Лицей оқушылары арасында «Спорт падишасы» жеңіл атлетика бойынша сайыстар өткізудің жоспары
«Бекітемін»
«Бейнеу лицейі» ММ директоры:
__________________Б.Оразалиев
Лицей оқушылары арасында «Спорт падишасы» жеңіл атлетика бойынша сайыстар өткізудің жоспары
Мақсаты: Оқушылырдың денсаулығын нығайту,салауатты өмір сүруді дәстүрге айналдыру, үздік аттлеттерді анықтау. Оқушылардың бос уақытта қозғалыс қабілетін дамыту және үйлестіру.
Өтілетін мерзімі: ____ қыркүйек 2012 жыл
Әділқазылар құрамы: Әжібаева Г
Мұрынбаев Қ
Малбасов М
Қатысатындар:5а,б 6а,б 7 а,б
Бағдарламада
- 100 м жүгіру ( ұлдар, қыздар)
- 1000 м жүгіру ( қыздар) 2000м жүгіру ( ұлдар)
- Бір орыннан ұзындыққа секіру
- 4*100 м эстафета ( команда бойынша)
- Кермеге тартылу ( ұлдар)
- Шалқадан жатып денені көтеру ( қыздар)
Қорытынды. Жарыс қорытындысында жүлделі орын алған командаларға ауыспалы кубок, мақтау қағазы, бағалы сыйлықтар тапсырылады.
Ұйымдастыру алқасы
«Бекітемін»
«Бейнеу лицейі» ММ директоры:
__________________Б.Оразалиев
______ _____________2012 ж
Бейнеу лицейі оқушыларының спорттық – көпшілік шаралары бойынша өткізілетін кіші футбол жарысының
Е Р Е Ж Е С І
Жарыстың мақсаты:
Мақсаты:оқушылар арасында жолдастық, достық қарым қатынасты нығайту, спорттық шеберлікті, икемдікті, бейімділікті, іскерлікті қалыптастыру . Сыныпаралық жарыс арқылы мектептің құрама командасын анықтау.
Өтілетін уақыты: ____ қазан 2012 жыл
Болатын жері: орталық стадион
Қатысатын командалар:8-9-10 сыныптар
Шарты: Олимпиадалық жүйе бойынша жүргізіледі.
Ескерту:Команданың құрамы 5 ойыншы. Әр бір команданың өз добы және бірыңғай спорттық киімдері болуы міндетті. Команданың сұраныс рұқсат қағазы, спорт киімдері болуы тиіс.
Қорытынды:Жарыс қорытындысында жүлделі орын алған командаларға ауыспалы кубок, «Ең үйымшыл сынып», « Ең үздік ойыншы», «Үздік команда», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» т.б мараппаттар атағын тапсыру.
Негізгі басшылық: Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері
Ұйымдастыру алқасы
«Бекітемін»
«Бейнеу лицейі» ММ директоры:
__________________Б.Оразалиев
______ _____________ 2012 ж
«Дұрыс шынығудың маңызы» ұранымен күзгі марафон өткізудің жоспары
Мақсаты: Оқушылар арасындағы өзара қырым қатынасты нығайту, салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Өтілетін уақыты: ____ қазан 2012 жыл
Болатын жері: орталық стадион
Қатысатын командалар:9-10-11 сыныптар бойынша барлық оқушылар .
Жарыс шарты: жарысқа қатысушылар 5000 м орталық стадион ішімен айнала жүгіреді.
Басшылық: дене тәрбиесі мұгалімдері
Жеңімпаздарды марапаттау: Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар жарыстың мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады
Ұйымдастыру алқасы
«Бекітемін»
«Бейнеу лицейі» ММ директоры:
__________________Б.Оразалиев
______ _____________ 2012 ж
«Денсаулық фестивалі – 2012» аясында өткізілетін мектепшілік оқушылар арасындағы тоғыз құмалақтан жарысының
ЕРЕЖЕСІ
- Мақсаты
- Ұлттық өнерді насихаттау
- Оқушылардың шеберлік деңгейін арттыру
- Аудандық жарысқа қатысуға команда іріктеу
- Жарыстың өтетін мерзімі мен орны.
- Жарыс 2012 жылы қыркүйектің 19-21 күндер аралығында cпортзалда өткізіледі. Жарыстың басталу уақыты 19.09.2012ж сағ. 09.00-де
- Жарыс өткізу тәртібі
- Жарыс Республикалық Тоғыз құмалақ Федерациясы бекіткен ережесіне сәйкес өткізіледі. Команда құрамы 6 (алты) адам, 3(үш) ұл, 3(үш) қыз
- Әр ойыншыға 30 жүріске 1 сағат уақыт беріледі
- Жас ерекшілігі шектелмейді.
- Әр команданың өзінің 2(екі) тоғыз құмалақ тақтасы болуға тиіс
- Жеңімпаздарды анықтау
- Ұпай саны
- Жекелей кездесу
- Құмалақ саны
- Коэффициент көрсеткіші бойынша анықталады
- Марапаттау
– Жеңімпаз командалар мектеп әкімшілігінің мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады
Ұйымдастыру алқасы
«Бекітемін»
«Бейнеу лицейі» ММ директоры:
__________________Б.Оразалиев
______ _____________ 2012 ж
«Денсаулық фестивалі – 2012» аясында өткізілетін мектепшілік оқушылар арасындағы шахматтан жарысының
ЕРЕЖЕСІ
І. Жарыстың мақсаты мен міндеті:
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру және оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру
- Мектеп оқушыларының достық ынтымақтастық байланыстарын арттыру.
- Оқушылардың дене тәрбиесімен, спорттпен тұрақты шұғылдануға тарту.
- Аудандық жарысқа іріктеу.
ІІ. Жарыс өткізуге басшылық ету:
Жарысты өткізу, ұйымдастыру дене тәрбиесі мұғалімдеріне және бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.
Төрешілер құрамы: бас төреші М.Малбасов, хатшы Г.Әжібаева
ІІІ. Жарысқа қатысушы оқушылар.
Жарысқа лицейдің оқушылары қатыса алады. Команда құрамы (1 ұл, ! қыз). Әр бір құрама команданың өзінің 1 шахмат тақтасы болуы тиіс.
ІҮ. Жарыстың болатын жері:
Ұйымдастырылып отырған жарыс 2012ж. 14қыркүйек күні өтеді, басталуы сағат 09.00. Жарысқа қатысу үшін сұраныс жарыс болатын күні берілу керек.
Ү. Жарысты өткізу тәртібі:
Жарыс шахмат ережесіне сай және төрешілер алқасы командаларды іріктеуді жеребе бойынша жүргізеді. Егер команданың саны көп болса екі топқа бөлінеді. айналмалы жүйесі бойынша өткізіледі.Әр топтан ең көп ұпай жинаған екі команда финалға шығады. Финалға шыққан командалар айналмалы жүйе бойынша өткізіледі.
ҮІ. Марапаттау. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз ойыншы бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Тоғызқұмалақтан
өтетін факультативтік сабақтар жоспары- 40 сағат
І – тоқсан – 10 сағат
1. Ойын тарихы, ережесі және мақсаты – 2 сағат
2. Ойын ерекшеліктері– 4 сағат
3. Ойынды жазып ойнау тәртібі – 4 сағат
ІІ – тоқсан – 7 сағат
1.Жүрістердің дәлдігін есептеу жолдары– 5 сағат
2. Жүрістердің санын есептеу жолдары-2 сағат
ІІІ – тоқсан – 10 сағат
1. Тактикалық тәсілдер:
а) комбинация құру тәсілдері – 2 сағат
б) байлау қою тәсілдері – 2 сағат
в) айырбасқа шақыру – 2 сағат
г) тұздық алу тәсілдері – 2 сағат
д) отауларға шабуыл жасау – 2 сағат
IV – тоқсан – 8 сағат
1. Ойын бастамалары – 2 сағат
2. Ойын ортасы – 2 сағат
3. Ойын аяғы – 2 сағат
4. Этюдтер шешу – 2 сағат
5. Топ аралық жарыс өткізу – 5 сағат
Үйірме жетекшісі: Г.Әжібаева
