Тарихи тұлға (сайыс)

Тарихи тұлға (сайыс)

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік: оқушылардың ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайын, жоңғар басқыншыларына қарсы күресі жөніндегі білімдерін қорытындылап-жинақтау.

ә) тәрбиелік: батыр бабаларымыздың тәуелсіздік үшін күресін бейнелеу арқылы, жас жеткіншіктерді, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

б) дамытушылық: оқушылардың ой -өрісін, тарихи ойлау,

сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: қорытындылап-жинақтау сабағы

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (8 сыныптар).

І.Кіріспе (сабақтың өтілу барысын, жарыстың шарттарын, тапсырмаларын түсіндіру).

Тақтаға ортақ бағалау парағы сызылады:

Топтар «Білімді оқушы» «Тарихи сипаттама» «Тарихқа саяхат» «Алғырлықты байқау» Қорытынды ұпайлар

І топ

ІІ топ

Ұпайлар саны

Бүгінгі сабағымыздың эпиграфын «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» деп бастағым келеді.

Қазақ елінің жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі жөнінде өткен сабақтарда да аз айтылған жоқ. Бүгінгі сабақты бастамас бұрын, сендерге, Аңырақай шайқасына байланысты, мынандай оқиға айтып бергім келеді.

Аңырақай шайқасында 98 жастағы қарт әкесі Байжан биден бата алып, үлкендерден қалыспай 12-16 жас аралығындағы ер балаларды жиып, 1000 баладан топ құрған 15 жасар Сартайдың ерлігі тарихта аңыз болып жыр-дастанға айналды.

Жоңғардың отты зеңбіректеріне қарсы найзағайдай жарқылдап жол салған 1000 баланың ерлігі, кеудесін оққа тосқан 12 мен 16 жас аралығындағы 500 жеткіншектің елі мен жері үшін мерт болғаны ұрпақтан-ұрпаққа жетті.

Сартай батырдың ерлігін дастан етіп жазған ақын Нұрмағамбет Қосжанұлы (1897-1937 ж.ж.) осы дастанды жазғаны үшін «халық жауы» атанып өмірмен қоштасты. Ақын осы дастан арқылы қазақ халқының отаншылдығын, батырлығы мен батылдығын шебер суреттеп берді.

Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Жоғарыда айтылған «Сартай батыр» туралы аңыз сендерге рух, жігер берсін!

ІІ. Сынып екі топқа бөлінеді. Жеңген топ мүшелері «Сартай батыр» атағына ие болады.

І «Білімді оқушы» сайысы (әр топқа 7 сұрақтың беріледі, дайындыққа 3 минут уақыт)

І топқа:

1. «Ақтабан шұбырынды» қай жылы басталды?

2. 1710 жылы болған ірі оқиға қандай және қай жерде болды?

3. 1716 ж. жоңғар шапқыншылығы басталғанда Сібір губернаторы князь М.Гагаринге кім елші жіберді?

4. 1724-1725 жж. жоңғарлар қай қалаларды басып алды?

5. Жоңғар қонтайшысы?

6. Аңырақай шайқасы қай жерде болды?

7. Жоңғар билеушілері бұл соғыста қандай мақсат көздеді?

ІІ топқа:

1. Жоңғар шапқыншылығы кезінде халық арасында қандай ән шықты?

2. Ордабасы тауының қасында жиналған үш жүздің өкілдері қазақ жасақтарының бас қолбасшысы ретінде кімді сайлады?

3. Ойраттар деген кімдер?

4. Қазақтар қай жылдары жоңғарлардан басып түсіп, оларды күйрете талқандап жеңіске жетті?

5. Қай өзеннің бойында 1726 ж. қазақтар жоңғарларға соққы берді?

6. Қазақтар жоңғарлармен күресті жүргізу үшін қандай мемлекетпен одақ құрғысы келді?

7. Алғашқы кездегі шайқастарда жоңғарлардың қазақтардан басым болуы неліктен деп ойлайсыңдар?

ІІ. «Тарихи сипаттама» сайысы (әр топқа шығармашылық тапсырма беріледі).

І топқа:

Ш.Уәлиханов «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын айта келіп, ХVІІІ ғасырдың алғашқы 25 жылы «Қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр уақыт болды. Жоңғарлар, Волга бойының қалмақтары тұс-тұстан қазақтардың ұлыстарын қырғынға ұшыратты, малдарын айдап әкетті. Қазақтарды бүкіл үйелмендерімен тұтқындап алды» – деп жазды. Осы айтылған сөздерден қандай қорытынды жасауға болады? Ойларыңды нақты мысалдар арқылы дәлелдеңдер.

ІІ топқа:

Өздеріңізді бір сәт 1729 жылы Балқаш көлінің маңында деп сезініңіздер. Қандай тарихи оқиғаның куәгері болар едіңіздер? Ол қандай оқиға, оның қандай маңызы болды?

ІІІ. «Тарихқа саяхат» сайысы (терезеден 10, 15, 20, 30-балдық сұрақтарды таңдап, жауап беру керек).

«Тарихи қайраткерлер» номинациясы:

10 ұпай – 1771-1781 жылдары Қазақ хандығын қай хан биледі? (Абылай)

15 ұпай – «Дарабоз», «Хан батыры» деп кімді атады?( Қабанбай)

20 ұпай – «Елім-Албан, жерім –Қарқара, жайлауым – Асы» деген сөзді қай батыр қалдырды? ( Райымбек)

30 ұпай – Ол қалмақтар мен башқұрттардың қазақ жерін мазалауын тоқтатуға тырысқан. ( Әбілқайыр хан)

«Шайқастар» номинациясы:

10 ұпай – 1718 жылы Қазақ жерінде қандай шайқастар болды?

15 ұпай – 1723 жылы қандай шайқас болды және қалай аталды?

20 ұпай – 1726 жылы Бұланты өзенінің жағасында шайқас болды, осы жер бұрын қалай аталды?

30 ұпай – 1730 жылы қандай шайқас болды, ол шайқастың тарихи маңызы неде?

«Тарих» номинациясы:

10 ұпай – Қазақ халқының Жоңғарларға қарсы азаттық күресіне байланысты есімдерді тап: Үгедей, Наурызбай, Ақсақ Темір, Абылай, Төле би, Жәнібек, Бөгенбай.

15 ұпай – 1723 жылы ұйымдастырылған Жоңғар шапқыншылығы неге қазақтарға ауыр тиді? ( Жоңғарлардың тұтқиылдан баса көктеп кіруі)

20 ұпай – Қай хан, қай жылы, бірінші болып Жоңғарларға қарсы күреске Ресейден көмек сұрады?( Тәуке хан)

30 ұпай – 1710 жылы Қарақұмда бүкіл қазақтың құрылтайы өтті. Құрылтайға қатысушылардың бір тобы Жоңғарларға бағынуды жөн көрді. Сол кезде ерлігімен әйгілі болған ру басы мұндай әрекеттің бәріне тыйым салды. Ол кім? (Бөгенбай)

«Алғырлықты байқау» номинациясы:

1. Қай жылы Әбілқайыр хан Ресейден көмек сұрады?

2. «Ақтабан шұбырынды» жылдары жөнінде қазақтың қай ғалымы жазды?

3. Тәуке хан қай жылы қайтыс болды?

4. 1723 жылы жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруіне қандай саяси оқиға түрткі болды?

5. Қай жылы Тәуке хан Ресейден соғыс көмегін сұрады?

6. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қаза болған, Алматыда жерленген батырлардың бірі?

7. «Ақтабан шұбырынды» жылдарын ата?

8. Қазақтың үш жүздің біріккен әскери күшін басқарған қолбасшы кім?

9. Жоңғарларға қарсы күресу үшін үш жүздің біріккен әскер жасақтарын құру туралы бірінші құрылтай қай жылы шақырылды?

10. Жоңғария мемлекеті қай жылы толығымен талқандалды?

ІІІ. Қорытындылау (әр топтың ұпайларын санап, жеңіп шыққан топты анықтау, жеңген топқа «Сартай батыр» атағын құрметпен беру).

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше