«Тәуелсіздік-ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқ ат».

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі

Пән мұғалімдері: Бекова Гүлдана Мақсотқызы

Кажкенова Жанна Кенжеғұлқызы

«Тәуелсіздік-ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат».

Мақсаты: Қазақ елінің өткені мен бүгінгі өмірі туралы сыр шерте отырып, қазіргі таңдағы

еліміздің даму тарихын саралай отырып, оқушыларды отаншылдыққа,

адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздік жолындағы «Желтоқсан

оқиғасы» туралы оқушылардың өзара пікір алмасуы.

Көрнекілігі: «Тәуелсіздік монументі», «Тәуелсіздік таңы» ескерткіштерінің фотосуреттері,

бейнетаспа, өлең жолдары, кесте.

Түрі: Пікір алмасу, дөңгелек үстел, сахналау элементі бар.

Әдісі: Іздену сипатты.

Өтілу барысы.

Әнұранға тік тұру.

Мұғалім: Бүгінгі тақырып Отан, ел мен жер, тәуелсіздік, ел тарихы, тағы да тәуелсіздік туралы болмақ. 16-желтоқсан, 1991-жыл… Бұл күні таң шапағы шаттана түрленіп, күн жылуын жер әлеміне молынан төкті. Жер-дүниенің алып бөлігін иеленіп жатқан қазақ елі, Қазақстан жері дәл осы күні өзінің еншісіне тиген зор бақытын иеленіп жатты. Ол-бабалар аңсап өткен, небір жақсылар мен жайсаңсаңдар арман еткен, билер мен көсемдер көрсем деген, шешендер мен даналар жетсем деген, хандар мен оғландар жеткізсем деген-тәуелсіздік еді. Яғни, қазақ елінің тәуелсіз мемлекет екендігін жаһанға жариялаған тарихи күн еді.

Мұғалім: -Қысқаша болса да тарихқа көз жүгіртейік. «Тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесіздер? (Оқушылар өз түсініктерін кезектесіп айтады).

Оқушы: «Тәуелсіздік» деген-тарихи ұғым. Ол-жеке адамның, не жеке қауымның, не жеке мемлекеттің тәуелсіздігі. Карл Маркстан сүйікті қыздары: «Сізді жабырқататын қандай іс?»- деп сұрапты. Ол сауалға «Біреуге тәуелді болу»,-деп жауап берген екен. Ата-бабаларымыз да жақын адамдарға бата бергенде: «Жаманға күнің түспесін», -дейтін. Ерлік пен бостандық жолындағы күрестің байырғы сақ, ғұн, оғыз, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан шерлі желтоқсанға дейінгі сан ғасырлық шежіресі бар.

Оқушы: Жанқиярлық табанды күрестің арасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік-берекесін сақтап қана қоймай, ХУ-ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрды.

Қазақ халқының тарихындағы тағдырлық мәселе Қазақ хандығының құрылуы болды. Бұл жолда Шу мен Қозыбасы өңірінде қазақ хандығының шаңырағын көтерген Жәнібек пен Керей, қазақ халқының эконмикасын көтеру мақсатында сыр бойындағы қалалар үшін күрескен Қасым мен Тәуекел, Жеті Жарғы заңдар жинағы арқылы Үш жүздің басын біріктірген Тәуке хъан, жоңғарларға қарсы белсене күрескен және олардың тарих сахнасынан кетуіне себепші болған Абылай хандар ғасырлар бойы көршілердің алапат шабуылдарына төтеп берген.

Оқушы: Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады, ұлан-байтақ өлкемізге жан-жақтан көз тігушілер көбейді, соның кесірінен жеріміз отаршылдықтың табанына түсті. Сөйтіп, ХУІІІ-ХІХ- ғасырларда қазақ халқы еркіндігі мен тәуелсіздігінен айырылды.

Оқушы: Патшалық Ресейдің отаршылдығы да басқа елдердің отаршылғынан кем түскен жоқ. Ұлан-ғайыр жеріміз Ресей империясының меншігіне айналды. Дініміз, тіліміз, мәдениетіміз мүшкіл халге ұшырады. Бостандық пен тәуелсіздікті аңсаған халқымыз өз арасынан оның туын көтеретін ерлерді тудырды, өмірге әкелді, яғни патша отаршылдығына қарсы күресіп өткен Сырым Датұлы, Махамбет, Исатай, Жанқожа батырлар, қазақ хандығын қайта құрып, соңғы ханы ретінде тарихта қалған, патша отаршылдығына қарсы күрескен Кенесары ханның ерліктері ұрпақтан ұрпаққа тарап, мәңгі сақталары анық.

Оқушы: Қазақ халқы басқа халықтармен бірігіп, патша үкіметінің саясатына қарсы күрес ашты, оның құлауына өз үлесін қосты. Бірақ 1917-жылы да бұл қиялды ақталмады. Коммунистік саясат уәдесінде тұрмады. Шын мәнісінде, Ресейдің ұлыдержавалық саясатын жалғастыра түсті. Соның нәтижесінде Қазақстан «Халықтар түрмесіне» айналды. Тоталитарлық саясат өз үстемдігін орнатты.

Кеңес Одағының құрамына кірген халықтардың арманы бостандық еді, ол қиял болып қала берді. Жалпы арғанда, ХХ-ғасыр қазақ халқына не берді? Бұл ғасыр біздің тарихымызға өз үлесін қосты. Оның бәрі-халқымыздың ерлік еңбегінің нәтижесі. Ол-біздің тарихымыз.

Мұғалім: 1986-жылдың 16-желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

Мұғалім: 1986-жылғы желтоқсан оқиғасы Республиканы толық қамтыған саяси-әлеуметтік көтеріліс болды. Желтоқсан жаңғырығы, Астана, Өскемен, Маңғыстау қалаларында жаласып жатты. Иә, сол бір қанды шеру оқиғасы қалай басталып еді?

Мұғалім: Монолог оқылады. /Желтоқсан оқиғасынан фрагмент көрсетіледі/.

Көрініс: «Қайраттың соңғы сөзі».

Мұғалім: Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986-жылдың желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Мұғалім: -Енді ойымызды өрбіте отырайық. Сұрақтар:

  1. Қазақ жастарын алаңға қандай күш айдап барды деп ойлайсыздар?

/Тарихшылар дәйегі бойынша -1986-жылғы 16-желтоқсанда өткенКОКП ОК нұсқауымен өткен Қазақстан КПОК пленум барысында Қазақстанды 40-жылдай басқарған Д.А.Қонаевтың орнына Колбиннің тағайындалуы жайлы мәселе қаралды. Пленум небәрі 18 минут жүріп, осы пленумда Д.Қонаев өзінің демалысқа кететіндігі жайлы хабардар болады./

  1. 1986-жылдың 17-18-желтоқсанында Брежнев алаңында не болды? /Саясаткерлер дәйегі- 1986-жылдың 17-18-желтоқсанындағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруі қанды оқиғаға айналды. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық су атқылаумен тоқталмай, адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған/.
  2. Оларды біреу ұйымдастырды ма, әлде өз еріктерімен алаңға барды ма?
  3. Қазақ жастары сол күндері қандай қиянат, қиындықтар көрді?/Дәрігерлер дәйегі- 17-18-желтоқсанда Алматыда дәрігерлік көмекке жалпы-286 адам, 213-ер, 73-әйел, 281-қазақ, 2-орыс, 1-шешен, 1-түрікмен, 1-армян, 86-жұмысшы, 79-студент, 21-қызметкер, 15-оқушы, 82-анықталмағандар болса; -Емханаға жатқызғандар: 83-адам, 73-ер, 11-әйел, 82-қазақ, 1-башқұрт. 22-жоғарғы оқу орнының студенттері, 12-техникум студенттері, 2-оқушы, 13-қызметкер, 70-жұмысшы, 1-қолхозшы, 1-жұмыссыз.

-Жарақат түрлері көбіне: миы шайқалған, қолдары немесе бармақтары сынған, бас сүйегі зақымданған, ішінен жарақаттанған, қатты ұрылған, қабығалары сынған, бел омыртқасына зақым келген, бүкіл денесі жарақаттанған, жағы сынған, бет-ауызы жарақаттанған, сынған, бет-ауызы жарақаттанған, терілері сыпырылған жарақат түрлерімен көмекке келгендігі анықталды. Бұл мағлұматтар сол кездегі денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы- М.Алиевтің 1986-жылғы 24-желтоқсанда берілген, есебінде көрсетілген фактілер.

5. Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды?/Куәгерлер дәйегі-

Жалпы шеруде 8500-адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін

болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол/.

Мұғалім: 1991-жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Халқымыз ғасырлар бойғы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізген тұста Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ жерінде өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлысты татулық пен бірлік идеясында ұстауда. Ол өзінің «Қазақстанның болашағы- қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде «Көпұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол- қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету» деп жазды. Мұның мәніне үңілсек, қоғамдағы әрбір азамат өз мемлекетіне, жеріне жауапкершілік сезіммен қарау керектігін көрсеткендей.

Мұғалім:- Енді басты бақытымыз Тәуелсіздік шежіресіне ой жүгіртейік. /Оқушылар кезекпен шежіреге тоқталу/.

Мұғалім: Кезекті қазақтың кешесі мен бүгініне берейік.

Диалог « Кеше мен Бүгін».

«-Уа, кімсің?

-Қазақпын.

-Қанша елсің?

-10 миллион. Аз-ақ тым.

-Ым, Ым. Қайдан келесің?

-Мәскеуден келемін. Съезге барып, делегат болдым, айтқанын істеймін деп қойдым.

-Өнімің қайда?

-Ресейге бергем.

-Өзің ше?

-Артылғанын алғам, «КСРО» деп бәрін ортаға салғам .

Бүгін:

-Уа, кімсің?

-Қазақ деген елмін, байтақпын, кеңмін.

-Қанша елсің?

-Ұзын саны-15 миллион. Ұлан-байтақ жерденмін, бұл күнге мың өліп, мың тіріліп келгенмін.

-Өнімің қайда?

-Өзімде. Қызығын көріп жүрмін, қалғанын шетелге долларға сатып жүрмін.

-Қандай елсің?

-Егеменді, бәрін де жеңгем енді.

-Тілің қандай?

-Қазақ тілі. Бесікте жатқанымда-ақ, берген білім.

-Жарайсың! Іргелі елден қалып қоймай, жан-жағыңа қарарсың».

Мұғалім: -Сонымен, тәуелсіздіктің таңы атты. Бұл біз тәуелсізел деп Отанының иелі болуын, ана тіліміздің киелі болуын, ата тарихымыздың жүйелі болуын айтамыз.

Мұғалім: Ендеше, тәуелсіздік деген-біздің басты ұранымыз, көгілдір туымыз, біздің болашақ бағымыз, атар нұрлы таңымыз! Жас ұрпақты Отанға деген берілгендік, патриотизм рухында тәрбиелеу әсәмәзде осы 20 жылғы жеңісіміздің орны ерекше. Сондықтан да қоғамның барлық саласындағы жеңістерімізді әрбір ұрпақ оқып-білуге тиісті.

Оқушыларға тапсырма: -Бүгін біз қандай елміз? Қазақстанның басқа елдерден ерекшеліктері, артықшылықтары бар ма?-деген сұрақтарға жауап бере отырып, «Мен елімнің болашағына, дамуына қандай үлес қосамын?» тақырыбында шағын әңгіме жазу.

Мұғалім:

« Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп еліімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңі!».

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше