Тері және бұлшықет сезімі, иіс және дәм сезу
Атырау облыстық «Н.Тілендиев атындағы
Кіші өнер академиясы» дарынды балаларға
арналған интернаттық мекемесі бар
мамандандырылған мектеп
ІІ санатты химия – биология пәнінің
мұғалімі Сапарова Жайдар
Сабақтың тақырыбы:Тері және бұлшықет сезімі, иіс және дәм сезу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адам өміріндегі анализаторлардың маңызы, олардың өзара байланысы мен өзара бақылауы туралы білімді тұжырымдау.
Дамытушылық:оқушылардың сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметтері арасындағы байланыс туралы қорытынды шығара білу біліктілігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: ағзамызда бізді қоршаған ортамен байланыстырып тұрған сезім анализаторларын жағымсыз әсерлерден қорғау.
Сабақтың типі:аралас сипатта
Сабақтың түрі: ақпараттық
Сабақтың әдісі: жалпы сұхбат, тірек-сызба құру, өзіндік жұмыс,
Сабақтың пән аралық байланысы: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,сызба-нұсқалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру
ІV.Бекіту
V. Үйге тапсырма беру
I. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, қажетті құрал – жабдықтарын алдырып, суреттер қиындыларын сәйкестендіру арқылы топ- топқа жұптастыру.
II. «Дұрыс пікірді табыңдар»тапсырмасы. Оқушылар тез жауап қайтарып, тапсырманы орындайды.Жеке тапсырма
1.Есту мүшесі самай сүйегінде орналасқан және сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтан тұрады.
2.Сыртқы құлақ есту түтігінен және құлақ қалқанынан тұрады.
3.Сыртқы құлақ дыбыс тербелістерін қабылдап, өткізіп тұрады.
4.Дабыл жарғағы ортаңғы және ішкі құлақтың ортасында орналасқан.
5.Сыртқы есту жолы дабыл жарғағымен аяқталады.
6.Ортаңғы құлақ есту түтігі арқылы мұрын – жұтқыншақпен байланысады.
7.Ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелері бір – біріне бірігіп кеткен.
8.Есту сүйекшелері – есту анализаторларының рецепторлары.
9.Ішкі құлақ – саңылаулар мен иірім түтікшелер жүйесі болып табылады.
10.Ішкі құлақ қуысы ауаға толы болады.
11.Есту сезімталдығының аймағы үлкен ми сыңарлары қыртысындағы самай бөлігінде орналасқан.
12.Дыбыс толқыны есту мүшесінде сұйықтық тербелісіне, содан соң жүйке импульсіне айналады.
13.Есту анализаторының мынадай бөлімдері болады: сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ
14.Құлақтың сезімтал құрылымы – кортиев мүшесі болып табылады.
15.Тұрақты қатты шу дабыл жарғағының созылмалылығын бұзады.
Жауаптары: 1,3,5,6,9,11,12,14,15.
Әр топқа суреттер,кестелер беріледі.Топ оқушылары бірігіп орындайды.
1 топ: Құлақ құрылысының қиындыларын ретімен орналастыру.
2 топ: Түрлі –түсті қағаздардан көз аппликациясын құрастыру
3 топ: Кестемен жұмыс
| Тапсырма | Жауаптар |
| Мылтық атылғанда, жарылыс болғанда
ауызды ашу ұсынылады.Неліктен? |
|
| Қатты шу жүйек жүйесіне кері әсерін тигізіп, шектен тыс қажуды, психикалық ауруларды тудырып, ұйқыны қашырады.Шудың әсерін азайту үшін қандай шаралар ұсынуға болады? |
III. Жаңа сабақ
Электронды оқулық және бейне көрсетілімдер көрсетіледі.
Түйсік сыртқы әлем туралы білім көзі болып табылады.Бұл сыртқы әлемдегі құбылыстар туралы ақпаратты миға дейін жеткізіп, адамға қоршаған әлемде бағытын табуға мүмкіндік беретін негізгі жол болып табылады.Түйсіктер қандай болады?
Өмірлік тәжірибені өзектеу.(оқушылардың бұрын алған білімдері мен тәжірибелерін қайта қалыптастыру)
Әрбір оқушы парақтың сол жағына өзінің тақырыбы бойынша білетін ақпаратын жазып, ал оң жағына жауабын білгісі келетін сұрақтарын жазады.
| Не білемін | Білмеймін, бірақ білгім келеді |
Оқулықпен тексеріп,дұрыс болмаған ақпараттана талдау жасап жауабын толықтырады.
IV.Бекіту тапсырмалары
1.Тілдің ұшы нені қабылдайды
А –тәтті
Ә –тұзды
Б –қышқыл
В –ащы
2.Теріде мыналарды қабылдайтын қабылдағыштар болмайды
А – жылу және суық
Ә – ауырсыну және түйсіну
Б – қысым (бароқабылдағыш)
В – химиялық рецепторлар
3. Адамның түс қабылдау қабілетінің бұзылуына байланысты ауру қалай аталады
А – гипертония
Ә – қаны аздық
Б – шыжың
В – дальтонизм
4.Дененің кеңістіктегі қалпын есту мүшесінің қай бөлігі қабылдайды
А – иірімді түтік
Ә – евстахий (есту) түтігі
Б – дабыл жарғаға
В – доға қуыстары
5.Көз қасаң қабығының жұқпалы қабынуы
А – коньюктивит
Ә – сығырлық
Б – қырақтық
В – дальтонизм
6.Ортаңғы құлақ қуысын аңқамен не жалғастырады
А – сыртқы есту жолы
Ә – есту түтігі
Б – дабыл жарғағы
В – доға қуыстар
7.Қай сүйекшелер есту мүшесіне жатады
А –иірімді түтік
Ә –самайлық сүйекшелер
Б –шүйде сүйекше
В –балғаша. төс, үзеңгі сүйекшелер
2.Әдеби шығармашылық тұрғыда сезім мүшелеріне сипаттама беру
| 1 топ | 2 топ | 3 топ |
| Көз мүшесін негізге ала отырып
эссе , өлең ұйқастарын құру |
Дәм сезу мүшесіне мақалдар мен жұмбақтар құрастырыңдар | Мұрын сезім мүшесіне өтірік өлең, жаңылтпаш құрастыру |
3. Тақтада компьютер, құлақ қап, дүкен сөрелеріндегі тәтті тағамдар, газдалған шырындар, ұялы телефондар, т.б суреттер ілінген. Өз тақырыпарыңызға байланысты осы суреттердің пайдалы және пайдасыз жақтарын айтып беріңіздер.
V. Бағалау
VI.Үйге тапсырма
1. Оқулық материалын меңгеру.
2. Cәйкеcтікті тап кестесін орындау
