“Кк дыбысы мен әрпі.” (әліппе, 1-сынып)
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Шетпе селосы
Мекерия Атымов атындағы орта мектептің
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі Серікбаева Нұргүл Бостанғалиқызы
Сабақтың тақырыбы: “Кк дыбысы мен әрпі.” (әліппе, 1-сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: К дыбысының әріптік таңбалануын, жазылуын таныстыру, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету, сөздердегі к дыбысын даралау, дыбыстық, артикуляциялық ерекшелігін түсіндіру, сөзге дыбыстық, буындық талдау жасауға, дұрыс буынға бөлуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың мәтінді түсініп оқып, түсінігін айтып беруін қалыптастыру;
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, мазмұнды суреттер, сызбалар, үлестірмелі парақшалар, кесте, қима суреттер, компьютер, презентация, интербелсенді тақта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі: көрнекілік стратегиясы, сұрақ-жауап, диалог.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, ән-күй .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. Психологиялық дайындық.
“Жүректен жүрекке” ( Сәттіліктер тілеу, тілек айту)
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпқа шолу.
1-слайд.
1. Е дыбысы мен әрпі
2. “Емен” мәтінін оқу.
3. “Емен” сөзіне талдау жасату.(Е-мен, 4 әріп, 4 дыбыс,екі буын, 2 дауыссыз дыбыс, 2 дауысты дыбыс)
4. “Тез ойла, сөз ойла” ойыны. Шарты: Берілген әріптер бойынша сөз ойлау.
2-слайд
Жұмбақ шешу
1. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн)
2. Гүл ұшып гүлге қонады, Гүл-бақшам гүлге толады. (Көбелек)
3. Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (Кітап)
4. Өзі алып кемедей, Дауылдан ықпайды, Су шашып телегей, Мұхиттан шықпайды. (Кит)
-Міне, балалар, барлық сөздер қандай дыбыстан басталады?
-К дыбысынан басталады. Ендеше, бүгін біз К дыбысымен және әрпімен танысымыз.
2-слайд. Жаңа сабақ.
Қазанның жиырма тоғызы
Кк дыбысы мен әрпі
-Қане, айтып көрейік!
-К-к-к.
-Қандай дыбыс?
-Дауыссыз.
-Иә, балалар, қатаң дауыссыз дыбыс.
-Неге дауыссыз дыбыс?
-Иә, тілдің ортасы таңдайдың орта шеніне нық жабысып, бірден кілт ажырап кетуінен жасалатын дауыссыз дыбыс.
-Кеме, кит, көбелек суреттері арқылы өздеріне таныс емес к дыбысымен таныстыру. “Кеме” сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасау. К әрпінің белгілеуі, баспа, жазба түрімен таныстыру, дауыссыз дыбыс екендігін аңғарту.
К дыбысын хормен айтқызу
3-слайд. Оқулықпен жұмыс.
Бағандағы сөздерді оқыту, түсіндіру.
кеме терек мереке кебеже
кесе шелек береке текемет
4-слайд. Сөздік жұмыс
кеме- су көлігі
кесе, шелек–ыдыс түрлері
терек–жаңа өсіп келе жатқан жас ағаш
береке–мұнда”Береке болса, бірлік болады”
кебеже–тамақ сақтауға арналған сандық сияқты ағаш бұйым
текемет–бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз төсеніш.
4-слайд. “Кеме” мәтіні бойынша жұмыс. Мәтінді оқыту, мағынасына тоқталу.
1. Тізбектеп оқыту.
2. Хормен оқыту.
3. Жеке оқыту.
5-слайд. Сергіту сәті. “Көкек” әнін тыңдау.
6-слайд.
Кебеже, кесе, шелек сөздеріндегі к дыбысының орны, қанша буыннан тұратынын, нешінші буында кездесетінін айтқызу.
7-слайд. Дәптермен жұмыс.
1. К әрпінің жазба түрімен таныстыру.
2. К әрпінің жазылу әдісімен таныстыру.
Жазу дәптеріндегі К әрпінің жазба түрін жазып үйренеміз!
8-слайд. Сабақты қорыту, бекіту.
-Қай дыбыспен таныстық?
-Қандай дыбыс?
-Дыбыс деген не?(Дыбысты айтамыз, естиміз)
-Әріп деген не?(Әріпті жазамыз, көреміз)
9-слайд. Үйге тапсырма.
1. К дыбысына сөздер ойлап келу
2. “Кеме” мәтінін оқу
Мадақтау әдісі бойынша бағалау.
