Негізгі ұғымдар мен мәселелер
Түсінік хат
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында :
«Қазақстанның келешегі халықтың білімінде, біліктілігінде…» деп көрсетілген. Өйткені өркениетті елдерде адам факторы шешуші өндіргіш күшке айналады.Сондықтан Қазақстанның интеллектуалдық рухани әлеуметін
арттыру, елді алға жылжытудың маңызды фаторы болмақ.Жалпы білім
беретін мектептің жоғарғы сатысында бағдарлы оқытуды жаппай енгізуге жоспарлануда .Осыған байланысты оқушыларға мектеп қабырғаларында болашақ мамандық бағытын таңдау қажеттілігі туады, ал мұғалімдер бұл жағдайда жақсы бағдарлы біліммен қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған рөлі былайша көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарына көзделген деңгейден төмен емес білім,білік,дағды алуын қамтамасыз етуге ,жеке шығармашыл қабілеттірінің көрініп,дамуы үшін жағдай жасауға міндетті».
Бұл бағдарлама жаратылыстану – математикалық бағытта 11 сыныптар үшін жасалынған . Бағдарлама аптасына 1 сағат жалпы 34 сағаттқа негізделген.Бейімдік оқытудың мақсаты – химия пәні мазмұны ғылым жетістігіне сай болып, оны түсініп қолдануға және әріқарай дамытуға жағдай жасайтындай болуға және басқа ғылымджарды жай ғана меңгерту емес, жеке тұлғаны интеллектуалдық қорын ұлғайту.
- Химияның негізгі түсініктерін көбейту және тереңдету;
- Жаңа білім қалыптастыру;
- Оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда химиялық ұғымдарды көзқарасты тірек ретінде пайдалану;
- Тиімді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
- Пәнаралық байланысты кеңінен пайдалану;
- Заттарды дұрыс пайдалану жөніндегі білік пен дағдыны қалыптастыру;
- Алынған білімдері бойынша реферат,баяндама,ғылыми жұмыстар жасайды;
- Оқушыларды олимпиадаға дайындау;
Курс материалы химия ғылымының әдісі мен пәнінің бірлігіне қарай отырып,мектеп бағдарламасын күрделендіру мақсатында құрылған.Мектеп бағдарламасындағы кейбір тақырыптар кеңейіп,қажетті мағлуматтар толығымен берілген.
Курстың мақсаты
Оқушылардың пәнді меңгеруге деген белсенділігін , ғылымға қызығуын ояту. Өз ісіне жауапкершілігін арттыруды талап етеді. Сабақтарда теорияны өмірімен байланыстырудың маңызы үлкен. Сондықтан бұл курс бағдарламасында оқушылардың білімге жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу, өзіндік ой – пікір қалыптастыру, логикалық ой – өрісін дамыту.
Оқушыларды оқу тәрбие процесі арқылы оқушыларды терең білім берумен қатар танымдық және эксперименттік есептер шығаруға дағдыландыру.
Курстың міндеттері.
Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде , болашақта қолдана білуге , өз күшіне сене білуге т әрбиелеу. Әрбір сабақта оқушыларды тәрбиелей отырып оқытуды талап етеді. Мектеп оқушыларының барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, табуға үйренуі, оқу кәсіптік, тұрмыс мәселелерін кез келгшен жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болуы қажет. Кез келген материалды өмірмен байланыстыра оқыту, оны химиялық тәжірибе жүзінде көрсетіп, зерттеу жұмысын жүргізіп, көзін жеткізу теорияны түсінуге жол ашады.
«Химиялық талдау негіздері» қолданбалы курстың бағдарламасы мемлекеттік стандарттық бағдарлама негізінде, ҰБТ-ке дайындық ретінде жасалынған.
| № | Сабақ тақырыбы | Сағат
саны |
Негізгі ұғымдар мен мәселелер | Өтіліу мерзімі |
| 1 | Кіріспе | 1 | Таңдау сабағының жоспары,мақсаты.
Химиядан қауіпсіздік ережелері. |
|
| 2-3 | Атом құрлысы.Зат мөлшері. | 2 | Авагадро заңы.Моль. Молярлық масса ұғымдарын пайдаланып жүргізетін есептеулер. | |
| 4 | Тотығу дәреже | 1 | Электртерістілік. Валенттілік. | |
| 5-6 | Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс арқылы теңестіру. | 2 | Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Электрондық баланс әдісі.Иондық электрондық әдіс. |
|
| 7-8 | Термохимиялық теңдеулер. Химиялық реакцияның жылдамдығына есептер шығару. | 2 | Химиялық кенетика.Ле-
Шателье принцпі. |
|
| 9-10 | Химиялық тепе-теңдік есептер шығару. | 2 | Температураның, концентрацияның, қысымының әсері. | |
| 11 | Молярлық көлемге есептер шығару. | 1 | Газдардың молярлық көлемі. | |
| 12-13 | Молекулалық формула табуға есептер шығару. | 2 | Заттардың химиялық формулалары. | |
| 14-15 | Белгісіз заттың құрамына кіретін элементтердің массалық үлестері бойынша оның қарапайым формуласын табу. | 2 | Эмпирпкалық формуласын табу. | |
| 16-17 | Газ тәрізді заттың,буының тығыздығы бойынша оның формуласын табу. | 2 | Тығыздық бойынша белгісіз заттың құрлымдық формуласын табу. | |
| 18 | Бақылау жұмысы. | 1 | Тест жұмыстары. | |
| 19-20 | Қышқылдардың,негіздердің,
Тұздардың диссоцациясына жаттығулар шығару. |
2 | Электролиттер ерітінділері. | |
| 21 | Электролизпроцесіне есептер шығару. | 1 | Күшті және әлсіз электролиттер. | |
| 22-23 | Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер. | 2 | Химиялық реакциялар теңдеулерң бойынша есептеулер. |
| 24-25 | Газдар қоспаына есептер шығару | Газдар қоспасы | |
| 26 | Металдар қоспасына есептер шығару | 1 | Металдар қоспасы |
| 27 | Ерітіндегі еріген заттың массалық үлесі | 1 | Проценттік концентрация. |
| 28 | Ерітіндіні сұйылту және суалту. | 1 | Концентрациялары әр түрлі ерітінділерді араластыруға байланысты есептер. |
| 29-30 | Өнімдердің теориялық және практикалық шығымдарына есептер шығару. | 2 | Шығымға қатысты есептер |
| 31-32 | Реакцияны теңдеулеріне танымдық есептер шығару. | 2 | Логикалық есептер шығару. |
| 33 | Бақылау жұмысы. | 1 | Тест тапсырмалары. |
| 34 | Жинақтап қорыту. | 1 | Оқушыларда өтілген сабақтар бойынша жазбаша пікірлер алу. |
Түсінік хат
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында:«Қазақстанның келешегі халықтың білімінде,біліктілігінде…»деп көрсетілген.Өйткені өркениетті елдерде адам факторы шешуші өндіргіш күшке айналды.Сондықтан Қазақстандықтардың интеллктуалдық рухани әлеуметін арттыру,елді алға жылжытудың маңызды факторы болмақ.Бұл бағдарлама жаратылыстуану – математикалық бағыттағы 10 – сыныптарда химия пәнін оқытуға арналған.Бағдарлама бойынша 10 сыныпта жалпы анорганикалық химияны оқыту көзделген.
Бұл курстың негізгі мақсаты – химия пәнін оқытуда практикалық іс – әрекет арқылы жағымды мотивация қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,әр оқушыға жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік беру болып табылады.
– Химияның негізгі түсініктерін кеңейту және тереңдету; – Жаңа білім қалыптастыру;
– Оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда химиялық ұғымдарды көзқарастарды тірек ретінде пайдалану;
– Зертханалық,практикалық жұмыстардың барысында теориялы білімдерін кеңінен пайдалану;
– Пәнаралық байланысты кеңінен пайдалану;
– Химиялық элеметтердің адам денсаулығы үшін маңызын көрсету, олардың жетіспеуінен туындайтын аурудың алдын алу шараларын анықтау;
– Заттарды дұрыс пайдалану жөніндегі білік пен дағдыны қалыптастыру;
– Қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздері, коршаған ортаны ластайтын өнеркәсіп өнімдері жөніндегі тұсінік беріп,адамның өмір сүру кеңістігін ластаудан қорғау шараларының жолдарын көрсету;
– Алған білімдері бойынша реферат,баяндама,шағын ғылыми жұмыстар жасайды.
Бағдарлама бойынша оқушыларшың алдыңғы периодтық жүйе,химиялық
элменттер мен олардың қосылыстары,адам ағызасында кездесетін элементтердің маңызын көрсету.Микроэлеметтердің жетіспеушілігінен туындайтын аурулардың алдын алу.Химиялық заттектердің тағамды мөлшерін және химиялық табиғатыны биологиялық функциясын түсініп,оларды технологиялық өңдеу үрдісі кезінде сақтап қалу ,құндылығын жоғалтпау.
Химия пәні 10-сынып оқушылары үшін міндетті оқу пәні болып есептеледі және осы сыныпта оқытылатын басқа пәндермен,соның ішінде салауаттану,биология психология ғылымдармен байланыстыра отырып,салауатты өмір салтына тәрбиелеу,химия сабақтарында берілетін мәліметтерді адам денсаулығы үшін маңызын көрсету, оқушылардың ойлауын,есте сақтауын,зерттеу қабілетін дамыту жүктеледі.
Оқулықта берілген материалдырының күрделі жұмыстарға,әсіресе зерттеу жұмыстарына дейін өсіп отыруы тиіс.Ел Президенті Н.Назарбаевтің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан азаматтарының денсаулығы,білімі мен әл-ауқаты» тармағында азаматтарымыздың өмірінің сау болу үшін олардысалауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігін көрсетілген.Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1678 (1997) «Салауатты өмір салтын өалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығы» туралы қаулысы елімізде салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі болып есептеледі.
Курстың мақсаты
Оқушылардың пәнді меңгеруге деген белсенділігін,ғылымға қызығуын ояту.Өз ісіне жауапкершілігін арттыруды талап етеді.Сабақтарда да теорияны өмірмен байланыстырудың маңызы үлкен. Сондықтан бұл курс бағдарламасында оқушыларды элеметтердің химиялық қасиеттерімен және олардың қосылыстарымен таныстыру ғана емес , сонымен қатар оқушыларға адам ағзасы химия элемент негізінен тұратынын дәлелдеу. Әр адам өз ағзасындағы болып жатқан көп үрдісті біле отырып,денсаулығын қорғауға маңызды мағлұматты мектеп қабырғасынан білу орынды. Жер бетінде тіршілік пайда бола бастап химиялық элеметтер сол тіршілік ағзаларына қызмет атқарып келеді.Сонысыменде бұл элеметтердің физикалық химиялық қасиетті толық зерттеліп, Д.И.Менделеев кестесінде тікелей орын алып, көлемін ұлғайтуда.
Курстың міндеттері
Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде, болашақта қолдана білуге, өз күшіне сене білуге тәрбиелеу. Әрбір сабақта оқушыларды тәрбиелей отырып оқытуды талап етеді. Мектеп оқушыларының барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, табуға үйренуі, оқу кәсіптік, тұрмыс мәселелерін кез келген жағдайда шешіп, іс әрекет жасай алатын болуы қажет. Кез келген материалды өмірмен байланыстыра оқыту, оны химиялық тәжірибе жүзінде көрсетіп, зерттеу жұмысын жүргізіп, көзін жеткізу теорияны түсінуге жол ашады.
| № | Сабақ тақырыбы | Сағат саны | Негізгі ұғымдар мен мәелелер | Өтілу мерзімі |
| 1 | Кіріспе | 1 | Таңдау сабағының жоспары, мақсаты.Химиядан қауіпсіздік ережелері | |
| 2 | Химиялық элеметтер,олардың периодтық жүйедегі орны | 1 | Химиялық элеметтердің адам организмдегі рөлі | |
| 3-4 | Биогенді элеметтердің биологиялық рөлі | 2 | Макроэлеметтер | |
| 5-6 | Ағзадағы химиялық элеметтердің биологиялық рөлі | 2 | Микроэлеметтер | |
| 7-8 | Сілтілік элеметтердің биологиялық рөлі | 2 | Натрий,литий,калий,рубидий цезидің адам ағзасында кездесуі. | |
| 9 | Сілтілік жер металдарының биологиялық рөлі | 1 | Берилий,магний,стронций,
Барий,радий,калций. |
|
| 10 | Калций тіршілік көзі | 1 | Калций жетіспеушілігінен туындайтыен аурулар.
Алдын алу шаралары. |
|
| 11 | Қосымша топша металдары | 1 | Хром,молибден,вольфрам,
Марганец,кобальт. |
|
| 12-13 | Темір тапшылығы анемиясы | 2 | Темір-биогенді элемент. Зертханалық жұмыс.қан құрамындағы темір жетіспеуінен болатын анемия науқасы,оның алдын алу шаралары | |
| 14 | Мыс,күміс,алтын элеметтерінің биологиялық рөлі | 1 | Макроэлеметтер медицинада қолданылуы. | |
| 15 | Мырыш,кадмий,сынап элеметтерінің биологиялық рөлі, | 1 | Ағзада кездесуі. Жетіспеушілігінен туындайтын аурулар.алдын алу шаралары. | |
| 16 | Алюминий,бор элеметтерінің биологиялық рөлі | 1 | Ағзада бордың артық болуы зиянды. | |
| 17-18 | Қөміртек топшасы элеметтерінің биологиялық рөлі | 2 | Көміртек,кремний,германий, қалайы,қорғасын.Тағам химиясы.Көмірсулар майлараөуыздардың химиялық құрамы және қасиеті,тағам дайындау кезінде өтетін өзгерістер. Жедел тамақтанудың зияны. |
| 19 | Сарамандық жұмыс | 1 | Газдалған сусндардың пайдасы мен зияны |
| 20-21 | Азот топшасы элеметтері | 2 | Азот,фосфор,мышьяк,сурьма,
Висмут ағзада кездесуі. |
| 22 | Дәрумендер | 1 | Өсімдік құраындағы С дәруменін анықтау. |
| 23 | Халькогенді топ элемнттерінін биологиялық рөлі | 1 | Оттек,күкірт,селен,теллур, полоний. |
| 24-25 | Су тіршілік тірегі | 2 | Қазақстандағы таза су мәселесі.Суды тазала әдістері |
| 26-27 | Галогендер топ элемнттерінің биологиялық рөлі | 2 | Фтор,йод,хлор,бром,астат.
Йод элеметінің жетіспеушілігінен туындайтын жемсаулық эндемиялық зоб ауруының алдын алу. |
| 28 | Сарамандық жұмыс | 1 | Тағам ретінде қолданылатын ас тұзының құрамындағы йодты анықтау. |
| 29 | Тағам және денсаулық | 1 | Тағам-энергия көзі ретінде.Тағам-құрылыс материалы. |
| 30-31 | Химия және медйцйна | 2 | Бейорганикалық заттар медицинада. |
| 32-33 | Есептер шығару | 2 | Фармацевтикаға байланысты есептер. |
| 34 | Жинақтап қорту | 1 | Оқушылардың өтілген таңдау сабақтар туралы жазбаша пікір алу. |
