерлігі жоғары, дені сау азаматтарды тәрбиелеу.
II бөлім. Ұлтымыздың қымбат қазынасы – тоғызқұмалақты дәріптеу.
Тоғызқұмалақтың шығу тарихы. Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог -ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған. Қазақ халқының тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Олардың қай-қайсысы болса да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Ал, осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – қазақтың ұлттық ойындары. Көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен халық жиналған думанды -сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келген. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов: « Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрт-тың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерек- ше мағыналары болған» – деп тегін айтпаса керек. Қазақтың ұлттық ойын-дары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты сонымен қатар байсалдылықты, мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Себебі, ойынға қатысу үшін, алдымен оған адамның тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату, асық ойыны т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие. Міне, осындай ерте заманнан келе жатқан, терең ойды талап ететін, халық даналығы қалдырған, ежелгі ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ.
Ұлттық ойындар туралы ең алғашқы деректер XІІІ ғасырдан бастап, қағаз бетіне түскен. Оны сол уақытта Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сау ықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинап, Еуропа жұртшы -лығына таныстырған итальяндық саяхатшы Плано Карпини болды. Одан кей -ін де қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинаған ғалымдар бар. Соның бірі этнограф Н. Пантусов ең алғаш рет «Тоғызқұмалақ» ойыны ның фотосуреті мен ойнау тәртібін қағаз бетіне түсірген. 1906 жылы Н. Пантусов «Бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған» деп жазды. Одан кейін Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ғ. Мұсабаев жүргізген этнографиялық зерттеулері нәтижесінде «Тоғызқұмалақтың» тас бетінде қашалып салынған таңбалары табылған. Ең алғаш тоғызқұмалақ жайлы кітап жазған түркітанушы С. Аманжолов болған. Ал, Базарбек Төтенаевтың «Қазақтың ұлттық ойындары» атты кітабында Тарбағатай тауының Сайқан жоталарының бірінде, Қоржынбай жайлауының етегінде жартасқа салынған тоғызқұмалақ тақтасы бар екенін. Сонымен қатар, Ақшұқыр деген тас төбенің үстінде, тегіс тасқа тоғызқұмалақтың отаулары мен қазандары қашалып салынғаны жайлы жазылған. Неміс ғалымдарының зерттеуінше тоғызқұмалақтың 4 мың жыл бұрын Қазақстан мен Қырғызстан аумағында тұрған тайпалардың ойыны болғанын айтады. Мәліметтерге сүйенсек ертеде тоғызқұмалақ ғұндардың әскери-танымдық ойыны болған екен. Ғұндар Мөде басқарған кезінде тоғызқұмалақ ойынын «Орда» деп атаған. Сол кезде бұлай аталуының да өзіндік сипаты бар. Бұл ойынды «Қойшылар алгебрасы» яғни, малшылар математикасы деп те атайды. Себебі, тоғызқұмалақты ертеректе ауыл қойшылары жайлауда бір төбенің басына жиналып, қойдың құмалағы-мен ойнайтын болған. Тоғызқұмалақ ойынының аса бір өзіндік ерекшелігі күрделі құрал-жабдықтарды қажет етпеген. Бұрын ойыншылар жерді қазып, ойын тақтасын дайындаған. Бұл ойынның халық арасында кеңінен таралуына толық мүмкіндік туғызды. Тіпті, мықты ойыншылар өзімен ойнауға тұрады-ау деген қарсыластарын басқа рулы елдің арасынан іздеп барып ойнағанда жанкүйерлерін, ақыл -кеңес беретін адамдарын өздерімен бірге ертіп те жүрген. Тоғызқұмалақ ойыны өткен ғасырда ең кеңінен тараған ойын болған. Алғашқы кезінде тоғызқұмалақ ойыны үш отау, бес отау, жеті отаулық шағын үлгілері болған. Тоғызқұмалақ ойынының қазіргі үлгісі 1948 жылы қалыптасты. Ойынның классикалық ережесін жасауда МұхтарӘуезов пен қазақ сахнасының мақтанышы, КСРО халық әртісі Қалибек Қуанышпаевтың еңбегі зор. Тоғызқұмалақ тектес ойындар бүгінгі күні бүкіл әлемге танылған. Оның Оңтүстік және Солтүстік Америкада, Африкада, Европа елдерінде, Азия және Австралияда т.б. аралдарда ойналатын түрлері де бар. Бірақ әр халық ойын ережесін өз дүниетанымына сәйкестендірген.
Ойынның қасиеті.Ойын танымдық, эстетикалық, спорттық, тіпті ғылыми аспектілерге ие. Тоғызқұмалақтың емдік қасиеті де бар, ол жасөспірімдер миын дамытады. Сондықтан ол жергілікті, ұлттық деңгейден асып, әлемдік маңызға ие. Тоғызқұмалақ дамытып қана қоймайды, ол тәртіпке үйретеді. Тоғызқұмалақ ойнайтын бала өскен соң, күнделікті жоспарын оңай құра алады, кез-келген жағдайда өзін тұлға ретінде көрсете алады, белгілі бір оқиғаға байланысты өзіндік ұстанымы, көзқарасы болады.Ойын халықтың мінезін танытады. Ондағы әрбір ереже дүниетанымдық ерекшеліктерден туындайды. Ал енді тоғызқұмалақтың әлемге танымал, түрлі ойлау жүйесіне тән түрлерін талдап қарастырсақ, бұл мәселеге нақты көз жеткізуге болады. Овари – африкалық, калах – бүгінгі күні америкалық (тегі мысырлық), Bohnenspiel – европалық, оның ішінде немістердің, ал тоғызқұмалақ – түркілік мәдениетке тән ойын. Осы ойындардың шағын санды құмалақтарының тең жағдайда орналасқан аяқтамаларын салыстырып қарасақ, қызықты тұжырымдар жасауға болады. Овариде мұндай жағдайда барлық ойын тең аяқталады, Bohnenspiel-де жұп санды құмалақтарда тең ойын, ал тақ санды құмалақтарда жүрген жақ ұтылады, калахта тақ сандарда да, жұп сандарда жүрген жақ ұтатын да, ұтылатын да сәттер бар (алмағайып, тұрақтылық жоқ). Негізі американдық В.Чемпион мысырлық ойынға өз жанынан бір ережелер қосып, американдық менталитетке сәйкестендірген сияқты. Ал тоғызқұмалақта мұндай жағдайлардың барлығында жүрген жақ ұтылады. Бізде шабуылдың барлығына тойтарыс беріледі.
Ойынның пайдасы:Пифагор көбейту таблицасын үйренуге;терең ойлау қабілетіне; мінез құлқына тұрақтылықты;мектеп бітірушілер үшін ҰБТ–да есеп шығаруда;қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруда өз үлесін қоса алады.Ойынның ерекшелігі. Тоғызқұмалақ ережелерінен қазаққа тән мінез-құлық ерекшеліктерін көруге болады. Отау саны мен құмалақ санының аталған ойындардан көптігі де – ұлтымыздың жомарт, еркін болмысын сипаттайды, қазақ даласына тән кеңдігін көрсетеді. Ал бұл қасиеттердің барлығы ертедегі ғұндарда да болған.
Құмалақ салынған тоғыз отаудың әрқайсысының аты бар. Бірінші отау- таңдық, екінші отау- көшпелі, үшінші отау – атөтпес, төртінші отау – атсұратар, бесінші отау – бел, алтыншы отау –белбасар, жетінші отау- қандықақпан, сегізінші отау – көкмойын, тоғызыншы отау – маңдай. Әр отаудың бұлай деп аталуының өзіндік тарихи маңызы бар. Өйткені ойынның ойналуы толығымен осы отау аттарына негізделген.
Ал тоғызқұмалақ ойынын ертеде Орда деп атаған. Түсіндірме сөздікте «Орда» деген сөзге – «Орта ғасырдағы көшпелі елдердің, ұлыстық, мемлекеттік атауы» немесе «топталған орын, қайнаған орта» деген мағынасы көрсетілген. Яғни жиналу, бірігу сипаты бар. Ғұндар Мөде басқарған кезде 24 тайпаны біріктіріп, үлкен күшке айналғанын білеміз. Қай кезде түркі халықтары бір мықты басқарушының астына бірікті, сол кезде олар дүниеге үстемдік жүргізіп отырған. Сондықтан Қытайдың жүргізген саясаты мемлекет үшін жерлерді жаулап алу болса, ғұндардың жүргізген тәсілі өздерінің әскерлерін аман сақтау арқылы ғана жеңіске жету болған. Тоғызқұмалақ ойынында да аттарды немесе құмалақтарды бір-бірімен байланыстырып ойнағанда ғана жеңіске жетуге болады. Жеке-жеке тұрғанда қарсыласқа жем болып кетеді.
Жорыққа шығар алдында ғұндар тәңірге құрбандық шалып отырған. Құрбандық шалатын орын далалық жерде орналасқан. Міне, осы ерекшелік тоғызқұмалақта ереже түрінде жүр. Тоғызқұмалақта – «тұздық» деген ереже бар. Қырғыз бауырларымыз – «Туз» дейді. Орта ғасырда тұздықты – «тұзды үй» деп атаған. Ал одан тереңдей берсек, бұл сөздің түбірін – «тұз» емес «түз» деген сөзден шығаруға болады. Яғни «түз үй». Сонда түздегі үй не болуы мүмкін? Бұл әрине далалық жердегі көпшіліктің құрбандық шалатын орны екендігін байқауға болады. Сонда тоғызқұмалақтағы ойын кезінде жүріс жасалған сәтте тұздық алынған отауға бір құмалақ тастап отыру (атты шалып отыру) ережесі, ғұндардың құрбандық шалу салтын елестетеді. Бүгінгі күні бұл ғұрып сахаларда «тюселге» деген атпен сақталған. Сондай-ақ оларда құрбандық шалу сәтінде айтылатын салттық өлеңдер де бар. Көнеде ғұндар бүкіл дүниетанымын қытайлықтарға қарсы қою арқылы, өздерінің бітім-болмысын сақтап қалуға тырысқан.
Киелі маңғыстау мекеніндегі тоғызқұмалақ тақтасы. Пір Бекет атаның Оғыландыдағы жер асты мешіті жанында жартасқа салынған тоғызқұмалақ тақтасы бар екенін ел жұртқа белгілі. Тегіс тасқа тоғызқұмалақтың отаулары мен қазандары қашалып салынғаны, бұдан 240 жыл шамасында ойналғанын білдіреді.Бейнеу ауданы аумағындағы Күйкен тауында тегіс тасқа қашалып салынған тоғызқұмалақ тақтасына ұқсас тақта бейнесі табылды. ( аудандық мұражайдан алынды)
Қорытынды:Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі.
Зерттеу жұмыстарын жүргізуде байқағанымыз оқушылардың мінез –құлқының өзгергендігі, олардың бірқалыпты, тұрақтылықты болуы және бір-бірін құрметтеуі мен сыйлауы кездеседі. Пифагордың көбейту таблицасын үйренушілер үшін осы тоғызқұмалақ тақтасы арқылы есептеп, үйренуге де болады. Мысалы 6*5=30 бұл жерде 6 отауға бес бестен құмалақ салып, санағанда 30 құмалақ шығады. 9 жердегі 9= 81Тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан құмалақ салып, барін қоссақ 81 құмалақ болмайма? Сонда әр отауға құмалақ салу арқылы есеп шығаруға да болады екен. Бұл дегеніміз мектеп бітірушілердің Ұлттық біріңғай тестілеуде математика есептерін тез шығару үшін де логикалық ойлау қабілетін дамытады. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда. Өзіміздің төл спортымыз болғандықтан, бүгінде Қазақстан құрамасы әлем бойынша алдыңғы орында тұр. Дегенмен де болашақ жасөспірімдерге ұлтымыздың сарқылмас қазынасы тоғызқұмалақ ойынын насихаттап, жұртшылыққа таныстыру біздің басты міндетіміз деп білеміз. Адамның адамнан артықшылығы ақыл-ойымен өлшенсе, сол ақыл-ойымызды дамытатын тоғызқұмалақты әрбір қазақ үйренуі тиіс. Ұлтымыздың қымбат қазынасын әрбір жас ана тіліндей қадірлесе орынды.
1948 жылы тоғызқұмалақ ойынының алғашқы біріншілігі өтті.
1974 жылы алғаш рет қазақ СССР тоғызқұмалақ федерациясы құрылған.
1997 жылы елбасы Н.Ә. Назарбаев жүлдесі үшін халықаралық жарыс өткізілді.
2001 жылы Қазақстан Республикасы ардагерлері мен жасөспірімдер арасындағы чемпионаттарын бөлек өткізу ісін жүзеге асырды.
2001 жылы ҚР тоғызқұмалақ федерациясы құрылды.
2010 жылы тұңғыш рет Әлем чемпионаты өтті.
2009 жылы әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ зияткерлік ойын ретінде тіркеліп, қырғыз халқы тоғызқұмалақтың онлайн жүйеде ойнайтын бағдарламасы жасалынды.
Пайдаланылған әдебиет
Төтенаев Б. « Қазақтың ұлттық ойындары ». Алматы 1994.
Қазақстан мектебі №2. 2008.
Сағындықов Е. «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы:Атамұра 1997.
Бастауыш мектеп. 8-9.2006.
Қазақстан мектебі №3. 1999.
Қоянбаев Р. М. Ыбырайымжанов Қ. Т. «Педагогикалық сөздік» Түркістан 2006.
Бастауш мектеп №2. 2007.
Қазақстан мектебі №9. 2002.
Қазақ тілі 2005.
Бастауыш мектеп №2. 2006.
Бала мен бала бақша №2. 2008.
Бастауыш мектеп №6. 2008.
Қазақстан мектебі №3. 2007.
ТәжібаевТ.«Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні»Алматы :Атамұра 1997
Қоянбаев Ж. «Педагогика».
« Бастауыш мектеп» №3. 2007.
Қалиев С. Оразаев М. Смайылов М. «Қазақ халқының салт–дәстүрі»1994.
Бастауыш мектеп №11-12. 2006.
