Африка.Географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.Зерттелу тарихы.

Сдыхова Үздік Өтепбергенқызы

География пәнінің мұғалімі

Ақкөл орта мектебі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селосы

Сабақтың тақырыбы: Африка.Географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.Зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: Африканың георафиялық орнына,зерттелу тарихына,

сипаттама бере отырып,жағалауындағы мұхиттар мен

теңіздердің материк табиғаты үшін маңызын түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру

шығармашылық қабілетін ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзілік және Африканың физикалық картасы,

қосымша мәлімет,сызба,электронды оқулық.

Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс,шығармашылық ізденіс

Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ әдебиеті,биология

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

1)Оқушылармен амандасып.Оларды түгендеу.

2)Топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Бәйге

1-топ сұрақтары Гелогтар

2-топ сұрақтары Гидрологтар

3-топ сұрақтары Зерттеушілер

ІІІ.Жаңа сабақ

Африка.Географиялық орны.Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.Зерттелу тарихы.

Жоспар

  1. Африканың географиялық орны.
  2. Африкаға ұласатын мұхиттар мен теңіздер.
  3. Африканы зерттеу тарихынан

А)финикиялықтар мен гректердің,арабтардың Африка туралы түсініктері.

Б)португалдықтардың ашқан жерлері Васко да Гама

В)ағылшын зерттеушісі Д.Левингстон

Г)орыс зерттеушілер В.В.Юнкер, Н.И.Вавилов

ІV.Мағынаны тану кезеңі

1-топ Геологтар

Африканың географиялық орны.

2-топ Гидрологтар

Африкаға ұласатын мұхиттармен теңіздер

3-топ Зерттеушілер

Африканы зерттеу тарихынан

V. Ой-толғаныс кезеңі.

І деңгейлік тапсырма

1-топ Геологтар

Электронды оқулықтан Африканың географиялық орны,материктің географиялық орнын сипаттайтын географиялық нысандарды дұрыс орналастыр.

2-топ Гидрологтар

Географиялық есеп шығару

Материктің шеткі нүкелердің,координаттарын табыңдар және градусын,километр есебімен,солтүстіктен оңтүстікке батыстан шығысқа дейінгі ара қашықтықты анықтаңдар.

3-топ Зерттеушілер

Африканың ең биік нүктесі,ең ұзын өзені,ең үлкен көлі,ең биік сарқырамасы.

VІ. Тапқырлық кезеңі

ІІ деңгейлік тапсырма

1-топ Геологтар

Суының молдығы және алабының көлемі жағынан ол Амазонка өзенінен кейінгі орынды алады.Өзен экваторда екі жерден кесіп өтеді және жыл бойы суы мол болады.Бұл өзен Атырау түзбейді,оның лайлы тұщы суы кең алапты тасқынмен Атлант мұхитына барып құяды.Бұл қай өзен?

2-топ Гидрологтар

Ол Оңтүстік Африканы батыстан шығысқа қарай кесіп өтіп,Замбези өзенін,Ньяса көлін сипаттап жазды.Ол 30 жыл Африкада тұрып,сонда қаза тапты.Ол қай саяхатшы?

3-топ Зерттеушілер

Орыс зерттеушілерінің арасында Василий Васильевич Юнкер ерекше орын алады.Ол ХІХ ғасыр аяғында Африкаға саяхат жасап,осы материк туралы көп мәлімет жинаған.Осы зерттеушінің Африкада жүрген маршрутын картаға сызып көрсету.

VІІ.Саяхатшылар ізімен

ІІІ деңгейлік тапсырма

1-топ Геологтар

Саяхатшылар ізімен Африканы алғашқы ашушылары болып Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы ежелгі теңізшілері саналады.Олар өзендерінің ашуларын б.з.д 600 жылдарда жасаған,бірақ ол туралы көп уақыт ұмытылып «тарихтың атасы» сол замандағы белгілі жерлерге географиялық суреттеу бергенде олардың жаңалықтарын шындыққа жанаспайды деп санаған.

2-топ Гидрологтар

Ең үлкен Африка көлі туралы былай деп жазылған,онда өте көп жануарлар бар және оларға су деп атаған,олар таңертең көлге түскенде су өз арнасына көп тасып шығып кетеді екен.Ал кешке олар шомылып болып,жағаға шыққандарында су қайта өз арнасына түседі.Бұл қай көл,қандай жануарлар (ақ) және бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?

3-топ Зерттеушілер

Біздің тұрақты үйіміздің шатыры аспан,ал уақытша тұрағымыз «фелидж» дейді туагерлер.Фелидж шатырын құруға 1-2 сағат кетеді,төбесін түйе,ешкі,қой терісімен жабады,астына сабан төсеніш төсейді.Күндіз Фелиджінің жан-жағы ашық болады.Шатырдың есік,терезесі жоқ.Қоршаған ортаның қандай ерекшелігіне байланысты салынған шатыр деп ойлайсыңдар?

VІІІ.Қорытындылау кезеңі

Жеңімпаз топты марапаттау.Мақтау қағазы,сыйлықтар үлестіріледі.

ІХ.Бағалау

Х.Үйге тапсырма $44. Материктің шеткі нүктелерін,ірі аралдар мен түбектерді,шығанақтар мен бұғаздарды кескін картаға белгілеңдер.

Сабақтың тақырыбы: Адам экологиясы.Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларды адамның тіршілік ортасымен денсаулығы арасындағы себеп-салдарлы байланысты ашуға итермелеу.

Дамытушылығы:Оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстарын жетілдіру,ой қорыту түрлі экологиялық мәселелерді шешу дағдыландыру.

Тәрбиелігі:Экологиялық тәрбие беру,еңбектенуге тәрбиелеу.Отанын,туған жерін сүюге баулу.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,іздену,зерттеу пікірсайыс.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,компьютер.

Сабақ түрі:Шығармашылық ізденіс сабақ.

Пәнаралық байланыс:Биология,экология.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру

а)Оқушылармен амандасу.

б)Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

Психологиялық дайындау:

Қолдарыңды партаға қойып,іштеріңнен келесі сөздерді қайталауларыңызды сұраймын.Мен өзіме және басқаларға сенемін.Менің өмірде болғандардың бәрі жақсылық,игілік әкелетінін түсінемін.Мен ештеңеге қобалжымаймын,көңілім тыныш,менің жаным бейбітшілікпен тыныштықта.Менің өзімнің жалғыз емес екенімді білемін.Мен мұғалімнің және сыныптастарымның сеніміне тұрарлық,лайықты болуым керек.Олай болса бір-біріңе лайық болыңдар.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау».

Тақырыбы: Табиғи қорлар және өндіріс.

1.Табиғат ресгурстары дегеніміз не?

2.Табиғат ресурстарын қандай топтарға жүктейміз?

Балалар мынандай ретпен үй тапсырмасын айтасыздар:

1.Табиғи қорлар.

2.Негізгі түрлері.

3.Негізгі кен орындары.

ІІІ.«Білгенге маржан».

1.Қоршаған орта дегеніміз не?

2.Қоршаған ортаны ластауға не әсер етеді?

ІV.Жаңа сабақ тақырыбы: Адам экологиясы.Адам тіршілігі үшін қолайлы және қолайсыз аудандар.

V.Тақырып бойынша оқушыларға өз бетімен дайындалуға тапсырма берілді.

-Өнеркәсіптер мен зауыттардың қалдықтары;

-Қаладан шыққан күл-қоқыс;

-Түтін мен химиялық қалдықтар;

-Автокөліктердің түтіні;

-Адамдардың жауапсыздығы;

VI.Картамен жұмыс.

І.Топ.

Кескін картаға адамның өмірі үшін экологиялық қолайлы аудандарды түсіру.

ІІ.Топ.

Қолайсыз аудандарды түсіру.

VII.Венн диаграмма.

Қолайлы аудандар Қолайсыз аудандар

VIII. «Ойбөліс»

Мұғалімнің сөзі.

Әлі талай заманымыз өзгерер,өткен қателіктер жөнделе берсін.Сыйласа берсек,өмір маржандай думан күй кешер.

Республикамыздың экологиялық жағдайы нашар,алайда жағдайы қиын деп,туған елді мекенді тастап қайсы бір ұлт өкілдері тәрізді біздің екінші отанымыз жоқ.Не көрсекте,өз жерімізді көреміз.

Ендеше ауыр экологиялық опатқа қарсы күресу-әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

ІХ.Қорытынды. «Өмір ағашын толтыру»

Х.Үйге тапсырма:

Адам экологиясы туралы реферат жазу.

Сабақтың нәтижесі:

  • Оқушылар жаңадан алған білімдерін субъективті білімдерімен байланыстырады.
  • Өз бетінше білім алуға талпынады.
  • Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдаланады.
  • Кәсіби мамандыққа баулиды.

Сабақтың тақырыбы: Африканың ішкі сулары

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Материктің ішкі суларының жер бедері мен климатқа

байланыстылығын олардың өзіндік ерекшеліктерін

қосымша ақпарат бойынша анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және дүниетанымдық

қабілеттерін өздігінен картамен жұмыс істеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды тапқырлыққа,белсенділікке,

табандылыққа,ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жарты шардың физикалық картасы,Африканың

климаттық белдеулер картасы.

Пәнаралық байланыс: Математика,биология,тарих

Түрі: Жаңа сабақты меңгеру.

Әдісі: Ұжыммен жұмыс,интербелсенді әдіс,

шығармашылық – ізденіс әдісі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

А) Топқа бөлу: І топ Геологтар,ІІ топ Гидрологтар, ІІІ топ Зерттеушілер

Ә) Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Климаттық белдеулер

Африка аумағында қандай климаттық белдеулер бар?
Климат белдеуі Ерекшеліктері

ІІІ.Жаңа сабақ:Африканың ішкі сулары.

Жоспары:

І топ Атлант мұхит алабы

ІІ топ Үнді мұхит алабы

ІІІ топ Көлдері,жер асты сулары

ІV.Оқушылардың ізденіс – шығармашылық жұмыстары

1)Ніл өзені, 2)Конго өзені, 3)Замбези өзені, 4)Виктория көлі, 5)Чад көлі, 6)Ньяса көлі, 7)Виктория сарқырамасы, 8)Танганьика көлі

V.Бағдарлы құзыреттілік тапсырмалар

1-тапсырма

І топ.Танганьика көлін сипаттап кестені толтыру

Көлдің аты Орналасқан жері Пайда болуы Ұзындығы Ені Ауданы Теңіз деңгейінен биіктігі Суы

ІІ топ пен ІІІ топтың тапсырмалары

Кесте толтыру.Ніл және Замбези өзендерін анықтау.

Өзендер Бастауы Қайда

құяды?

Салалары Қорек-тенуі Режимі Ұзын-

дығы

Су шығы

-ны

Ауданы

VІ.Географиялық есептер шығару

2-тапсырма

І топ. Ньяса көлінің ұзындығын тап.

ІІ топ. Замбези өзенінің ұзындығын тап.

ІІІ топ. Чад көлінің ұзындығын тап.

VІІ. Қорытынды тапсырмалар «Ой-толғаныс»

3 тапсырма

І топ. Электронды оқулықтан тапсырманы орындау.

Венн диаграммасы

ІІ топ. Виктория көлі мен Танганьика көлін салыстыр.

ІІІ топ. Ніл мен Конго өзенін салыстыр.

VІІІ.Үйге тапсырма: $48 оқу,мазмұндау.Кескін картаға

өзендер мен көлдерді түсіру.

ІХ.Бағалау. Критериялды бағалау.

Нәтиже: Ойлау мәдениетін қалыптастыру.Топта жұмыс

жүргізу арқылы бірін – бірі тыңдай білуге,ортақ

шешім қабылдауға қорытындылауға үйрету.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше