Сүтқоректілер класын қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілер класын қайталау.
Мақсаты: Оқушылардың сүтқоректілер класы бойынша білімдерін
жинақтап, бір жүйеге келтіру.
Білімділік: шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру, оқушылардың ой
шапшаңдығын, тіл байлықтарын молайтып, шығармашылық
қабілетін дамыту
Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушылардың білімпаздығын, алғырлығын,
бақылағыштығын, дүниетанымын дамыту.
Әдісі: Сұрақ-жауап, эвристикалық қозғау салу
Түрі: аралас сабақ, ойын сабақ
Көрнекілігі: Сүтқоректілердің суреті, таратылатын дидактикалық
материалдар, плакаттар, қиылған суреттер, ребус.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
а/ амандасу б/ сыныпты түгендеу в/ зейіндерін сабаққа аудару
- Оқушылардың меңгерген білімдерін анықтау мақсатында «Не білесің?» деген сұрақ бойынша жауап алу.
- Класс неліктен сүтқоректілер деп аталған?
- Түкті жамылғы қандай қызмет атқарады?
- Мысықтың бассүйегінде жақсүйектерге орналасатын тістер қандай тоатарға бөлінеді?
- Күйіс қайыру қалай жүзеге асады?
- Сүтқоректілер қалай тыныс алады?
- Қағанақ деген не?
- Сүтқоректілерде зәр шығару қалай жүзеге асады?
- Сүтқоректілерде қандай сезім мүшелері дамыған?
- Іздеу ұйымы
Екі оқушыға жеке конверт беріледі. Конверт ішінде екі жануардың суреті бар. Осы жануардың мүшелерін дұрыс құрастырып, жануардың атын, құрылысын, маңызын айтады.
- Ойдағы жұмбақ ойыны
Кез-келген оқушы шығып бір сүтқоректіні ойлайды, оған басқа оқушылар сұрақ қою арқылы қандай сүтқоректі ойлағанын табады. Мысалы,
- Мен бір сүтқоректі ойладым.
- Қағанақсыздар отрядына жата ма?
- Жоқ
- Ұшады ма?
- Жоқ
- Ағаш сүрегімен қоректене ме?
- Жоқ
- Жыртқыш тісі бар ма?
- Жоқ
- Теңізде тіршілік ете ме?
- Жоқ
- Жұптұяқтылар отрядына жата ма?
- Жоқ
- Тақтұяқтылар отрядына жата ма?
- Жоқ
- Ағаш басында тіршілік ете ме?
- Жоқ
- Денесінде иіс шығаратын безі барма?
- Я
- Ол 6-14 бала туа ма?
- Я
Демек ол- бунақденеқоректі сүтқоректі
- Қатесін табыңыз
Қима қағазда берілген жануар түрінің жіктеуінің қате сызбанұсқасы берілген. Оқушылар 3 минут ішінде сызбанұсқаны дұрыс жазып шығуы керек.
Қате сызбанұсқа Сызбанұсқаның дұрысы
Дүниесі. Жануарлар
Тип. Қоянтәрізділер
Класс. Желілер
Отряд. Сүтқоректілер
Тұқымдас. Далалық шақылдақ
Түр. Шақылдақ
- «Кім жылдам?» ойыны.
Төрт оқушы шығып қима қағаздағы сөйлемдерді аяқтайды?
- Түрпі- тек ….. тіршілік етіп, ол ін ….., жауынан денесіндегі … …. арқылы қорғанады /құрлықта, қазбайды, ұзын сояутікенектер/
- Жамбасты құрайтын үш сүйек былай аталады: …., …., …….. ./сербек, қасаға, шонданай/
- Теғріде түтік тәрізді ….. ….. мен көпіршік тәрізді …….. ………… орналасады. /тер бездері, май бездері/
- Көгілдір киттің ….. жоқ, оның орына мүйізді ………. болады, оны кит …….. деп атайды./тісі,тақташалар, мұрты/
- Сөз салатынан сөйлем құрау
көзімен бұғана жануар
ағашта Приматтар
бірдей еткен
сүйегі Олардың Екі
көріп тіршілік болады
түсті қашықтықты және
ажырата алады
- Ребус шешу. Жауабы: «Ұлтабарұшы»
- Вен диаграмасы
Сүтқоректілер
Құстар
- Графикалық диктант жазу.
Мұнда оқушылар үш топқа бөлінеді.
1 топ «Ұшатын сүтқоректілер»
2 топ «Кеміргіш сүтқоректілер»
3 топ «Жыртқыш сүтқоректілер»
Бұл графикалық диктантта 12 сұрақ қойылады. Оқушылар дәптерлеріне 1 ден бастап 12 -ге дейін сандарды жазып, дайындалып отырады. Сұрақ оқылғанда әр топ өз бөліміне тиісті сұраққа жауап береді. Егер жауап дұрыс болса, сол сұрақ нөмірінің үстіне « » белгісін қояды, дұрыс емес болса « » белгісін қояды.
- Жарқанаттардың көзі нашар көреді
- Құндыз өте сезімтал, жылына бірнеше рет балалайды
- Бәрінде қағанақ болады
- Балаларын сүтпен асырайды
- Жыртқыш тісі болады
- Жылықанды жануар
- Аюдың қонжықтары әлсіз, соқыр болады
- Көжектер тек 10 күннен соң көзін ашады
- Ондатра- үлбірі өте бағалы
- Ұшпарух кеш түсісімен қорегін аулайды
- Шақылдақ ін қазбайды, құлағы қысқа
- Қасқырлар табиғи сұрыпталу жасайды
1 топ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
2 топ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
3 топ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
- Шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатында оқушылардың ой шапшаңдығын, тіл байлықтарын молайтып, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін әр түрлі сөзжұмбақтар таратылып беріледі.
- «Артық сурет»
- «Сүтқоректілердің ескерткіші»
- Басқатырғы – «Із кесу»
- «Белгісіз аң»
- Сабақты бекіту жұмбақ шешу арқылы жүргізіледі. Жұмбақты шешу үшін оқушыға мектеп оқулығының материалдарымен бірге қосымша әдебиеттерден ізденуге тура келеді.
- Төбесінде қу бұтақ
Алар екен кім бұтап /бұғы/
- Иір- иір денесі
Сахараның кемесі
Ащы шөптер тамағы
Шөлге шыдап бағады /түйе/
- Түрі жылқы бейнесі
Жолақ-жолақ жидесі /жираф/
- Қаймықпайды күшті аңнан
Қорқады тек тышқаннан /піл/
- Тұрқы, түрі
Жылқы тектес жалы бар
Шөп жеп түрлі
Түзде өскен жануар /құлан./
- Бағалау.
- Үйге тапсырма беру. Қайталау. Сүтқоректілер туралы мақал жазу.
