«БӘЙГЕ»

Армысыңдар, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер!
Қатысушыларды таныстыру.

Әділ қазыларды таныстыру.

I. «БӘЙГЕ»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз
дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.
Алты адам қатысады.
1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді.
3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.

1-сұрақ. Порграммамен басқарылатын аналитикалық мшинаның авторы? (Бэббидж)
2-сұрақ. Гректің ежелгі санау құралы? (абак)
3-сұрақ. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы. (модем)
4-сұрақ. Бірінші элетктронды компьютер (ЭНИАК)
5-сұрақ. Лейбництің механикалық санау машинасы? (Арифмометр)
6-сұрақ. Қағаздағы кескінді түсіріп алып, дисплей экранына шығаратын құрылғы?(Сканер)
7-сұрақ. Ақпараттың ең кіші бірлігі. (Бит)
8-сұрақ. Мәтіндік редакторы қайда қолданылады? (құжат құруда)
9-сұрақ. 1 килобайтта қанша байт бар? (1024 байт)
10-сұрақ. Паскаль программалау тілінің ең алғашқы теориясының авторы?. (Н.Вирт )

II. «ДОДА»

Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Алты адам қатысады. Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Екінші турда мектеп бағдарламасына сай 6 тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады. Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады, сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына он балдан қосылып отырады.
3. Жауап ауызша беріледі.
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады.

ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1. Алғашқы арифмометр қай жылы құрылды?(1673ж)
2. Логарифм сызғышын ойлап тапқан? (Дж.Непер)
3. Джон фон Нейман цифрлық есептеуіш машинасын қай жылы ойлап тапты? (1945ж)

4. Санау –перфорациялық машинасын жарыққа шығарушы? (Холлерит)
5. ЭЕМ-нің II буынының элементтік базасы? (Транзистор)

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕ
1. Экраннан көздің ара қашықтығы қанша болу керек? (60-70см)
2. ДК –де жұмыс жасау кезінде қойылатын талаптар? ( )
3. ДК-дің жанына артық заттар қоюға болама? (жоқ)
4. ДК-де жұмысты аяқтау кезінде қойылатын талаптар? ( )
5. Алғашқы медициналық көмекті қай кезде көрсетеміз?(күйгенде, электр тогымен зақымданғанда)

АҚПАРАТ
1. 1 килобайтта қанша байт бар? (1024 байт )
2. 1байтта қанша бит бар? (8 бит )
3. 1 мегабайтта қанша килобайт бар? (1024 килобайт )
4. Ақпараттың өлшем бірлігі? (байт, бит)
5. Ақпарат сөзінде қанша бит бар?(56 )

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР
1. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (монитор).
2. Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы? (пернетақта).
3. Мәліметтерді тасмалдау құралдарының бірі – (диск).
4. Компьютердің ең негізгі құрылғысы – ( жүйелік блок)
5. Графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы – (тышқан).

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
1. Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті? (Билл Гейтс)
2. Windows – тың объектілеріне нелер жатады? (Файл, терезе, таңбаша, белгіше, маус нұсқағышы )
3.Терезе дегеніміз не? ( Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ )
4. Операциялық жүйе дегеніміз не? ( компьютерді іске қосқанда жүктелетін программа )
5. Мәтіндік редакторда мәтін енгізу үшін ең көп қолданылатын құрылңы не?(пернетақта)

ИНТЕРНЕТ
1. Бүкіл әлемдік компьютерлер арасындағы байланыс (интернет)
2. Компьютерлерді бір желіге қосу схемасы қалай аталады? (желілер топологиясы) 3.Телефондық жүйе арқылы информация алмасуды қай қүрылғы орындайды (Модем)
4. Желілер топологиясы нешеге бөлінеді? (3 )
5. Модем дегеніміз не? (байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасындағы ақпарат алмасу жабдығы.)

III. «ЖОРҒА»
1. Турға үш адам қатысады. Екінші турда жиналған ұпай есептелмейді.
2. Қатысушыларға математика, физика, тарих, қазақ тілі пәндерінен тақырып берілген. Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырылулы. Оған сәйкес 10;20;30;40 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 4, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қол көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
9. Турдың (ойынның) жеңімпазы болып үшінші турда барынша мол ұпай жинаған ойыншы танылады.
10. Ұпай саны тепе-тең түсетін болса төртінші тур (овертайм) өткізіледі.

ІҮ. «ШЕШЕНДІК ӨНЕР»
Оқушыларға екі тақырып беріледі. Әр оқушы сол бойынша өз тұжырымдамасын айтып қорғайды.
1. Компьютердің зияны
2. Компьютердің пайдасы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше