«Табиғат құбылыстары» тақырыбына қорытынды-қай талау ашық сабағы

Ақтөбе қаласы

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы

Биология-химия пәні мұғалімі: Танжарова Жайсұлу Итемгенқызы

5 сынып

«Табиғат құбылыстары» тақырыбына қорытынды-қайталау ашық сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Табиғат құбылыстары» тарауын қайталау, жинақтап қорытындылау.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, ойлау қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелілік: табиғатты сүюге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі: сайыс .

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу. Класты топқа бөлу.

ІІ.Табиғат құбылыстарына ассоциация құру ( активстудио программасы арқылы орындалады).

ІІІ. Почта ойыны (активстудио программасы арқылы орындалады).

Әр топ өзіне белгіленген почта жәшіктеріне тиісті хаттарды салуы керек. Дұрыс жауапқа жетон беріледі.

«Жылу» почтасы: судың булануы; сүттің іруі; желдің гуілі.

«Жарық» почтасы: қара түс жарықты шағылыстырады; жарықтың түсі күрделі;

табиғи жарық көзі- электр шамы.

«Дыбыс» почтасы: тұқымның өнуі; темірдің тот басуы; құстардың сайрауы.

«Электро-магнит» почтасы: желдің гуілі; найзағай; сүттің іруі.

«Метеорология» почтасы: сағаттың соғуы; желдің соғуы; судың қатуы.

«Химия» почтасы: жанармайдың жануы; тұқымның өнуі; құстардың сайрауы.

IV. Сандар сөйлейді. (активстудио программасы арқылы орындалады).

Сүйекше ( активстудио программасы арқылы сүйекше-костик таңдалады) лақтыру арқылы жасырылған сан таңдалады да сол санның нені анықтайтындығы айтылуы керек. Дұрыс жауапқа жетон беріледі.Тапсырма әр топтағы екі оқушыға беріледі.

Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс инфрадыбыс деп аталады.

Жиілігі 20 кГц-тен жоғары дыбыс ультрадыбыс деп аталады.

Жарықтың таралу жылдамдығы секундына 300 000 м\с.

Алғашқы дыбыс пен шағылған дыбыстың ара қашықтығы 0,1 секундтан кем болмағанда жаңғырық болып естіледі.

Су 1000 С –та қайнайды.

Атмосфералық қысым 760 мм сынап бағанасына тең.

V. Кім тапқыр? (активстудио программасы арқылы орындалады).

Терминдердің ғылыми анықтамаларын айту. Кім бірінші қол көтереді, сол оқушыдан сұралады.

Термометр-жылуды өлшейтін құрал

Герц- дыбыстың жиілігінің өлшем бірлігі. Яғни 1 секундта қанша рет тербелетінін білдіреді.

Децибел– дыбыстың қаттылығының өлшем бірлігі.

Барометр-қысымды өлшейтін құрал.

Паскаль-қысымның өлшем бірлігі. Француз ғалымы Блез Паскаль тәжірибе жүзінде

(1663-1662) атмосфералық қысымның бар екенін дәлелдеген.

Дисперсия– жарықтың үш жақты призмадан өткенде жеті түске жіктелуі.

VI. Құпия ұяшықтар .

4 категорияда 4 сұрақтан 16 ұяшық беріледі. Әр ұяшықта бір сұрақ бар. Оқушы таңдаған ұяшықты ашып жауап бере алады.

«Жарық құбылысы» категориясы:

1.Алау, шам, электр лампасының жарығы- жасанды жарық.

2. Күннің, кейбір жануарлардың жарық шығаруы- табиғи жарық.

3. Жарықтың түсінің күрделі екенін дәлелдеген ғалым– И.Ньютон.

4. Көлеңкенің пайда болу себебі- кейбір денелер сәулені өткізбейді.Сол кезде қарама-қарсы жағынан көлеңке пайда болады.

«Жылу құбылысы» категориясы:

  1. Судың сұйық күйден газ тәрізді күйге өтуі- булану.
  2. Судың газ тәрізді күйден сұйық күйге өтуі- конденсация.
  3. Су қандай темпертурада қатады? 00 С
  4. Ағаш жылуды қалайөткізеді? Нашар

«Дыбыс құбылысы» категориясы:

1.Құлағымызбен ести алатын дыбыстардың жиілігі –16 Гц пен 20 кГц аралығы.

2.Музыкалық дыбыс деген не?- Гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары.

3.Медицинада қолданылытын дыбыс- ультрадыбыс.

4.Домбыраның шанағы қандай қызмет атқарады? Резонатор-күшейткіш.

VII. Жұмбақ шешу.

Әр топқа бір жұмбақтан беріледі. Оқушыжұмбақтың шешуін үш тілде айтуы керек.

1. Көк жүзінде көп жолақ

Қойды екен оны кім бояп? ( кемпірқосақ-радуга- rainbow)

2. Ұйықтайды ұл түнде, күндіз қызы,

Жүргенде білінбейді басқан ізі. ( күн мен ай –солнце и луна- the Sun and Moon)

3. Түбі тесік шелектен

Су тамшылап тұрғандай.

Басталып еді ол еппен

Ақтарылды түк қалмай. ( жаңбыр- дождь- rain)

VIII. Кім жылдам?

Топ басшылары берілген 1 мин. ішінде жауап қайтарған жағдайда ғана есептеледі.

  1. Табиғатта болатын барлық процесстер?
  2. Тербелістің ауада таралуы.
  3. Спектр деген не?
  4. Электрлену құбылысын зерттеген ғалым?
  5. Балқу деген не?
  6. Жасанды магнитті қалай алады?

IX. Бағалау. Жетондар саналады.

Х. Қорытындылау.

12- наурыз 2012 жыл.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше