Білімді ұрпақ-ел тірегі

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Білімді ұрпақ-ел тірегі

Мақсаты:1. Оқушылардың әртүрлі пәндерге байланысты білімдерін тексеру.

2.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды алғырлыққа,тапқырлыққа, шапшаңдыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

-Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар! Бүгінгі 4 сыныптар арасында «Білімді ұрпақ –ел тірегі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Уа, жараңдар, жараңдар!

Мына бізге қараңдар

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз.

«Білімді ұрпақ-ел тірегі» атты

Ойын- сайысты бастаймыз.

-Ендеше,сайыскерлеріміздің білімін бағалауға әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

1.

2.

3.

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Ғылымның сырын ұғына! –дей отырып,сәттілік тілейміз.

Сайысымыздың кезеңдері:

  1. « Кел, танысайық» (топтың атымен, ұранымен танысу)
  2. « Сен білесің бе?»
  3. « Білгенге маржан,білмеске арзан » (Әр топқа 10 сұрақтан)
  4. « Құпия хат» (шифрді шешу)
  5. « Бейне сұрақ»
  6. «Тапқыр болсаң тауып көр!»

1-кезең. « Кел, танысайық»

-Сөз кезегін топтарға берейік, өз топтарын таныстырып өтсін.

1-топ. «Зерек» тобы

2-топ. «Өнер» тобы

3-топ. «Батыр» тобы

2-кезең. «Сен білесің бе?»

Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,

Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.

«Сен білесің бе?» кезеңі тосады,

Тұрақты тіркес мағынасын ашады.

-Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу

1-топ

1.Тілдің ұшында тұр- (ұмыту,жеткізе алмау)

2.Қас пен көздің арасында-(лезде,тез,жылдам)

3.Апама жездем сай- (мінезі сай)

4.Екі құлағы екі езуіне жетті(қуану)

5.Төбе шашы тік тұру (қорқу)

2-топ

1.Аспан айналып жерге түсті (өте ыстық)

2.Ай десе аузы,күн десе көзі – (әдемі)

3.Араларына қылау түсу – (реніш)

4.Асық алшысынан түсті – (жолы болды)

5.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды – (кеш,жәй)

3-топ

1.Ит өлген жер (алыс)

2.Аузы мұрны қисаймай (ұялмай)

3.Жүрек жалғап алу – (дәм тату)

4.Бармағын шайнау- (өкіну)

5.Аузымен орақ ору (бос сөз)

3-кезең. «Білгенге маржан, білмеске арзан»

1-топқа:

  1. Дүниедегі ең терең көл қалай аталады? (Байкал)
  2. Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды)
  3. Етістік нені білдіреді? (қимылды)
  4. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал (түсбағар)
  5. Соңында досы үшін көзінен айырылған ертегі қалай аталады? (Екі дос)
  6. Мәтін дегеніміз не? (Мағына жағынан байланысқан екі немесе одан да көп сөйлем)
  7. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
  8. Топырақтың құнарлы болуы неге байланысты? (шіріндіге)
  9. Орнынан қозғалмай жүретін не? (сағат)
  10. Айналадағы дүние тұстары нешеу? (төртеу)

2-топқа:

  1. ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды? (1992жылы 4 маусымда)
  2. Күйді орындайтын адам (күйші)
  3. Сын есім нені білдіреді? (заттың түрін,сапасын,түсін)
  4. Әнұранның авторлары (Сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Әні: Ш.Қалдаяқов)
  5. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. (мм,см,дм,м,км)
  6. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата (б,в,г,д,ж,з,д)
  7. Ең үлкен төрт таңбалы сан (9999)
  8. Зат есім нені білдіреді? (заттың атын)
  9. Шахтада жұмыс істейтін адам (шахтер)
  10. Аңшы сауысқанды көздеп атып еді,қарға құлады .неге? ()

3-топқа:

  1. Кітаптың басында не тұр? (К)
  2. Уақыттың өлшем бірліктерін ата (сек,мин,сағ,тәул,апта,ай,жыл,ғасыр)
  3. Қатаң дауыссыздарды ата (к,қ,п,т,ш,с,х,һ т.б)
  4. Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? (шөптесін,бұталы,ағаш)
  5. Ең кіші үш таңбалы сан (100)
  6. Жылдан құр қалған жануар (түйе)
  7. Өсімдік мүшелерін ата (тамыр,сабақ, жапырақ,гүлі, тұқымы)
  8. 63 пен 36 санының қосындысы нешеге тең? (99)
  9. Сөйлем түрлерін ата (хабарлы,сұраулы,лепті)
  10. Адам денесінің негізгі тірегі (қаңқа)

4-кезең. «Құпия хат»

Жауабы:Терезеде отыз үш үтік тұрса,келуге болмайды деген белгі!

5-кезең. «Бейне сұрақ»

1. Асқарбек ағай. Теңіздің суы неге ащы болады?

2. Майра апай. Құрғақ су қайда болады?

3. Сайлаукүл апай. Бір үйдің 8 ұлы бар.Олардың әрбіреуінің 1 қарындасы

бар.Жанұяда неше бала бар?

6-кезең. «Тапқыр болсаң, тауып көр!»

Суреттің жартысын немесе кішкене бөлігін көрсету арқылы,суретте не жасырылғанын табу.

-Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз

Бір ата,бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз,-дей отырып, «Білімді ұрпақ-ел тірегі» атты интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз.

Қорыту. Марапаттау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше