Су

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ САРЫБҰЛАҚ АУЫЛЫ
№78 ОРТА МЕКТЕП
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
ІЗТІЛЕУОВА ЛӘЗЗАТ ЕРМАҒАМБЕТҚЫЗЫ

Ашық сабақ

Тақырыбы:Су

Пәні: дүниетану

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Су

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға судың үш күйі жайлы түсінік беру. Табиғат

құбылыстары жөнінде мағлұматтар беру, түсіндіру.

2. Дамытушылық: өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық

белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға,

ізденуге үйрету

3. Тәрбиелік: қоршаған ортаны аялауға баулу. Сезімталдыққа,

адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, 5 жол өлең, топтастыру, баяндау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау. Психологиялық дайындық.

Табиғат – біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Ауа не үшін керек?

2. Ауа қалай ластанады?

3. Ауаның тазалығын сақтау не үшін керек?

( әр сұраққа жауап ауызша алынады ).

Қалалардың ,сулардың ластануын көрсету арқылы үй тапсырмасын бекіту.

III. Жаңа сабақ. Ой қозғау.

-Блалалар, жыл мезгілдеріндегі суға қатысты қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?

  • Көктемде қар ериді, су ағады, су тасиды.
  • Жазда күн ысиды, су жылиды.
  • Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады.
  • Қыста қар жауады.

Ойларын жинақтау.

Олай болса бүгін біз осы табиғаттағы судың үш күйімен танысамыз.

– Мен жазда далада тамақ істеген едім. Қазанға су құйып қойып өзім кітап оқып отырсам, қазаннан шыққан бу аспанға барып мынадай бұлтқа айналып жатқанын көрдім. Сонда менің ойыма жер бетінен ауа жоғары көтеріліп, салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды деген түсті. Мен сол бұлтты тамашалап отырғанымда, кішкене самал жел тұрып бұлтты алып кетті. Содан ол бұлт тасты жарып ағып жатқан бұлақты, оның жанында жайқалып өскен ағаштарды көріп риза болып, ары қарай жылжи береді. Ол бұлақ өздігінше ағып жатқан өзенге құйғанын, өзеннің жағасында елдімекен орналасып, мал жайылып жүргенін көріп, оған да риза болып ары қарай жылжи береді. Өзен көлге барып құйған екен. Бір кезде ауа райы салқындап, бұлт тоңа бастайды. Сол кезде төмен қараса, төменде буырқанып мұхит ағып жатыр екен. Бұлтты бір кезде қатты суық жел алып кетіп, одан сайын тоңдырды. Бұлт тоңғанынан жылап жіберді. Оның жасынан құралған ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауды. Бұл кезде жылдың қай мезгілі жерде басталды деп ойлайсыңдар? – Иә, күз басталған еді. Бұлттың тоңғаны соншама биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзді, олар жабысып қарға айналып, жерге қар болып жауа бастады. Жылдың қай мезгілі басталды? – Иә, қыс келген еді.

Ал жердегі су қатып, мұзға айналды. Балалар үшін сырғанақ, коньки тебу қызықты ойынға айналды. Сонымен, жерге түскен қар ағаш басында, шатырда ылғалданып, мұз бола бастады. Кішкене күн шыға қалса болды, ол мұз еріп су болып тама бастады. Көктем де келді. Күн жылынып, бұлтт та жадырап жылы желдің ығымен аспанда қалықтап жүрді. Өзендегі мұз еріп, жылғалардан су аға бастады. Күн қатты ысыған кезде балалар арнайы орындарда суға түсе бастады. Олардың шаттанып ойнағандарын бұлт аспанда қызыға тамашалады. Осылайша қайнаған судың буынан пайда болған бұлт, судың барлық күйіне куә болды. Біз бұлттың қаншама табиғат құбылыстарына кез болғанын байқадық. Сол бұлт аясында бір сергіп алайық.

Сергіту сәті.

Жаңбыр жауды – тырс²,

Боран соқты – гу²,

Жел тұрды – ыли²,

Найзағай ойнайды – тарс-тұрс.

Оқулықпен жұмыс. Балаларға мәтінді тізбектей оқыту.

– Бұлттың әр топқа жіберген хаты бар екен, соны оқиық. Хаттың ішінде сұрақтар бар, жауап беріп көрейік.

1.Табиғаттағы су қандай күйде кездеседі?

2. Су қандай жағдайда мұзға айналады?

3. Қыста неге қар, жазда неге жаңбыр жауады?

Дәптермен жұмыс. Сабақ тақырыбын жазу.

Шығармашылық жұмыстар.

1. Әр топ өздеріне берілген мақал-мәтелдің жалғасын тауып жазуы керек.

1-топ

Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер құрақсыз болмас.

2-топ

Су жүрген жер береке,

Ел жүрген жер мереке.

3-топ

Судың да сұрауы бар.

– Сендердің тапсырманы жақсы орындағандарыңа риза болған бұлт сендерді суға қатысты еркін ырғақ биі, суда жүзу, хоккей және серфинг т.б. спорттық ойындарға қатысып, олимпиада жеңімпаздары атанып, Қазақстанды бүкіл әлемге танытуларыңа тілектестігін білдіріп, желмен бірге ары қарай жылжып кетті. Бізге осындай тамаша сабақ өткізуге көмектескен бұлтқа біз не дейміз?

-Рахмет!

ІV. Сабақты қорыту.

– Сонымен біз судың қандай үш күйін білдік, олар:

– Төмендегі суретте судың қалай ластанғанын көріп отырмыз. Осы дұрыс па?

– Судың табиғатта және адам өмірінде қандай пайдасы бар?

– Су – тіршілік көзі. Сондықтан суды ластамай таза ұстауымыз керек. Ол жөнінде келесі сабақтарда толығырақ тоқталатын боламыз.

Ү. Үйге тапсырма.

Ал сендер қазір күнделіктеріңді ашып, үйге тапсырма жазып алыңдар. Мәтінді оқу. «Су – тіршілік көзі» эссе жазу.

ҮІ. Бағалау.

Әр топтағы балалардың еңбегін бағалау.

ҮІІ. Сабақты аяқтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше