Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.
Ташимова Набира Шаймерденқызы
№12 І.Қабылов атындағы орта мектеп
Қызылорда қаласы
Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды халқымыздың сөз өнері мақал-мәтелдер- дің мағынасын ұғып, ойда сақтап, көп білуге үйрету.
Тәрбиелігі: шешендік сөз өнерін дамыту,
өз тілің қадірлеуге,құрметтеуге тәрбие леу.
Түрі: ойын сабақ.
Әдісі: білімді тиянақтау.
Көрнекілігі: плакаттар. 1.Сайысқа қатысушылармен таныстыру. Әр оқушы өздері жаттаған мақалдарын айтады.
А л ғ а ш қ ы а й н а л ы м. 2.Мақалдың арғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
а) Өзек қуа ағады
Өзен судың саласы .
(Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы).
ә) Досы көпті жау алмайды,
(Ақылы көпті дау алмайды).
б) Сәуір келсе күн күркірер,
(Күн күркіресе көк дүркірер).
в) Егіннің жайын еккен білер,
(Арбаның жайын жеккен білер).
г) Есік алды тау болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
(Ауылыңда қария,
Жазып қойған хатпен тең).
ғ) Қарға баласын аппағым дер,
(Кірпі баласын жұмсағым дер).
е) Бірлігі жоқ ел тозады,
(Бірлігі күшті ел озады).
л) Малды жақсы баққаның,
Өзіңе абырой тапқаның.
(Малды жаман баққаның,
Келген бақты қаққаның).
К е л е с і к е з е к.
1.Екі ойыншы біріне-бірі мақал айтады, сол
мақалда бар сөздермен мақал құрастырады.
К ө р е р м е н к ө з а й ы м ы.
1.Берілген сөздерден көрермендер мақал құ-
растырады.(ата, гүл,бала,жақсы,еңбек,өзен,
Отан, ат, ер батыр, тас, ел, ана).
Ж ұ м б а қ.
1.Көліксіз өмір сүрмейді,
Ешқашан жаяу жүрмейді. (Ер тоқым).
2.Ақ көйлекте көк желек,
Орманда орны бір бөлек. (Қайың).
3.Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа).
4.Есек құлақты,
Мысық аяқты.
Түйе ерінді,
Ешкі құйрықты. (Қоян).
5.Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады. (Сабын).
6.Өзі арық, сөзі әріп. (Қалам).
7.Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз).
8.Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.
(Жұмыртқа мен балапан).
9.50 аяқты екі қолды,
50 аяқпен салады жалғыз жолды. (Ара).
10.Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды. (Тоты құс).
2.Екінші ойыншы біріне-бірі жұмбақ айта-
ды.Ұпайы ең аз ойыншы ойыннан кетеді.
3.Көрермендерге жұмбақ айту.
А қ ы р ғ ы а й н а л ы м.
Екі ойыншы жұмбақтың шешуін тауып ма-
қал құрастырады.
а) Аспай түскен,
Қайналып піскен.(Жеміс).
Сабағы жаман ағаштың жемісі де жаман.
ә) Жалт-жұлт еткен,
Жылғадан өткен.(Су).
Судың да сұрауы бар.
б) Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.(Күн).
Жақсы ай мен күндей әлемге бірдей.
в) Қимылдаса қос шебер
Қыруар-қыруар іс өнер.(Қол).
Көз қорқақ, қол батыр.
г) Ұзын, ұзын, ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен.
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен.
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен. (Білім).
Оқу- білім азығы,
Білім- ырыс қазығы.
Қайталау.
Қорытынды, бағалау.
Ашық сабақ
Дүниетану
Тақырыбы: Ас тұзы
Мақсаты: 1. Білімділік
Пайдалы қазбалармен оның ішінде ас тұзымен танысса отырып, олардың адам өміріндегі маңызын түсінуге және олардың адам өміріне күнделікті керек екенін түсіндіру.
2. Дамытушылық: Өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуғе, шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Елін, жерін, өз отанын сүюге, шыдамдылыққа, төзімділікке, сабырлыққа тәрбиелеу. Ұжымда бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, бес жолды өлең, галареяны, үш қадам сұхбат, өзіндік жұмыс, шығармашылық тапсырма, ойындар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дамыта оқыту.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекілігі: Карта, сөзжұмбақ, ребус, инеерт картасы, семантикалық карта
Қолданылатын стратегиялар: топтастыру, болжау, баяндау, түртіп алу.
Оқыту технологиясы: дамыта оқыту.
Барысы: Амандасу, сабаққа назарларын аудару бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстыру.
1. Ұйымдастыру кезеңі жасырын сөз жазу арқылы оқушыларды үш топқа бөлемін.
топ – алғырлар
топ – тапқырлар
топ – зеректер
топ – ойшылдар
2. Өткен Сабақты пысықтау
– Үйге қандай тапсырма беріледі?
– Құм, саз және әктас
– Үйге тапсырманы 3-4 оқушыдан сұрау, түсінігін айтқызу. Сұрақтарға жауаптарын тыңдау.
3. Венн диаграммасы арқылы құм мен саздың ұқсастығы мен айырмашылығын оқушылар толтырып шығады.
Құм Саз
Үйге тапсырманы сұрақ –жауап бойынша бекіту, қорытындылау.
Жаңа сабақ: Ас тұзы «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны арқылы әр баланың аттарының бас әріптерін алып, «Ас тұзы» сөзін шығарып алып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «ас тұзы» екенін түсіндіру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Пайдалы қазбалар туралы, ас тұзы туралы не білеміз, көз алдымызға туралы не елестейді?
Пайдалы қазбалар мұнай, газ, гранит, әктас, тас көмір, құмтас мәрмәр, темір, күміс, алтын, ас тұзы, саз, су.
Мағынаны тану.
Енді, балалар, қолдарыңдағы пайдалы қазбаларға анықтап қараңдар.
топқа – ағаш
топқа – тас көмір
топқа – құм, саз, тас
топқа – темір
Ал, осы пайдалы қазбалар туралы не білесіңдер? Сол білетіндеріңді дәптерлеріңе жазыңдар. Жазып болған соң, топта талдау жұмысы жүргізіледі.
Әр топтан бір оқушы шығып жазғандары туралы оқуп шығады. Басқа оқушылар тыңдайды.
Балалар өз ойларын айтып болған соң, жаңа сабақты түсіндіремін, интерактивті тақта арқылы «ас тұзының» қалай өндіріліп жатқанын 1-2 минут көрсете отырып түсіндіремін.
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім оқып бергеннен кейін оқушылар іштей және бергеннен кейін оқушылар іштей және қатармен тізбектей оқиды.
Сергіту сәті:
Ой-толғаныс кезеңі.
Оқушылардың ас тұзы жайлы білетін мақалдары, жұмбақтары болса айтқызу.
Ойланбаса ми сасиды,
тұз сеппесе ет сасиды.
Тұз астың дәмін келтірер,
мақал сөздің мәнін келтірер.
Судан алады, суға салса өледі
(тұз)
Май сасыса тұз себер,
тұз сасыса не себер?
Дәптермен жұмыс.
Топқа тапсырма:
Бес жолды өлең жазу
1 топ – әктас
2 топ – құм
3 топ – саз
4 топ – ас тұзы
Келесі тапсырма
Деңгейлік тапсырма
1 деңгей – 3 5 ұпай
2 деңгей – 4 10 ұпай
3 деңгей – 5 15 ұпай
Сұрақтары:
сурет бойынша әңгіме құрастыру
Берілген әріптерден сөз құрау
Сөзден сөз құрастыру.
Ой – қорыту.
«Ассоциялық аймақ» құру
иіссіз
ерігіш ащы
қатты
түссіз
ақ түсті
«Үш қадам сұхбат» қатысатындар Ғалым, жүргізуші, тілші
Жүргізуші: бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Ғалым: сұрақтарға жауап береді.
Тілші: Жазып отырады.
Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
Неісмен ұнады?
Семантикалық карта бойынша оқушылар не білді? Не үйренді?
Не білгісі келетінін білу, картаны толытру.
| р/с | Не білдім | Не үйрендім | Не білгім келеді |
Міне, балалар, осы пайдалы қазбалар біздің елімізде, жерімізде өндіріледі екен. Осы байлықтың иесі сендерсіңдер. Сендер Қазақстанды көркейтіп, әлемге танытатың оқушыларсыңдар. Сонымен қорыта айтқанда, пайдалы қазбаларды күнделікті тұрмыста қолданып жүреміз.
Үйге: Мәтінді оқып, мазмұнын айту «менің елім –бай ел» тақырыбына шығарма жазып келу.
Бағалау
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!»Мақсаты: білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.
тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, шарлар, нақыл сөздер, кітап көрмесі.
Жүру барысы:
1-жүргізуші:Азамат
Ассалаумағалейкум, халқым менің!
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін
2-жүргізуші:Айзада
Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Бүгін Отанымыз Қазақстанның
1-жүргізуші:Азамат
Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Әр дәуірдің еркіне сай
Нарқы өзгерген алтынның.
Айналайын, алтын әнім,
Жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді,
Ел болсақ деп талпындың.
2-жүргізуші:Айзада
1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.
1-жүргізуші:Азамат
Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.
Жеңісбек:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Әділдікпен шындықты
Өтірік жала жапқан күн.
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шекккен күн,
Қасқалдақ ұшіп көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
Дана:
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең-жырымыз
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?
Тарылып жатса даламыз
Қайтіп біз тыныс аламыз?
Қақымыз да жоқ айтуға
Әділет қайдан табамыз?
Сәбит:
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеге өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы
Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Медет:
Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,
Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?
Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,
Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.
Динара:
Қақап күннің ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн
Берікқали:
Жас арудың жанарында –Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында –Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан
Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан
2-жүргізуші: Хор: «Желтоқсан желі»
1-жүргізуші:Азамат
Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.
2-жүргізуші:Айзада
Бірақ қазақтың өр өлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы – 23 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.
1-жүргізуші:Азамат
Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.
Жәнібек
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.
Сағыныш:
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.
Лаура:
Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған-
Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.
Зоя:
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
Ақмарал:
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның
Желтоқсан тұрар басында!
2-жүргізуші:Айзада
Ән: «Алға, қазақ жігіттері»
Орындаушылар: Сағызбай Серік, Кеңес Сайфолла, Шамғон Сәбит
1-жүргізуші:Азамат
Күндік кешпей, мұз кешпей,
Ат артында міңгеспей,
Мұңдық болып мұңаймай.
Тәкапәр нағыз құдайдай
Қасқайып қарап тұратын
Ағасы өлсе іні боп,
Жауына қарсы шығатын,
Арыстандай алысып,
Жолбарыстай жұлысқан
Қыздары көп қазақтың – демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанова өмір жолымен танысып өтейік.
Жұлдыз:
(Сабираның өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.
2-жүргізуші:Айзада
Желтоқсанның қазаққа
Ызғары көп тастаған
Намыстан өлген ұлтиымның
Қыздары көп, қарағым
Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.
Жазира:
(Лаззаттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.
1-жүргізуші:Азамат
Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті.
Тәртіп қорғау санаға екті нені,
Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?
Азаматты сойылмен қанға бояп,
Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі-дей келе қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік.
Сағындық:
(Ерболдың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас иеміз.
2-жүргізуші:Айзада
Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағ,ыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.
Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.
Гүлназ:
(Қайраттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.
1-жүргізуші: Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы».
2-жүргізуші: Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай өатыгещдікті көрген оларға араша түсем деп жұргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
Миллиционер: – Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
Савицкийді өлтірген сен бе ?
Қайрат: – Жоқ, мен емес!
Миллиционер: – Сен өлтірген мойныңа ал! Алып кетіңдер! Бәрібір
құтылмайсың бұзақы
(Қайратты алып кетеді)
1-жүргізуші: Би: «Жұмыр қылыш». Орындайтын: Тілеш Зоя, Байғали Дана
2-жүргізуші: Қайрат ақынның түрмеде жазған өлеңдерінен үзінді.
(жай музыка жүріп тұрады.)
Жарасқан: «Түрме жыры»
Тор темір жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,
Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін,
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік,
Күніне ұстатады үш тілім нан
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп
1-жүргізуші:
Көрініс: «Қайратты тергеу сәті».
2-жүргізуші: Тұрыңдар! Сот келеді.
Тергеуші: Сот процесін бастаймыз!
1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат
Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?
1-куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында
таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!
Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың
Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа?
2-куәгер: Рас – рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің
қолымда түсірген бейнетаспа бар.
Тергеуші: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.
Қайрат: Мен ұлтшыл да кінәлі де емеспін.
Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп
табамын.
Қайрат: Хақ. о халқым!
Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына
кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім
бар.
(Қайғырған музыка журіп түрады)
Ақтық сөзі:
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер ай, айтып айтпай не керек
Жазған екен маңдайыма сорыма,
Біріншіден мен анамды сағындым,
Екіншіден бұл құдвайға не қылдым
Бостандықта еркін жүрген жан едім
Енді міне абақтыға жабылдым,
Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,
Кесір болды ай біз секілді масылдар.
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың.
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға құлыным.
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер.
Сүмірейіп сот алдында отырған,
Бауырыңды енді кімдер ескерер.
Өздеріңе аман – саулық тілеймін,
Өздеріңмен бірге болсын тілегім
Өздеріңе тіл қата алмай достарым,
Қайғы мұңлы өмірімді бастады.
Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген хош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Тергеуші: Сот процесі аяқталды.
1-жүргізуші: Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.
2-жүргізуші: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.
1-жүргізуші:Қазақ биі «Адай» Орындайтындар: Тілеш Зоя, Байғали Дана
2-жүргізуші:Хор: «Атамекен»
1-жүргізуші: ОсыменТәуелсіздік мерекесіне арналған «Ар намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!» – атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!
