Тіл мерекесіне орай өткізілген «Сазыңнан айнала йын, қазақ әні!» және «Күй ойнайды қанымда» атты ән-күй байқауы

Қазмағанбетова Ардақ Маратқызы

43 негізгі мектебінің жоғары санатты

музыка пәні мұғалімі

Тіл мерекесіне орай өткізілген «Сазыңнан айналайын, қазақ әні!» және «Күй ойнайды қанымда» атты ән-күй байқауы

Жүргізуші:

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата-жолы салтым бар.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар!

Қайырлы кеш құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

Баршаңызға бүгінгі тіл мерекесіне орай өткізіліп отырған «Сазыңнан айналайын, қазақ әні!» және «Күй ойнайды қанымда» атты ән-күй байқауынақош келдіңіздер дейміз.

Біздің мектебімізде тіл мәртебесін көтеру мақсатында апталық жүргізіліп, түрлі шаралар өтіліп, міне соның бүгін соның куәсі болып отырсыздар.

Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Адамды мұратына жеткізетін де ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз-ана тіліміз.

Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да осы ана тілі емес пе?

Ана тілінің көсегесін көгертіп, мәртебесін өсіру әрқайсысымыздың қасиетті борышымыз.

Ана тілім қымбат қой алтыныңнан,

Не пайда алтыныңның жарқылынан.

Өз тілі мен дінін қастерлеген,

Бабалар айналдым мен салтыңыздан

Тілім, дінім самғасын шарықтасын,

Самғаудан еш уақыт жалықпасын.

Өз алдына өмірден теңдік алған,

Ана тілім көгімде қалықтасын.

Тілім менің өмірдегі тілегім,

Тілімменен тарихымды білемін.

Сан ғасырлар қалыптасқан тілімді,

Қадірлеп те, қастерлеп те жүремін.

Қазақ тілім- сөз байлығың молынан,

Тусын мәңгі ай мен күнің оңыңнан.

Өз тілім деп тебіренген ерлердің,

Ерейікші бүгінгі күн соңынан.

Осы тіл мәртебесін көтеру бағытындағы игі шараларға біздің оқушыларымыз, ата-аналарымыз да, ұстаздарымыз да өз үлестерін қосуда.Соның айғағы бүгін ата-аналар арасындағы ән байқауы, оқушыларымыздың арасындағы күйшілер байқауы, айтыс өнері және драмалық көріністен үзінді тамашалап, оқушыларымызды өнердің сан қырынан көре аласыздар.Ендеше байқауымызға кезек беріп, қошеметтеп, қолдап отырайық.

Қазағым тіліңменен жана берші,

Әуендетіп әніме сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі,

Көкейімде жатталып қала берші.

Ән

Бір ауыз ән!

Ғажап-ақ қой кеңдігің,

Айтар елдің, артықшылық, кемдігін.

Бір ауыз ән!

Кең даланы кернедің,

Кереметтен көп ән болып сен бүгін

Ән

Секілді қазақ әні жадымдасың,

Іздесем өмір бақи табылмасым.

Көрермен тыңда енді мына әнді,

Әсем ән көңіліңді жадыратсын

Ән

Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз біз,

Арғы атамыз түрік, қазақ алашпыз біз.

Өнерін, салт дәстүрін дәріптеген,

Қасиетті, өнерлі қазақпыз біз.

Ән

Халық әні қазына,

Жаңғыра түсер сән құра.

Атаның асыл дәстүрі,

Алғызар қолға домбыра

Ән

Жайып салған жанымды жалбызым ең,

Шапағындай ақ таңның алқызыл өң.

Көңіліме шоқ тастап, бей уақытта,

Жалғағандай жүректегі әнді үзілген.

Ән

Ел көркейсе арта түсер ырысың,

Рухани байлығыңмен ірісің.

Өнерменен көтерілер рухың,

Ән-күйменен кеңейеді тынысың.

Ән

Ғасыр тойы, сүйінші елім, сүйінші,

Куәсі болып ұлы көштің жиылшы.

Бағыт алды болашаққа қазағым,

Шартараптан әсем ән-жыр құйылшы

Ән

Ата-аналарымыздың өнерін тамашаладық, енді оқушыларымызға кезек берейік.

Бабамыздың мұрасы-бұл домбыра,

Күмбірлетіп жырлайды таң қалдыра.

Неткен ғажап, десеңші күміс күйлер,

Тыңдағанда құлағыңды тұндыра

Қазанғап «Шыныаяқ»

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра

Құрманғазы «Адай»

Н.Тілендиев «Ата толғауы»

Қазанғап «Құс қайтару»

Желдібаев «Ерке сылқым»

Динаның күйі «Науаи»

Күй өнерін тамашаладық, енді кезекті көрініске берейік.

Атам қазақ отқа бармай-ақ, сотқа бармай-ақ тауып айтылған бір ауыз сөзге тоқтаған. Екі ауыз сөзбен елді бітістірген. Қазып айтқан Қазыбектің қазақ-ойрат бітімшілігінде айтқан сөзіне назар аударайық.

Көрініс «Қазыбек пен Қоңтажы»

Қазақ халқының өрісті бір саласы ақындық өнер десек, соның қызуы мол, қызығы көп жанры-ақындары айтысы.

Назар аударыңыздар, енді оқушыларымыздың айтыс өнерін тамашалайық

Айтысқа шығатын өнерлі ұлдарымызды қол соғып, қошеметтеп, қарсы алайық.

Асқақтаған, қарыштаған байтағы,

Бұл Отырар төрінде қазақ жайнады.

Рухы биік Отырардың мекенін,

Бүгінгі ұрпақ жатқа айтып сайрады

«Отырар» үзінді

Бар айтарым жастар халқын сүйсін деймін,

Ел үшін, еркіндік үшін күйсін деймін.

Бұрынғы өткен батыр, ер, бабалардай,

Жерін, халқын, елін қорғап жүрсін деймін.

«Қазақ жігіттері» әні

Құрметті барша қауым біздің бүгінгі үлкен кешіміз өз мәресіне жетуге жақын қалды.

Ендеше ортамызға сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын марапаттау үшін және апталықты қорытындылау үшін әділ қазылар алқасын сахна төріне шақырамыз.

Ана тілім-болашағым, ертеңім,

Ана тілі-жыр дастаным, ертегім.

Өз тілімді «Өз тілім» деп ардақтап,

Әрқашанда әнге қосып өтемін.

Тілім менің –қазынам, қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың, түгі жоқ, түбірі жоқ,

Бола көрме, Ана тіл, қасіретім.

Бүгін міне жерде емес, көктемін,

Өсе бергін, өсе бергін көктегін.

Әрқашанда биік болсын мәртебең,

Тілім менің көгере бер, көктегін!

Осымен әсем кешіміз аяқталды, келіп, тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!

Сау-саламатта болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше