Сәндік қолданбалы өнер.
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосының Ойыл қазақ орта мектебінің «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі: Исмагулова Гүлмира Сериковна. 5 класс
Сабақ тақырыбы:
Сәндік қолданбалы өнер.
Мақсаты: Мектеп оқушыларына сәндік өнер түрлерімен таныстыру, әр-түрлі материалдармен жұмыс жасаудағы біліктілігі мен дағдыларын,көркем талғамын дамыту және халық дәстүріне баулу.
Сабақ түрі: Интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақ әдісі Тақтаны пайдалану арқылы сабақ түсіндіру, суреттер салғызу.
Пәнаралық байланыс: Информатика , Бейнелеу өнері , Тарих.
Көрнекілігі: Тақта , суреттер.
Сабақ барысы:
«Адам -өз өмірінің суретшісі ,ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар,түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.» -деп Баубек Бұлқышев айтқандай сәндік қоланбалы өнер дегеніміз, ғасырлар бойы қазағымыздың өз өміріне енгізіп, ерекше орын беріп отырған өнер туындыларының бірі ,біз бүгін сабақта осы ұлы сөзге сүйене отырып, адам өз өмірін, қандай заттармен және қалай әшекейлеп отырды екен білеміз.
Сәндік қолданбалы өнер (декоративті) бұл өнер (латынша «dekorare»-әшекейлеу) өзіндік эстетикалық ерекшелігі бар, тұрмыста, еңбекте ұдайы қажеттілікке ие өнер. Сонымен қатар ол тұрғын үйлерді, архитектуралық құрылыс орындарын , алаңды , саябақты әшекейлеу үшін де қолданады. Әсіресе осы өнер түрі біздің елімізде өте ерте дамыған. Өздерің білетін әшекей бұйымдар (сырға, сақина , т .б.) ұлттық киімде, қару-жарақтар, ұлттық музыкалық аспаптар, киіз үйіміз, оның ішінде жиһаздар, ұлттық ыдыс-аяқтар –осының дәлелі «Қол өнер-молөнер»-деп халқымыз бекер айтпаған. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Осы саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар:
С. Қасиманов , Ө.Жәнібеков, Х. Арғынбаев, Д. Шоқпаров т. б кездеседі. Сәндік қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де, бейнелеу өнерінің маңызы зор .
Тақта беттеріндегі бейнеленген суреттерге зер салатын болсақ, бірінші біз қазақтың ең үлкен және бай туындысы болып есептлетін киіз үй сутетін көреміз, бұнда ішкі-сыртқы көріністері көрсетілген.
Келесі бетке келетін болсақ ата-бабаларымыз түрлі иінге келтіріп соққан әшекей бұйымдарды көреміз.
Ойланып отырған әже бейнесі, бұнда Лизогуб « Халық шебері» картинасында, қолынан өнер тамған әженің келесі туындыны жасар алдындағы ой үстінде отырғанын көрсетеді.
Ұлттық киім үлгілеріне қарасақ әдемі сәукеле киген қыз бейнесі, ер адам киім үлгісі тағыда басқа түрлерін көреміз.
Сәукеле қолөнердің ең әдемі туындысы, ерекше көңіл бөліп безендіріп жасаған.
Қолдан тоқылып, ойылып жасалған туындылар, киізден басылған текемет, «саяхаттау» деген гобелен, түкті кілемше, адамдар бейнеленген «екеу» гобелені көрсетілген.
Темірден жасалған құман мен шылапшын ,түрлі оюлармен салынған торсықтар, теріден жасалған торсықтар , төрт кесе мен ожауы бар ағаш қазан, сүйектен жасалған сандық және ағаштан жасалған кереует көрсетілген.
Түрлі сәндік қолданбалы өнер туындыларында кездесетін ою-өрнектер.
Тапсырмалар орындауға көшеміз , жұмбақтар шешу.4-түрлі түсте қағазға жазылған жұмбақтар тастаймын 1-оқушы шығарып біреуін таңдатамын, артындағы жұмбағын оқиды, класс болып шешуін табады.
1 Тұратұғын әр үйде,
Жайлы орын сәбиге.
Шаңғы табан үйшік ол,
Тербететін әрине.БЕСІК
2 Ұзын мойын,екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек,
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.ДОМБЫРА
3 Сүйегі оның тор шабақ,
Көшсек бұздың бошалап,
Сен де мұны білер ең,
Жайлауда егер болсаң-ақ. КИІЗ ҮЙ
4 Аттан биік, қойдан аласа. ЕР ТОҚЫМ
Жұмбақтарды шешіп жауаптарын суреттерден көреміз.
Тақта бетіне бір-бірлеп оқушы шығару арқылы, тақта бетінде беріліп тұрған әшекей заттар мен басқа да заттар суреттерін безендіріп оюлап салу керек.
Оқушылардың көздерін байлап суреттер салғызу.
Кезекпен оқушыларды шығару арқылы ойларына келген қолданбалы өнер туындыларының суреттерін түрлендіріп салғызу. Сабақты аяқтау, жақсы салып белсене қатысқан оқушыларды «өте жақсы» бағамен бағалау.
Үйге тапсырма:
Қазақ халқының өнері, сәндік қолданбалы өнерінің туындыларының түрлерін салып , оюлармен безендіріп келу.
